05.01.2022
  476


Автор: Әлібек Асқаров

БоЯМАСЫЗ БАЯНДАР

Өз басым жазған дүниенің шынайы, сенімді шығуы үшін әйтеуір бір кейіпкерді, не-


месе өмірде болған бір оқиғаны өзек етіп аламын да, қалған ой мен қиялдың бәрін соның төңірегіне шоғырлауға тырысам. Әйтпесе бармағыңды со- рып, бақайыңа қарап, оқиға мен кейіпкерді ойдан қиыстыра бергеннен ұзаққа шаппайсың, түбінде өтірігің ашылып қалады. Шын өмірден адасып, шынайылықтан айырыларың даусыз. Үй салу үшін де төрт қабырғаны ұстап тұрар тірек-білік- тер қажет. Орыс әдебиетінде оны “краеугольные камни” деп жатады. Міне, жаңағы өмірде өзің көр- ген адамдарың, білетін оқиғаларың шығарманың әлгіндей тірек-біліктері деп білем.


Шығармашылықтың келесі бір арнасы – болған оқиғаларды боямасыз, сол қалпында жеткізу. Орыс әдебиетінде “Невыдуманные рассказы” деген әңгімелер циклы ежелден бар. Мұның қазақшасы “Қаз-қалпында” дегенге келеді. Фотоаппараттың жарқ еткізіп түсіре салғаны секілді, өмірдегі құ-


 


былыстарды, адамдардың характерлерін оқырман жұртшылыққа қоспасыз, боямасыз ұсына қояды. Ондай боямасыз баяндарды қызыға оқисың, құмар- та үңілесің. Өмірдің шын айнасы осылар деп білем. Мен де өмірде өзім көрген, естіп-білген кейбір жайттарды қоспасыз, қаз-қалпында оқырманға


ұсынғанды дұрыс көрдім.


* * *


Баяғыда бала күнімізде қой жайып Алтайдың таз биігіне шыға қалсақ болды, ересек ағаларымыз:



  • Әнеу көрінген үлкен алқап – ойман жері, – дейтін қамшыларын шошаңдатып. – Ал одан әрмен, сонау қарлы шыңдардың арғы жағында ұраңқай де- ген ел бар...


Қойшы ағаларым нұсқаған ойман мен ойрат – көршіміз, іргедегі алтай халқы, Таулы Алтай жері ғой. Балық аулап, суыр атып дегендей, есейе келе біз де ол жаққа арагідік ат ізін салып жүрдік. Бірақ “ұраңқай” деген ел жұмбақ қалып, аяқ жетпес қиян секілді көрінуші еді.


1990 жылы жолымыз түсіп, сол ұранқай еліне де барудың жөні келе кеткені...


Ол былай болды.


Алматы суретшілер училищесінде бірге оқыған Майоол деген курстасымыз болып еді. Бізден бірер курс жоғары Ондар деген тағы бір тувалық жігіт оқыды. Бірде осы жігіттерден хат алдық. Бір топ курстастарын еліне қонаққа шақырыпты. Өзгелердің


 


жағдайлары келмеді ме, білмедік, әйтеуір, Бал- тас Оспанов деген суретші досым екеуіміз ештеңеге қарамай, “Саян, қайдасың” деп тартып кеттік.


Майоол мен Ондарды білетін біз, тегі, ұраңқай жұрты моңғол тектес жалпақ бет, домаланған шой- қара біреулер ме деп едік, тіпті де олай емес екен. Кімді көрсең де кәдімгі өзіміздің қазақтан аумай- ды. Қарасы да, қоңыры да, мөлдіреген аққұбасы да, біз секілді сарысы да толып жүр. “Ұраңқай” деп жүргеніміз – қазіргі тувалықтардың ежелгі жазбалардағы аты болып шықты.



  • Тегі, тілдері келіңкіремеді ме екен, картаға республикамыздың атауын “Тува” деп жазып жіберіпті, әйтпесе әлімсақтан бері біз “тыбамыз”, – деп ақталғандай болды ағайындар.


Ондай-ондайға біздің де бойымыз үйренген, көмбіспіз ғой, тым-тым қазбалап, ағайынды ұялтпауға тырыстық. “Жуковқа” келген тілді “Жамбылға” келтіре алмай, тілімізді мазақ еткендей сақаусыратып діңкеміз құрып жүрген кезде, өзге халықтың жөнін жөндеу біздің не теңіміз.


Қызыл қаласының көшесінде жүргенде Алма- тыдай емес, алшаң басып қазағы көп Қызылордада жүргендей еркін сезіндік.


Қызыл қаласының түстік шетінде, Енисейдің жа- ғасында етегінде дөңгеленген Жер шары бар, зәулім монумент тұрды. Салтанатты ескерткіштің астындағы “Центр Азии” деген жазуды көрдік. Азия континен- тінің кіндігі осы Қызыл қаласы болып шықты.


 


Ресейдің ұлы өзені Енисей осы Тувадан баста- лады екен. Би-хем, Ка-хем деген апалы-сіңлілі екі өзен қосылып, Енисей құрайды, сөйтіп, ол Солтүстік Мұзды мұхитқа барып құяды.


Туваның таулы-тайгалы өлкесінде де болып қайттық. Табиғаты Катонқарағайдан айнымайды. Адамдары да біздің Алтайдың қазақтары сияқты, күнделікті қоңырқай тірлігін күйттеген момақан жұрт. Аламанмен шатағы жоқ, өздерімен-өздері секілді әсер қалдырды.


Туваның мемлекеттік өлкетану музейін де тама- шаладық. Музей директоры Монгуш Кенин Лоп- сан деген елге аты мәшһүр ақын екен. Өлең кітабы Мәскеуде де шығыпты, көрдік, таныстық. Монгуш ағамыз ақын ғана емес, тарих ғылымдарының док- торы, профессор. Докторлық диссертациясы Сібір халықтарындағы шаманизм тақырыбын зерттеу- ге арналыпты. Өзі әңгімешіл, бауырмал кісі болып шықты.


Монгуш ағамыз бізді музейге кіреберісте күтіп алған. Мен Алматыдан қонақ болып, елмен танысуға келдім дегендей сөз айттым. “Жоқ, – деді ол кісі. – Сендер қонақ емессіңдер, сендер атажұрттарыңа келіп тұрсыңдар. Барша түркі халықтары Алтай мен Саянның бауырынан шыққан, осы араны неше ғасыр мекен еткен, сосын осы арадан жан-жаққа тарап кеткен”.


