10.01.2022
3262
Ұлым менің, келінім, бақытты бол!
Ұлым менің келінім бақытты бол,
Алдан күтіп сендерді тек ашық жол.
Қуаныш пен шаттығын сыйлай берсін,
Жаңа өмір сендерге бақыты мол.
Отауларың құтты болсын ұлым-ау,
Жарқырасын айың менен күнің-ау.
Ақ келінім қадамың құтты болып,
Тамыр жайып өсе берсін гүлің-ау.
Қол ұстасып биіктен көрініңдер,
Отауларың шаттыққа толып ұлым.
Аспандарың ашық боп, күн күлімдеп,
Әуелетіп шырқалсын ән мен жырың.
отау Шаңырақ үй үйлену отау құрғандарға тілек отау құрғанға тілек отбасыға тілек жас отау құрғандарға тілек ұлыма тілек келінге тілек келініме тілек ұлға тілек