08.01.2022
6804
![](/uploads/shorttexts/author_image/me0qjr6ictu.jpg)
Зейнет жасыңыз құтты болсын!
Зейнеткерлік жасы бұл құтты болсын,
Бейнетіңіз ақталып есік ашқан.
Саулығыңыз әрқашан мықты болсын,
Шуағымен тербелеп ашық аспан.
«Жүзіңізде қайғы мұң болмасын» деп,
«Бар жақсылық тек сізде орнасын» деп.
Тілеймін мен өзіңізге шын жүректен,
«Сәттіліктер бір-бірін жалғасын» деп.
Немерелер қызығына тоймай сіз,
Зейнет жастың зейнетін көріңіз тек.
Шөберенің қолынан майын жалап,
Тола берсін шаттыққа төріңіз тек!