Монгуш ағамыз тағы бір қызық деректі айтты. Алпысыншы жылдардың ішінде осы музейге Сәбит


 


Мұқанов та ат басын тіресе керек. Ол кезде жас жігіт екен, Сәбеңді де осы Монгуш қарсы алыпты. “Му- зейге келіп тұрған Сәбит Мұқановтан кейінгі қазақ- тар сендерсіңдер!” – деп, біздің рухымызды бір көтеріп тастады.



  • Қазақ – біздің ағамыз, – деді сөз арасында Монгуш Лопсан.

  • Неге олай дейсіз? Бәлкім, атажұртта қалған сіздер аға шығарсыздар. Қайткенмен де, атажұрт үлкен шаңырақ сияқты емес пе? – дедім мен.


Лопсан басын шайқады, келіспеген сыңай таны- тып, ойланып қалды. Сосын:



  • Үлкен шаңырақта қашанда ұлдың кенжесі қалушы еді ғой? – деді. – Сондай-ақ кеңестік сана кімнің саны көп болса – соны “ұлы” деп құлшылық етіп келдік емес пе. Қазақ ағайынның қазіргі саны 10 млн-ға жетті деп қуанып жатырмыз. Олай бол- са, қазақты “аға” деуден біз әсте арланбаймыз, қайта “алыстағы інім еді” деп бауырларыңызға тарта жү- ріңіздер.


Әлгінде Туваның астанасы Қызыл қаласын Қызылордаға балағанымыз тіпті де негізсіз емес еді. Қайда барсаң да жергілікті халықтың көптігін байқап көңіліміз марқайып жүрді. Үйде де, көшеде де өз тілдерінде сөйлегендерін көргенде тағы да іштей риза болыстық. Жалпы, тыбалықтар респуб- ликада тұратын этностардың 64 пайызын құрайды екен. Яғни, жартысынан көбі деген сөз. Қалғандары негізінен орыстар мен хакастар. Соңғы дерек бойынша


 


еліміздегі тыба халқы 207 мыңның үстіне шығыпты. Сондай-ақ Моңғолияда 25 мыңдай, Қытайда 3 мың- дай қандастарымыз тұрады десті.



  • Республикада жергілікті халықтың басым болуы, қазіргідей дүние бұлаңға түсіп, алатайдай бүлініп жатқан уақытта былайғы кірме жұртты қатты алаңдатып, көңілдеріне үрей ұялатса керек, – дейді тыбалық достар ағынан жарылып. – Былтырғы жыл түймедейді түйедей етіп, байбалам салып, бізді “ұлтшыл” деп әлемге паш етіп айқайлап жүргендері де содан... Әйтпесе ауылдас жастардың мас болып, шекісіп қалуынан әлеуметтік астар, ұлтаралық жан- жал іздеудің мүлдем қажеті жоқ еді.


Иә, былтырғы жыл “тыба халқы орыстар- ды сыйдырмай, елден қуалап жатыр” деп біз де естігенбіз. Естіген бойда күнделікті жаңалықтар мен ақпаратқа құлақ түрдік. Ақыры немен тынар екен деп елеңдегеніміз рас. “Қамшының дәмін таяқ же- ген білер” дегендей, ондай қиын-қыстау кезең 1986 жылғы желтоқсанда біздің қазақтың да басынан өтті ғой. Сондықтан алыстағы ағайын жұрттың тілеуін іштей тілеумен болған едік.



  • Әрине, оңай болған жоқ... Қызарған шоқты үрлей берсең алаулаған отқа айналмай ма, – дейді достар. – Бізде де солай болды... Ұсақ жанжалды қоздыра-қоздыра келіп, азамат соғысына айналды- рып жібере жаздасты ғой.

  • Қазақ ағайындарың да сендер үшін алаңдап, қорқып отырды.


 



  • Тегіміз бір ғой, олай болуы әбден заңды... Сек- сен алтыдағы Алматыдағы желтоқсан оқиғасына біз де қатты абыржыдық. Баспасөздегі хабарларда бір шикіліктің барын іштей сезгенбіз. Кейін Мұрсалиев деген әзірбайжан жігіті шындықтың пердесін ашып салды. Мұрсалиевтің ол мақаласын көзіне жас алмай оқыған адам бізде, сірә, жоқ шығар.


Мұрсалиевтің Алматыдағы желтоқсан оқиғасы туралы көлемді мақаласы республикалық газетте жарияланыпты. Өзі де мың жасағыр азамат екен, қазақтарға араша түсіпті, желтоқсан оқиғасына шы- найы баға беріп, биліктің өктем саясатын әшкере- лепті. Сол мақаласы үшін ол жігіт кейіннен қатты қудалауға түсіп, КГБ-нің қыспағында қалыпты. Әйтеуір, Құдай сақтап, заман өзгеріп, басына төнген қауіп-қатерден әзер құтылған секілді.


Бұл естігенімізге көңіліміз толқып, Мұрсалиев- пен жүздессек деп едік, ол жігіт Тоджы алқабына іссапарға кетіп қалыпты. Қашан келері белгісіз екен.


Үш күн бойы біз тыбалық бауырлардың сый- құрметіне бөлендік. Көп жерді көрдік, ел араладық. Мемлекеттік баспаның жұмысымен таныстық, ты- балық жазушылармен кездестік, кітаптар алмастық. Төртінші күні ризашылығымызды жеткізіп, қош ай- тысып Алматыға аттандық.


* * *


Мынау ескі жазбаларды бертінгі кезде архивім- нен тауып алдым.


 


1973 жылдың жазы есіме түсті. Жазушы Оралхан Бөкейдің әкесі – Бөкей ағамен екеуіміз Шыңғыстайдан қос атпен шығып, Шапқанжолмен көтеріліп, Маралқашқан, Айыртас, Өскелең, Ма- ралкөлі, Науа жайлауларын көктей өтіп, Қатынcу өзенінің аңғарына дейін барғанымыз бар.


Бұл үзінділер сол кезде қойын кітапшама түсірген жолжазбалар еді.


Маралқашқанның өріне көтерілгенде, Бөкей аға күншілікте шошайған биік жартасты нұсқап:



  • Атыңды тебініп қойсаңшы! – деді. – Анау шыңды Айыртас дейді... соның етегіндегі әнеу киіз үйді көрдің бе? Қымыз ауылы... Сол арада Төлеш отыр, түске қарай сонда жетеміз.


Айтқанындай, біз талма түсте сол қымыз ауы- лына іліктік. Отағасы – Төлеш Байғонысов Катонқа- рағай ауданына қарасты Чернова кеңшарының айту- лы жылқышыларының бірі екен. Отыздарды аралап қалған аққұба, бойшаң жігіт. Сауын кезі болса да, жадырай қарсы алды. Бөкеңді “ағалап” бәйек болып жүр. “Білмейтіні жоқ Бөкеңді білмейтін адам да жоқ екен-ау” деген ойда қалдым.


