meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.01.2022
  869


Автор: Жібек Ысқақова

Отау құрғанымызға 8 жыл (қыз)

Махаббатымыз жанданып,
Бақшада құстар ән салып.
Сегіз жыл болды біздерге,
Қуаныш таңы қарсы алып.

Ақ отаудың басшысы өзің,
Махаббатпен тербелейтін.
Жүрегімнің иесі сен,
Жамандыққа жол бермейтін.

Сегіз жылдық мерекеміз,
Құтты болсын жанжарым сол.
Арта берсін берекеміз,
Таңдар атып шаттығы мол.





Пікір жазу