meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.01.2022
  195


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Өз келінің сорлатпасын...

Түсетінін білмей маған салмақтың.
Махаббат-ай,
Өз-өзімді алдаппын.
«Заманауи» әйелімді кезінде,
Қарт анама тәрбиелетіп алмаппын.
Жас болыппын,
Қазір жүрмін арманда.
Ұрсушы еді, анам үйге барғанда.
«Ақыл айтам, қазақшылық қайда деп,
Иілмейтін емен болып қалған ба?»
Түйсігіне ой жіберер сананың.
Тәрбиесі керек қызға, ананың.
Жан-жарыңның анасынан тәлім ал,
Өз келінің сорлатпасын қарағым.





Пікір жазу