Сауын кезіне тап болыппыз, жұмыстарына кедергі етпейік деп, келген бетте киіз үйдің іргесіне отыра салдық. Жолдан шөлдеп келіп едік, сырлы шелекпен әкелген қымыздан бірнеше кесені тартып- тартып жіберістік.


Маңайымызда ұсақ балалар “суретке түсейік” деп шуласып, бізді қоршап алды.


 


Соңынан Төлеш дастарқанды әріректегі мәуелі самырсынның түбіне, көлеңке жерге жайғызды.


Ауада салқын самал бар, жол жүріп келген кісіге жанның рақаты. Етекте кең көсілген далаға қарап, желегі жайқалған орман-тоғайды қызықтап отырып, сыздықтатып іш те отыр енді. Елге қадірлі адамға атқосшы боп ергеннің де өзіндік дәстүрі болады екен... Малшы қауымы Бөкеңді қатты сыйлайтынына көзіміз жетті. Бірер кесе қымызды салып алып жөнеп беруге тіпті де рұқсат жоқ. Кемінде екі сағатсыз тырп еткізбейді. Өйткені қой етінің пісуі үшін кемінде сон- шама уақыт керек.



  • Иә, аға, ауыл жаңалығын айта отырыңыз, – деп қойды Төлеш қымызды сапыра отырып. – Әлгі жалғыз ұлыңыз келді деп естіп ем?


“Жалғыз ұл” дегені – Оралхан Бөкей ғой, ол Алматыдан Айман жеңгеміз екеуі келіп, бізге ере ал- май Шыңғыстайда қалып қойған.



  • Шүкіршілік, келінмен бірге демалысқа келіп- ті, – деді Бөкей аға. – Жаман ұл бізді Алматыға көшіріп алам деп қорқытып қояды. Еңкейген ендігі жасымда туған жерден безіп қайда барам... Өздеріңде не жаңалық?

  • Сол баяғыша бәрі де. Үш біргәдіні қамтамасыз етіп тұрмыз. Сауын да жаман емес, күніне 60–70 литр қымызды артық өткізіп жүрміз. Айтпақшы, әнеугүні әлгі Әрөктің аты үркіп, жығып кеткені бар. Аяғы сы- нып, не істерімізді білмей бір күн жанталастық. Атпен ойға түсіруге күншілік жер, қайдан шыдасын. Ойда-


 


жоқта геологтардың тікұшағы қона қалып, сонымен Катонға салып жібердік... Құдайым, ауру-сырқаудан сақтасын дейміз. Өліп қалсаң мынау жайлауда сүйегің саудырап далада қаласың.



  • Оның рас, Төлеш. Жайлауға шыққан төрт ай ішінде тағылықтың аз-ақ алдында жүреміз-ау осы. Мына бала екеуіміз (мені нұсқады) кеше Тасшоқының иығына көтерілгенімізде жоғарғы ел жақтан қалың қара түтінді көзім шалып еді. Апырмау, тағы да өрттің шыққаны ма, естімедің бе, Төлеш?

  • Берелдің арғы терісі өртеніп жатыр деген...

  • Бәсе, жүрегім бір жамандықты сезіп еді. Мына балаға айтамын деп бір оқталдым да, жамандыққа жоруға жаным дауаламаған.


Тағы да әлгі турист дегендердің кесірі шығар?



  • Кім білсін...


Арада екі сауын мезгіл өтті. Ақыры қойдың төретабақ жас еті де жетті-ау алдымызға буы бұр- қырап. Ең қызығы, жылқышы жұртының шай іш- кенін көрмедім. Еттен соң іле тостағанға тағы да сары қымыз құйылды, сосын рақметімізді айтып біздер атқа қондық.



  • Мынау дөңнің биігін Өскелең дейді! – деді Бөкей аға. Сөйтті де, қоңыр майда дауысымен өлең- дете жөнелді.

  • Жайлауы біздің елдің Шыбарағаш, Тасшоқы, Маралқашқан – қалың ағаш. Үстіне Өскелеңнің шыға келсең Көрінер Маралкөлі жап-жалаңаш!


 



  • Аға, бұл өлеңді өзіңіз құрастырып па едіңіз?

  • Жоқ, мен емес... баяғының ақындары ғой. Жарықтық, бұл Алтайға бақталас сұлу өлке жоқ шығар, тегі... Алтайдай бай жер жоқ, өз байлығына масайған ел жоқ. Тау мен тасты жағалап, жықпыл жыраны сағалап күн кешеміз деп өзге дүниемен алыс- беріссіз қалдық, сосын да ізсіз қалдық. Әйтпесе біздің жақ тұнып тұрған тарих қой, оны кім біліп жатыр...


Айтқанындай-ақ, алыстағы астыртта айнадай жарқырап айдынды көл көрініс берді.



  • Жаңағы өлеңдегі Маралкөлі осы болады! – деді Бөкең.


Біз құлдилап келе жатқан көлдің бергі қапталын шалғыны жайқалған алақат таулар кемерлепті. Ал көлдің арғы жиегі көз жетпес иен жазық. Иен де емес екен, сонау сайын дала төсінде де, бергі көл айна- ласында да әр жерде бір ағарған ақ отауларды көзім шалды. Бұлаңытып жерошақтан сыздықтай шыққан ақшылтым түтін ол маңайда тіршілік барын айғақтап тұр. Тау желкесінен көз жіберіп, осынау әсемсал көрініске құмарта түсемін.


Әне, көзге ілігер-ілікпес ала дақтар түкті жердің майса төсіне қадаулана жабысып қапты. Бергі қойшының отары болар. Көл бетінде әлдебір аппақ ноқат қалқып жүр. Аққу деуге тым үлкен... сал жа- сап, балық аулап жүрген малшылар болса керек. Ала- ман жазықтың тұйығы тау етегін емген екен де, оның арғы жағында, тым алыста Мұзтау мұнартты. Қақ күмісше жарқырап, келбетімен де, көркімен де көзге


 


оттай басылды. Алтай тауларының ең биік шыңы осы Мұзтау ғой... Мұзтау десе, Мұзтау екен, жарықтық. Шымқай қоңыр мен жасыл түске боялған дүниенің қазіргі келбетінде оғаш жекеленіп, аппақ боп аспан- мен тайталасып жатыр.



  • Анау көлдің арғы қапталындағы жалды көр- дің бе? – деді Бөкең сары ала қамшысын шошаң еткізіп. – Сол асудың арғы жағын Науа дейді. Кең алқап... Сол Науада Әшімқан мен менің Қаратан құдам отыр. Бүгін сонда жете жығылайық.

  • Жарайды!


