11.01.2022
  3516


Автор: Жібек Ысқақова

Інжу тойларыңыз құтты болсын!

Отыз жылды еңсерген биыл міне,
Тойларыңыз бүгінгі құтты болсын.
Інжу тойы жалғасып қуанышқа,
Шаңыраққа шаттықты, бақыт толсын.

Отбасыңыз аман боп, ошақ қасы,
Жарқырасын айыңыз күніңізбен.
Жұптарыңыз жазылмай шаттаныңыз,
Қуанышты, шаттықты үніңізбен.

Көңілдегі күйлеріңіз жарқырасын,
Күндеріңіз шаттықты бөлеп нұрға.
Бақ-береке орнасын үйіңізге,
Жаныңызды тербелеп ән мен жырға.





Пікір жазу