10.01.2022
  715


Автор: Жібек Ысқақова

Отау құрғанымызға 2 жыл (жігіт)

Асыл жарым құтты болсын,
Күніміз бұл отау құрған.
Бақытымыз ортаймасын,
Бастау алған ән мен жырдан.

Бізге биыл екі жыл боп,
Бас қосқалы асыл жарым.
Шаттығымыз арта берсін,
Тамыр жайып жасыл бағым.

Алғысым көп саған айтар,
Бұл жаныма бақ сыйладың.
Асыл жарым сен аңсарым,
Бар жақсыны сен жинадың.





Пікір жазу