11.01.2022
  278


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Тоқалды дейді жұрттар, тоқты жейді

Тоқалды дейді жұрттар, тоқты жейді.
Алсаң ал тоқалыңды бопты мейлі.
Екі жанды басқару оңай емес,
Екеуіне сыймай қап, боқты жейді.
Әйеліңе кім жетсін қыздай алған.
Мінезіңе, бәріне шыдай алған.
Тоқал деп, қолдағыңнан айырылма,
Аулақ қылсын, ондайды құдай әрман.
Жексұрын да боласың балдарыңа.
Деп жылайсың - мені Алла қарғадың ба? –
Екі қайық ұстаған суға кетер,
Түсінесің жағада қалғаныңда.





Пікір жазу