meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.01.2022
  1935


Автор: Жібек Ысқақова

Отау құрғанымызға 7 жыл (қыз)

Сүйген жарым, жанжарым,
Өзіңмен нұрлы таңдарым.
Отағасы үйімнің,
Балаларым жандарым.

Жеті жыл боп мінеки,
Біздер отау құрғалы.
Шаңырақтың шаттығы,
Таусылмасын думаны.

Құтты болсын жанжарым,
Жеті жылдық мереке.
Ынтымақ пен сыйластық,
Арта берсін береке .





Пікір жазу