08.01.2022
  2416


Автор: Жібек Ысқақова

Зейнеткерлік күнімен, әкешім!

Зейнеткерлік жасына қадам бастың,
Асқар таудай әкешім, қамқорым сен.
Қуанамыз, шаттанып, бақ табамыз,
Ойнап-күліп әкешім өзің жүрсең.

Сезініңіз әр күнін зейнеткердің,
Қыдырып сіз әкешім туыстарды.
Пейнеттің сіз сезініп зейнетін бұл,
Күлімдеңіз әкешім тағы, тағы.

Арайлы боп атсыншы әрбір таңың,
Өмір сізге сыйлап тек көңіл нәрін.
Зейнеткерлік жасыңыз бақ сыйласын,
Қуанышын сездіріп өмір мәнін.





Пікір жазу