10.01.2022
554
Тек бақытты болыңдар, жас жұбайлар!
Тек бақытты болыңдар, жас жұбайлар,
Жан бауырым, келінім қол ұстасқан.
Жаңа өмір әкелсін бақ-береке,
Күн күлімдеп шаттықта, ашық аспан.
Айдын көлде жүзіңдер қос аққудай,
Інім және келінім отау құрған.
Бақыттарың баянды болсын деймін,
Шашу шашып сендерге ән мен жырдан.
Жас отауды тербесін сәби үні,
Шаттандырып біздерді мақтан қылып.
Бар жақсылық жалғасын көңіл-күйді,
Шуақтана қарсы алып ақ таң күліп.
отау Шаңырақ үй үйлену отау құрғандарға тілек отау құрғанға тілек отбасыға тілек жас отау құрғандарға тілек жас жұбайларға тілек