Бөкей аға нұсқаған асудың өзі күншілік жер ме дедім. Мұнарланып, тым алыстап кеткендей.


Көлдің аяққы шүмегінен өткен бетте аттан түсіп, ерін алып оттыққа жібердік.



  • Сәтке дамылдап алғанымыз жөн, – деді Бө- кей. Өзі қос тоқымды көк шөп үстіне ұзынынан жа- йып жіберіп, жамбастап қисая кетті. Шамырқанып насыбай атты. Мен осы сәтті пайдаланып қармақ салмаққа өзенді жағаладым. Жағалауға құрықтарды шаншып кету малшы жұртының ежелгі әдеті-тін, кең жайлаудай көңілдері кеңпейіл жандар өткен-кеткен жолаушылардың да құрық көтергенін қалағандары да. Өткен түнде түнеген бір қойшыдан алған қармақ пен лесканы жағалаудан тапқан құрыққа жалғадым.


Тастан тасқа қарғып, ақ көбігін шаша бүктетіле аққан тау өзенінің сарыны құлағымды тұндырып-ақ тастады. Бөкең тыныққанша бір дорба балық ұстап мәз етейін деп шабыттанып келген көңілім лезде-ақ


 


пәс болған. Осы Шабанбай жайлауының балығы жайында тілінің майын тамыза айтқан сан әңгімеге қанық едім. Шынтуайтына келгенде, ол әңгіменің өтірік болғаны ғой? Арлы-берлі сағат жарым сенделіп жүріп ұстаған бармақ басындай екі шабақты медет етіп, Бөкеңнің қасына қайтып оралдым.



  • Несіне әуре болдың? – деді атын ерттеп жатқан Бөкей. – Одан да демалмадың ба, жол әлі ұзақ...


Мен қос шабақты өзенге қайта лақтырып жібердім. Сосын атыма мініп, Бөкеңмен үзеңгілесе жүріп кеттім.



  • Аға, Маралкөлі балыққа бай дейтіні қайда? Бөкең тіктеп бетіме бір қарады да:

  • Иә, бай... бай болған кезінде! – деді. – Бала кезімде осы шүмектің жылбырап аққан айрығынан балықты қолмен суыратын едік. Анау сай-салада жылап аққан тұма бұлаққа дейін балық болатын... Бүгінде сол қызықтың бірі де жоқ. Қайда кетті дерсің. Көктем шыға, балық өрлейтін мезгілде көлге құяр өзен-бұлақтардың көмейін тормен құрсаулап, жан-жақтан адамдар ағылып келеді. Шатырларын құрып тастап, апталап, айлап жататындарын қай- терсің. Қаладан келе ме, ауданнан келе ме, әйтеуір серуен құрған, қызық қуған бірөңкей жуанқарын- дар. Балықты өрлетпей құртады. Бастықтарға сөз айтып едім, бетіме шаптығып бәлеге қалдым. Енді бір ағайын, “Әй, Бөкей, кең жайлаудың балығын қызғанып саған не болды?” – деп ренжісті.


 


Бөкей аға шырт еткізіп былай бір түкірді де, қонышынан насыбай шақшасын суырып, ердің жақтауына тықылдатты. Асықпай насыбай атты.


Біз аттарды ерттеп, көлді жағалап сар аяңмен жүріп кеттік.



  • Балам, бұл Шабанбайда балықтың құруының тағы бір себебі бар, – деді қария атын шаужайлап қойып. – Кеше Маралқашқан суынан өткенде өзің көрдің, суда балықты былай қойғанда, қара құрт та жоқ қой. Ал сол суда бұдан он жыл бұрын балық көп еді дегенге кім нанады? Иә, небәрі он жыл бұрын ғана... Бүгінде жайлауға тірәктір келді, мәшине шыға алатын болды деп мәз боламыз. Балықты құртқан сол тірәктір мен мәшине. Қара майын ағызып судан өтеді, сәлерке толы бөшкелері домалап суда жатады. Сосын балық қырылмай тұрсын ба! Біз қазір тірәктірмен шөп шаптық деп қуанамыз. Ал оның пайдасын көргенімізбен, зиянын байқар емеспіз. Баяғыда мен сиырдың забы боп жүргенімде, сол Маралқашқанда ферма бар болатын. Сонда сол шабындықтың бәрін қолмен шабушы едік. Рас, бүгінде тірәктірмен тез шабасың, тез аяқтайсың. Бірақ тірәктірмен шауып, үйген алты гектар жердің шөбін, біз баяғыда алты жігіт бір гектар жерден үйіп беретін едік. Сонда шөп қайда кеткен дейсің-ау тағы. Шынжыр табан астында, резеңке доңғалақ астында тапталып жатыр. Байқадың ба, шабындық беткейде ойдым-ойдым іздер жатқанын. Ал тірәктір шұғыл бұрылған жерлердің қопарылып қара топырағы шығып қалған...


 


Әншейінде томаға-тұйық, көп сөзге жоқ Бөкей ағаның шешіліп сөйлегеніне мен риза болып келемін. Проблема қозғады емес пе! Ұмытып қалмас үшін аға айтқан кейбір ойларды қойын дәптеріме түртіп қойдым.


 


Күншығыста мұнартқан айдаһардың жон арқа- сындай іртік-іртік жартасты жалды “Бүркітұясы” деп таныстырды. Ол шыңның биігінде алақаттана ағарып әр жерінде қар жатыр екен.



  • Аға, анау көрінген бүркіт болар? – дедім сол тұста, көк жүзінде қалқыған жалғыз ноқатты нұсқап.


Бөкең атын шаужайлап қойып, сығырайып аспанға қарады. Кенересіне еңкейген күн түбіттей түтілген бұлттарды қызыл жалқынға орағасын, күреңіте бастаған аспан төсіне ағаның көзі жетпеді білем, күн сала ұзақ іздеді. Сосын атын бір тебініп, насыбайын атты. Тегі, көре алмаған секілді.



  • Құзғын ғой, – деді өз-өзіне күбірлеп. Іле:

  • Мүмкін бүркіт те болар, – деп қосып қойды.

