10.01.2022
  929


Автор: Жібек Ысқақова

Құтты болсын 2 жылдық отауларың!

Отау құрған күндерің бұл,
Құтты болсын, екі жылдық.
Алла жар боп жалғансын тек,
Некелерің боп жүз жылдық.

Жазылмасын жұптарың бұл,
Тамыр жайып өркендеңдер.
Бұл өмірдің дауылына,
Қарсы тұрып, дес бермеңдер!

Жүздеріңнен күлкі кетпей,
Шад-шадыман күйге еніңдер.
Отауларың нұрға толып,
Жайқалыңдар, гүлденіңдер!





Пікір жазу