10.01.2022
  1060


Автор: Жібек Ысқақова

Отау құрғанымызға 9 жыл (қыз)

Құтты болсын «тоғыз жыл» отауымыз,
Сүйген жарым, отағасы, ғашығым сен.
Бақытымсың, барымсың асыл жарым,
Отауымның жүрегі, жақұтым сен.

Тоғыз жылдық бұл отау жандансын тек,
Отағасы қасымда өзің болып.
Тоғыз жылдық бас қосу ұлассын тек,
Әрбір іске жанжарым көңлің толып.

Жаным саған рахметім, алғысым көп,
Бір болайық жанжарым өмірде тек.
Бақыттымын өзіңмен сүйіктім сол,
Жүрсең егер қасымда сен күлімдеп.





Пікір жазу