10.01.2022
  2800


Автор: Жібек Ысқақова

Аға-жеңге отауың құтты болсын!

Аға-жеңге отауың құтты болсын,
Қол ұстасып өмірге қадам басқан.
Шын жүректен сендерге тілейтінім,
Шуақты күн, жайдарлы ашық аспан!

Жүздеріңнен қуаныш күйі кетпей,
Әр күндерің шаттыққа тола берсін.
Жұптарыңыз жазылмай сіздерде тек,
Бар қуаныш, сәтті күн бола берсін.

Сәби үні тербесін күйімізді,
Нұрландырып ақ отау үйімізді.
Аға-жеңге бақытты болыңыздар,
Жаратқаным арттырып сыйыңызды.





Пікір жазу