  • Е, балам-ай, – деді сосын. – Жол қысқарсын, тағы бір әңгіме айтайын... Бала кезіміз. Онда біздің үй осы Бүркітұясының етегінде, анау емшектен- ген дөң басында. Тас төбемізде қалқып жүрген әлдебір қыранды тамашалап, “қайтер екен” деп қарап отырғанбыз. Ол кезде елде құсбегі де, қыран да баршылық заман еді. Біз, балалар, аспанда қыран


 


қылаң етсе, қалт жібермей аңду әдетіміз. Өйткені қыран жерге шүйілсе не түлкіні, не қоянды алатынын білеміз, кейде тіпті қасқырға да түседі деп еститінбіз. Не заматта әлгі қыран оқша атылып, төмен қарай зырқырады-ай дерсің! Сол-ақ екен, мүйізді бір бұғының жан ұшыра қашып келе жатқанын байқап қалдық. Пана іздегендей біздің қосты беттеп орғытып келеді жазған. Найзадайын шаншылған бүркіт те қойсын ба, бұғының кеудесіне жалп-жұлп қона кетті. Шеңгелін салып жіберген секілді, бұғының денесі бұралаң етіп, сүрініп барып, әйтеуір жығылмай әзер қалды. Арқасына абажадай қара пәлені жабысты- рып, бұғы жазған шапқылап келеді... Сөйтіп, әнеубір қарағайдың қасынан өте берген... Бүркіттің тегеуріні қиын болады, әншейінде түскен бетте түлкі мен еліктің бел омыртқасын үзіп жібереді. Мына бұғының тоқтамай шапқылай бергеніне құс асылы намыстанған секілді... Қарағайдың қасынан өте бергенде бір аяғын суырып ап, сарт еткізіп қарағайға қадай қойды. Тентек аңды солай тоқтатпақ ниеті де... Қайран-ай, десеңші жарықтық! Жұлдыздай аққан аң екпіні қойсын ба, қыранның бір саны жұлынып қарағайда қала берді.


Міне, балам, осындай да оқиға болған бұл маңайда! Біз кештетіп Шыңғыстай бөлімшесінің шопаны


Қаратан Қашыбаевтың үйіне жеттік. Екеуіміз де сол үйде түнеп шықтық.


 


Қатынсуға асып түсер асуға жеттік. Асудың үсті күдіс жон болғанымен, арғы еңкейісі – шағыл, қорым


 


тас қоржындаған терең шатқал. Жартылай шеңбер жасап жатқан осы шағылдың түбінде дөңгеленген көл байқалады. Бұдан мың-миллион жыл бұрынғы жанартаудың орны. Кешегі күншіліктен көрінген Бүркітұя осы! Шағыл тастардың арасында етекке түсер сыңар соқпақ көрінді. Біз осы еңкейіс тұстағы тепсеңге тоқтап, аттардың айылын шаптан тартып, аз-кем дамыл жасадық. Бөкей аға сол арада сыңар соқпаққа қарап тұрып, тағы бір әңгімені бастап кетті.



  • Алтай жазы құбылмалы ғой, – деді. – Бая- ғыда тамыз туа төр жайлауды ай бойы қар басып қалғаны бар. Ол кезде де дәл қазіргідей Қатында жылқылы ауыл отыратын. Жайма-шуақ күннің бірінде мен Шыңғыстайдан екі атқа азық-түлік теңдедім де, оларды жетекке алып, Қатынсуда жатқан жылқышыларға жол тарттым. Жылқышылар қосына кешке жеттім де, бір түнеп, ертесінде ертемен кері қайттым. Жолға шыққаным сол еді, шайдай ашық аспан аяқ астынан бұзылып, аспанды қара сұр бұлт бүркеп алды. Іле қарлы боран ұйтқи жөнелсін. Мен ғұмырымда табиғаттың мұндай сойқан мінезін көрген емес едім. Тамыздың басындағы мынау қарлы бо- ранды түсінбей, қарадай таңданып келемін. Бойымда қорқыныш пен үрей. Қайтып кететін емес, амалсыз ілбіп басып алға жылжи бердім. Қарлы боранның бәсеңсір түрі жоқ, тіпті барған сайын үдеп барады. Жетелеген қос атым бар, осы Бүркітұяға жеткенім- ді бұлаңытып қарайған анау төмендегі көлшіктен білдім. Ендігі жол сыпыра қабырғалатып жоғарыға


 


бастайды. Сыңар аяқ жолдың жоғары жағы жалама құз, төмені түпсіз шатқал. Жай күнде тар соқпақ- тың бойымен жолаушы жазған қорқып әзер жоғары шығатын, аяқты аңдап басып әзер төмен түсетін. Мына боранда аттардың аяғына шоқай қатып, тай- ып кетсе не болды? Мен шындап сасайын дедім. Боранның басылуын күте тұратын бұл маңайда ық та жоқ. Оның үстіне күн лезде суытып кетті. Кеше ғана жып-жылы күн бүгін аяз. Бір орында тұруға болма- сын тағы түсіндім, қатып қаласың. Сосын мына бо- ран неше күн, неше түнге созылары және беймәлім. Тәуекел деп, алға жылжи бердім. Үш атты жетекке алдым да, адымымды санап басып, сыңар соқпақты таяқпен түрткілеп жаяу өрлеп келемін.


Бір кезде аттар осқырынып, тартыншақтап тұ- ра қалмасы бар ма. Елең етіп алдыңғы жаққа үңіл- сем, томпаңдап бұқаға ұқсаған әлдебір жануар жол- мен жоғарыдан түсіп келеді. Мені көріп ол да қалт тұра қалды. Көзіме жабысқан қарды сүртіп, қайыра үңілдім. Масқара, сонда ғана таныдым... аю екен.


Не істерімді білмей, қорқып кеттім. Аюға қарсы қарап тұра беруге дәт шіркін шыдамады, бұрылдым да, аттарға ұрысқан боп үн шығардым. Дауыстаған бо- ламын, зекіріп сөйлеген боламын, бірақ өз дауысым- ды өзім танымаймын. Теріс қарап, өзімше күйбеңдеп жүрмін. Арқам мұздап барады, тізем дірілдейді, аяғым ұстар емес. Жығылып қалудың алдындамын. Аю әне-міне желкемнен шап берердей зәре жоқ. Арада қанша уақыт өткенін білмеймін, не заматта


 


көз қиығыммен жасқаншақтап артыма қарадым. Аю жоқ... боран астарында болымсыз қарайып, соқпақты бойлап өрлеп барады екен.


Уһ деп, отыра кеттім. Құрғырдың айбаты қандай еді, қалтыраған тіземді, дүрсілдеген жүрегімді баса алмай біршама отырып қалдым.


Бір қызығы, үстіртте тағы бір аю кезікті.



  • Бәрі сол бір аю шығар? – дедім мен.

  • Жоқ, олай емес. – Бұл көрген аюым бағана- ғыдай күжірейген қоңыр емес, сап-сары, ірі екен. Бірақ ол мені байқаған жоқ, өз жолымен бөктерлеп қыр асып бара жатты.


