10.01.2022
  1897


Автор: Жібек Ысқақова

Отау құрғанымызға 5 жыл (қыз)

Асыл жарым бізге бес жыл,
Құтты болсын сүйіктім сол.
Отауымыз мәңгі болып,
Күн көп болсын шаттығы мол.

Бала-шаға аман болып,
Отбасымыз тыныш болсын.
Сезіміміз мәңгі болып,
Сүйген жарым көңлің толсын.

Үйімізде шаттық орнар,
Өзің барда асыл жарым.
Қасымызда жүрші аман,
Қуанышта атып таңым.





Пікір жазу