11.01.2022
155
Әніңе ғашық едім...
Талай мен сүрінгенмін,
Талайлар сүрінеді.
Інім-ау айтқан сөз не?
Бұл халқың түңіледі.
Шалқыған жыры ма еді?!
Бір айтқан, сыры ма еді,
Өзіңді көтерген жұрт,
Дәл бүгін түңіледі.
Әніңе ғашық едім,
Құрттың сен мінезіңмен.
Мен үшін асыл едің,
Тай болдың, жүген үзген.
Желіде сыбап жатыр,
Ел-жұртың күдер үзген.
Күй табақ естіп өлең,
Әніңе асық болдым.
Бұл әлі жанады деп,
Әніңе ғашық болдым.
Бұл ісің жарамады,
Дегендей асып- толдым.
Аттадың інішегім,
Сақына киесінен.
Ақын ең жұртты сыйлап,
Түсетін түйесінен.
Жөн сөздер айтылатын,
Орнымен, жүйесімен.
Тәрбиең жетпей жатыр,
Әкеңе,
Бала сыны.
Үлкенге зіркілдеген,
Қарашы, қара бұны.
Әкеңе сәлем айтшы,
Бал- бала,
Бала шыны,
Көзіндей сақтай алмай,
баласы алас ұрды.
Көктегі балаң түсті,
Қәрінің наласы ұрды,
Аяймын сені туған,
Жылаған анашыңды!