Аюдың кездесе бергені мені алаңдатайын деді. Оның үстіне мынау ақтүтек боран. Қас қарайып, түн болды. Жол-жөнекей орман шетінде бір ескі ауызүй бар еді, соған қарай бұрылдым. Осы ауызүйде қо- нып, боранның басылуын күттім. Бірақ боран басыл- мады, ақтүтек үш күнге созылды. Қарайған жар- тастарды да ажырата алмайсың, жер-дүние аппақ. Әйтеуір, тамақ бар, аттарды үй іргесіне арқандап, от жағып, ет жылытып, шай қоямын. Сөйтіп сол ауыз үйде үш күн жатып, ауылға төртінші күні әзер жеттім.



  • Көрдің бе? – деді. Бөкең. – Алтайдың мінезі шатақ, байқамаса болмайды.


Бөкей ағамен Шабанбай жайлауын үш күн бірге араладық. Ол кісінің барар жері, кездеспек малшы- лары әлі көп екен. Тағы бірер күн жүретін түрі бар. Сондықтан мен төртінші күні ағамен қош айтысып,


 


Қасқаайғыр, Майжүрек, Салқыншоқы жайлауларын айналып, Бөріқұтырған, Айғай, Қудөңбек арқылы етектегі Ұра ауылына қайтып келдім.


* * *


Сейтқазы Тұрбаев ағамыз 1916 жылы туған. Көп жыл ауыл басқарған, елге сыйлы, халқына құрметті азаматтардың бірі болған деседі. Өзі зор денелі, батыр тұлғалы, елдегі еті тірі жігіт болыпты. Аудандық комсомол комитетінің бюро мүшесі, қызметі есепші, от алып, ораққа түсіп белсеніп жүрген


жерінен 1937 жылы ұсталып кетеді.


Комсомол Тұрбаевтың соты Семейде өтеді. “Жапонның шпионы” деп нақақ жала жабылады. Тұрбаев ұрған-соққанға қарамай, қасарысып, мо- йындамай бағады. “Кім айтты? Беттестіріңдер, сонда ғана мойныма аламын” дейді. “Ол жоқ, се- нен кейін бір айдан соң ол да ұсталды” дейді. Қол қоймайды, барлық қорлыққа да, зорлық-зомбылыққа да шыдайды. Ақыры бір жарым жылдан соң ақталып шығады. Біраз уақыт қара жұмыс жасап Семейде жүреді, күш-қуатының, белсенділігінің арқасында жағдайын түзей бастайды.


Бірде көшеде бір жерлесі кездесіп қалып: “Ауылға қайт!” – деп үгіттейді. Бұл ауылдастарына ренішті екенін айтады. “Қазір ондай алауыздық бізде жоқ, ауыл уыздай ұйып отыр, баяғыдай үстіңнен арыз жа- зып, ұсталып кету, түрмеге жабу деген енді болмай- ды” деп ант-су ішеді.


 


Тұрбаев көніп, ақыры артынып-тартынып ауыл- ға қайтады.


Арада бірер ай өткенде “Тұрбаев Семейден келіп жасырын ұйымның жұмысын жандандырып жіберді” деген жала жабылады. Содан 1940 жылы 10 жылға кесіліп, ит жеккенге – Сібірге кісенделіп кете барады.


Содан ол кісі Сібірде он жылын өтеп, сол жақта- ғы бір поселкеде өмір сүріп тұрып қалады. Орыстың Елена атты мөлдіреген қызына үйленеді. Ұлды бо- лады.


Елдегі ағайынға өкпесі қара қазандай еді. Ай- датып жібергендер солар, ауылдастары ғой. Шүкір, бойында күш-қуаты баршылық, атпалдай азамат, ешкімге күні түсіп тұрған жоқ. Емешегі езілердей, мұны іздердей ауылда туған ағайын да қалмаған. Сібірде жұмыс істеп, біраз абырой мен атаққа да ие болады. Бірақ арада көп жыл өткен соң елді сағынып, Алтайдың тауын, Шабанбай жайлауын аңсап, елге барып қайтпақ болады.


Мұны естіген Елена:



  • Екеуіміздің мәңгілік болмасымызды мен әу бастан-ақ түсінгем. Өйткені шын бақыт соншалықты ұзақ, өмір бойы болуы мүмкін емес. Бәрінің шегі бар. Бірақ мен осы аз күнгі тағдырдың сыйлаған қуанышына ризамын. Жолың болсын! – деп күйеуін шын ниетімен ұзын жолға шығарып салады.


Тұрбаев қайтып келеріне сенімді болатын.


Бірақ сол кеткеннен мол кетіп, ауылға келген соң құрдастарының азғырындысына көніп, қазақтың


 


қара домалақ бір қызына үйленеді. Сөйтіп, Сібірдегі отбасына қайтпай қалады.


Жылдар өтеді. Әйелі бес қыз табады. Тізгін ұстар ұлы жоқ, Тұрбаев бес қыз тапқан әйелінен түңіле бастайды. Сібірдегі ұлын сағынуды шығарады. Құрдастары “бәрін өзіңнен көр, асылыңның бәрін Сібірге шашып, ауылға жасығыңды әкелген өзің кінәлі” деп әзілдейді.


Бірде ол ескі мекенжаймен Сібірге хат жазады. Әйелінің амандығын, ұлының жағдайын сұрайды. Арада бір ай өтпей қыздың ағасынан ашулы хат ала- ды. Хатта: “Осыдан көзіме көрінсең, табанда атып тастаймын”, – депті. “Еленаны өлтірген сен, – деп кіжініпті. – Сен кеткен соң бір жылдан соң ол құсадан өлді. Сені жанындай жақсы көрді, бірақ сен алаяқ боп шықтың. Марат нағашысының қолында, сені таны- майды, танығысы да келмейді!” – депті.


Тұрбаев он бес жылдан соң алғашқы әйелі Еленаның өлімін осылайша естіпті.


 


Сейтқазы ағамыздың балсыраға қызып отыр- ғандағы мына бір әңгімесін ауылдасынан естігенім бар.



  • Еленаның қасиеті атты мені, – депті Тұрбаев өкініп. – Ықыласы қандай еді, шіркіннің. Орыс дей- міз, қазақ дейміз, ал ықылас деген бәріне ортақ қа- сиет қой.

  • Ықыласың не сенің мантырап отырған? – деп сұрайды бірге отырған құрдасы дәнеңе ұқпай.


 



  • Ықылас деген ықылас, басқа не болушы еді?

  • Махаббат дегенің бе?

  • Қалай десе де әркімнің өз еркі ғой.


* * *


Чернова ауылында Семенов Борис деген бір жігіт болды. Бізден бірер жас үлкендігі бар еді, бәріміз оны Боря дейтінбіз. Естуімше, Боря бала күнінде біздің ауылдың түстік беткейінде қолшана теуіп жүріп, етектегі бір үйдің қорасына баспен соғылған. Содан екі көзі жайнап тұрса да, су қараңғы болып қалған.


