10.01.2022
374
Бақытты бол ақ гүлім барған жерде!
Бақытты бол ақ гүлім барған жерде,
Жаңа өмірің шаттыққа бөлеп сені.
Отауларың бақытқа тола берсін,
Жаңа өмір әуенімен тербеп сені.
Бар жақсыны тілеймін қызым саған,
Жас отауың сәбилерге тола берсін.
Алла өзі жар болып жас жұбайлар,
Бар жақсылық үйіңде бола берсін.
Қос аққудай тербеліп көк айдында,
Қанат қағып биікке самғаңдар тек.
Тілекшіміз жан қызым біз сендерге,
Жүретұғын алыстан тілек тілеп.
отау Шаңырақ үй үйлену отау құрғандарға тілек отау құрғанға тілек отбасыға тілек жас отау құрғандарға тілек жас жұбайларға тілек Жас отау