10.01.2022
  885


Автор: Жібек Ысқақова

Отау құрғанымызға 3 жыл (қыз)

Отағасы құтты болсын,
Бүгін бізге үш жыл болды.
Жүрек үндеп отау құрдық,
Біз бағамдап оңды, солды.

Өзің барда жаным тыныш,
Бұл жүрегім сен деп соғар.
Бұл отаудың шаттығы сен,
Бұл көңілім бақыт табар.

Үш жылдық бұл мерекеміз,
Жанымызға нұр сыйласын.
Мәңгі болып отауымыз,
Қуанышты үн сыйласын.





Пікір жазу