Көзі көрмесе де Боряның “қолы алтын” еді. Мотоцикл жөндейтін, ағаш кесетін “Дружбаны” жөндейтін. Мотоциклдің дауысына қарап, қай жерде қандай ақауы барын жазбай айтып беретін.


Ол кезде машина сирек, қолы жеткен ілуде біреуде мотоцикл бар. Оның ішінде “Урал” болса – қазіргі “Мерседес” мінгенмен тең. “Уралмен” аудандағы тойға да, тауда жүрген қойға да бара беруге болатын. Заманның керемет мықты көлігі еді.


Сол Боря мотоциклді тек қана қараңғы моншада, есікті тарс жауып алып жалғыз өзі жөндеп жататын.



  • Қараңғы жерде ремонттағаны несі? – деп біз қайран болатынбыз.

  • Маған күндіз не, түн не, бәрібір емес пе, түк көрмеймін, – дейтін ол.


Моншада жөндейтіні – мотоциклді бұзған кезде қай жерге қандай бөлшекті қойды, өзі біліп отырады. Ал бір деталі қойған орнынан жылжып кетсе, ша-


 


тасып қалатын көрінеді. Сондықтан оған ешқандай бөтен көмектің қажеті жоқ.


Ауылдас ағамыз Байбатыров Қадан екеуіміз бірде Алматыдан елге бірге бардық. Черновада ав- тобус аялдамасында араларында Семенов Борис бар, бір топ жігіт әңгімелесіп тұрды. Қадан: “Здра- ствуйте, ребята! Боря, и тебе большой привет!” деп олардың қасына жетіп барды.


Борис жалт қарады да: “Это Кадан что ли? Век тебя не видел!” деп Қаданды құшақтап жатты.


Артынан білсем, дауысынан Семеновтың өзін бірден танығанына Қадан да таң қалыпты. Өйткені ол төрт жыл әскерде теңізші болып, кейін үш жыл Алматыда жұмыс істепті. Бориспен кездеспегеніне де жеті жылдан асып кеткен екен.


* * *


Ұлықбек Есдәулет, Ақселеу Сейдімбек, Жәні- бек Кәрменов бірде біздің үйде бас қосқанымыз бар.


Бізді жинаған ардақты ағамыз Кенжебек Укин болатын. Кенжағаң ол кезде Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. Ал- матыға жиналысқа келген екен, “інім, сен Жәнібекті шақыршы, отырып бір ән тыңдайықшы” деп өтініш жасады.


Жәнібекпен тілдесіп едім, келісе кетті. Соған байланысты “кешке ұшам” деп отырған Кежеағаң ұшақтың билетін өткізіп, біздің үйге келді.


 


Дастарқан үсті жайнап тұрды, ет асылып жат- ты. Облыстың үлкен басшысы Кенжеағаңның ден- саулығы, елдің амандығы үшін бірер тост та көтеріліп салынды.


Ендігі бір сәтте Жәнібекке ән кезегін бердік. төрт-бес ән айтқан соң, мен дастарқанды әрмен жалғастырып, тост кезегін бермек едім, бусанып алған Жәнібек:



  • Мен бір отырыста бір-ақ рет айтам... Қанша айтқызам десеңдер де айтқызып қалыңдар. Шабыт деген қайта-қайта келе беретін қолдың құсы емес, түздің көкала үйрегі, – деді өзгеше шамырқанып, әнді үзгенімізге ренжіген сыңай танытты.


Осы сөзден соң біз қазандағы етті де, тамақты да қоя тұрдық. Енді тек Жәнібекті ғана тыңдаумен болдық. Сабазың шаршамастан, шалдықпастан тақ екі сағат бойы құлағымыздың құрышын қандырып, ән шырқады емес пе!


Жәнібектің алаулаған нұр жүзіне қарап, шабыт дегеннің қандай болатынын көзбен көріп, қолмен ұстағандай сезіндік.


Жәнібектің әлгі сөзі содан кейінгі уақытта менің мәңгі есімде жатталып қалды. Қазір де дастарқан ба- сында, топ ортада біреу ән айтып отырса, әнді әсте бөлмеуге, артық қимылмен әншіні алаңдатпауға ты- рысам.


Шынайы өнер шамшыл келетінін сонда ұқ- тым.


 


* * *


Елбасы аппаратының Мәдениет және ұлтара- лық қатынастар деп аталатын бөлімінде қызмет жасап жүрген кез. Ұмытпасам, 1992 жылдың мау- сым айы.


Жәнібек Кәрменов досымыздан оқыс айыры- лып қалдық. Жезтаңдай әнші, от ауыз, орақ тілді шешен, сыршыл жазушы автомобиль апатынан мерт болды. Соның алдында ғана су жаңа “Жигули” алып, мәз болып бізге көрсеткен, Несіпбек Айтов екеуіміз сенбі күні сол машинамен қыдырып қайтқанымыз бар. “Ұлым үйленеді, тойға келіңдер” деп қуанып жүрген. Сол тойға арнап мал әкелуге Сарқандқа бара жатқан жолда, Қапшағайға жете бере аудары- лып кетіпті.


Дәл сол күндері Сауытбек Абдрахманов бір облысқа іссапарға кетіп еді. Бөлім меңгерушісі Ал- тынбек Сәрсенбаев Жәнібекке қазанаманы маған тапсырды.



  • Жақсы сөзіңізді аямаңызшы... Жәнібектен несін аяйық! – деді.


Көзіміз бұлдырап, қайран Жәкеңді еске ала оты- рып қазанаманы жаздым. Алтынбекпен ақылдасып, қазанамаға қол қоятын адамдардың екі нұсқасын жа- садым. Алғашқысы – Президент Нұрсұлтан Назар- баев бастаған топ. Екіншісі – Вице-Премьер Мырза- тай Жолдасбеков бастаған топ.


Іссапарда жүрген Мырзатай Жолдасбеков аға- мызды “келіп қалар” деген үмітпен күні бойы күттік.


 


Ол кісі кешкі рейспен Қытайдан келу керек еді, ақы- ры ол күні келмей қалды.


Алтынбек не істерін білмей қапаланып, менің көзімше ақыл-кеңес сұрап жоғарғы жақтағы үлкен бастықтың біреуінің көмекшісіне телефон соқты. Анау Жәнібек Кәрменовтың атын ғұмыры естімеген адам екен. Алтынбек беті қызарып, түтігіп күйіп кетті. Маңдайынан шып-шып тер шығып, ашуын баса алмай бөлме ішінде ары-бері сандалып жүріп алды. Сосын есіне бірдеңе түскендей, менің қолымнан қазанаманы алды да, тағы бір оқып шықты. Сөйтті де салып ұрып үшінші қабатта отыратын Ерік Асанбаевқа кетті. Мен біршама уақыт күтіп қалдым.


