![](/uploads/shorttexts/author_image/2021-06-21-17-52-21.png)
ҰРПАҚ ДӘСТҮРІ
Күндер зулап жандардай жарыстағы,
Мазалап тіршіліктің таныс қамыЖаз шығып,
Жұрттың бәрі келіп жатты
Жүздесіп ағайынмен алыстағы.
Білгелі халін жақын-жұратының,
Бермеген баласына бұ да тыным.
«Әке, менің кетуім қалай болмақ
Адам жоқта орныма тұратұғын?»-
Деген сөзге бірақ тез тоқтады да,
Сүйіне көз тастады «сотқарына»,
Қыдырыстың қызығы естен шығып,
Алаңдап тұрған іске, көп қамына.
«Бәрібір ертсем маған жолға кімді,
Жасаймын өзім-дағы сол қамымды.
Балам-ау, білмей қалған екенмін-ау
Сенің де елге керек болғаныңды.
Жазың бітіп, жетсе де күз де келіп,
Қала ғой, бармай-ақ қой бізге еріп.
Жөнеле бер, құлыным, ертеңіне
Еңбек пен ерлік салған ізбен еріп.
Айналдым ақылынан, санасынан,
Адам боп ортақ іске жаны ашыған.
Әйтеуір бейбіт күннің қамы ғана
Айырсын әкелерді баласынан!»