Вице-Президент Ерік Асанбаевта мынандай әңгіме болыпты.


“Халық әртісі емес екен, Президентке қол қой- дырғанымыз көптік етпей ме?” – деп сұрапты Ерік Мағзұмұлы күмәнданып.


Сонда Алтынбек: “Ереке, Жәнібектің халық әртісі бола алмағанына, бәлкім, сіз де, мен де кінәлі шығармыз. Халық арасында ол баяғыда халық әр- тісі болып кеткен”, – деп жауап беріпті.


Осы сөз желеу болып, Ерекең келісімін беріпті. Жәнібек Кәрменовтың қазанамасы газеттерде, рес- публикалық теледидарда Елбасы бастаған зиялы қауымның тізімімен жарық көрді.


* * *


Ұлттық әдебиетіміздің үлкен бір өкілі туралы бір-біріне қатыссыз екі адамның пікірі бір жерден шыққанына куә болдым.


 


Жазушы ағамыз Бердібек Соқпақпаев қайтыс болды. Қазанама жазып, қайғырып отырмыз. Са- уытбек Абдрахманов жазушының шығармалары, оның көркемдік қуаты, жастарға әсері турасында ұзақ-ұзақ әңгіме айтып, жүрегімізді одан сайын ау- ырта түсті. Әңгіме арасында:



  • Бекеңнің “Он бес жасар чемпионы” қазақ балаларының спортқа деген құлшынысын арттыр- ды, – деді. – Бір жыл емес, он жыл емес, бірнеше ұрпақты спортқа баулыды. Соның ішінде әсіресе боксқа... Қазақ арасында боксерлердің көп шығуы әрі мықты шығуына осы Бердібек Соқпақбаев зор себепші. Сосын ол Кеңестік қоғамды мойынсұнбай кеткен, өмірге сыймай кеткен кісі.


Келесі күні жазушының мәйітін Кеңсайға апар- дық, жерлер алдында шағын митинг өтті. Алғашқы болып сөз алған Тахауи Ахтанов:



  • Бердібектің “Чемпионы” көптеген боксерлер- дің пайда болуына, қазақтың бокс спортынан еңсесі- нің биік болуына әсер етті, – деді. Сосын:

  • Ол кісі өмірмен, қоғаммен оппозицияда кеткен адам еді, – деген пікірмен сөзін аяқтады.


* * *


Әжем діндар кісі еді. Маған сурет салдырмайтын: “Тәйт әрі... Не сызып отырсың? – деп қағазымды жұлып алып, жыртып тастайтын. – Ертең өлгенде салған суретіңе жан бітір деп қинайды сені. Сурет салғаныңды ендігәрі көрмейтін болайын!”


 


Мен суретті әжемнен жасырып салатынмын.



  • Әлібек сурет салып жатыр, апа, – деп, кейде іні-қарындастарымыз ондайда мені сатып жіберетін.


Осылайша, менің сурет салу өнерім отбасымызда ешқандай қолдау таппады. Егерде сол заманда көзі қарақты біреу қолтығымнан демеп жіберсе ғой деп ар- ман етем қазір. Қайтейік, сурет өнерінің мұрнына иісі баратын біреуді жолықтырмады ғой тағдыр бізге.


Майлы бояу мен акварельді араластырып, қа- ғазға сурет сала беретінмін. Ешкім үйретпеген соң, әрі қолға бір дұрыс кітап ілікпеген соң осылай бо- лады да.


Майлы бояумен жай қағазға сурет салуға болма- сын, оған қатты картон керектігін, ал акварель деген майлы бояумен мәңгі үйлеспесін кейін өз тәжірибем- нен білдім.


Әттең, ауыл... “провинциализм” атты дертіңнің барын осындайда мойындамасқа амалың жоқ.


Бір мен емес, мен секілді мыңдаған жастың сол дерттің шырмауынан шыға алмай қалғанына қынжыламын.


 


* * *


Біздің үйдің сауып отырған қызыл сиыры аяқ астынан жоғалды.


Қоңыр күз еді, сылбыраған жаңбыр. Әкей жаң- бырға да қарамай, сабылып оны ұзақ іздеді. Үшінші күні әзер тапты. Өзіміз шөп шабатын шабындық жақтағы бір шұңқырға құлап кетіпті. Үйелеп, тұра


 


алмай көп арпалысқаны байқалады. Ақыры өліп тынған. Төрт аяғы көктен келіп, теңкиіп жатыр.


Бұны көргенде әкейдің көзінен жас шығып кет-


ті.


Әншейінде “қарасан келгірдің” астына алып,


жерден ап, жерге сап сыбайтын. Енді құтылғанына қуанар деп едім.


Әкей өйтпеді, туысынан айырылғандай қи- налды.


Малдың қасиетін түсіну осы шығар!


* * *


Жазушы Алдан Смайылов ұзақ жылдар бойы Ақмолада қызмет жасаған талантты қаламгер. Ке- ңестің қылышынан қан тамып тұрған кезінде қазақ- тың намысын жыртып, жер үшін, тіл үшін қаймықпай күрескен азғана қайраткердің бірі. Бүгінде Мемле- кеттік сыйлықтың лауреаты, Парламент Мәжілісі- нің депутаты, біздің сырлас аға досымыз.


Сол Алдан ағамыз ертеректегі бір оқиғаны ай- тып еді...


Целиноград облысы, Астрахан ауданының бі- рінші хатшысы Еренков деген әпербақандау бір кісі болыпты. Терең күз уағы болса керек. Әлдебір ауыл- да шаруа шал көпененің орнында қалған азын-аулақ шөпті жинастырып, шоқайтып арбаға басып әкеле жатады. Машинасымен өтіп бара жатқан хатшы ар- балы шалды көріп, тоқтай қалады:



  • Шөпті қайдан алдың?


 



  • Даладан...

  • Ендеше бұл кеңшардың шөбі ғой!

  • Жо-жоқ, кеңшар шөбін баяғыда тасып алып әкеткен. Мынау орнында қалған сағдар ғой, соларды жинастырып...


Хатшы шалдың сөзін құлағына да ілмейді, қал- тасынан сіріңке алады да, шырт еткізіп шөпке от қойып жібереді.


Арбадағы шөп лау ете қалады. Жегулі ат шошы- нып, арбаны ала қашады. Шал домалап жол шетіне құлап түседі.


Бұл оқиғаны естіген журналист Алдан Смайы- лов хатшының қылығын мінеп, мақала жазады. Га- зетте де елжанды, намысқой азаматтар отыр ғой, жасқанбай-ақ мақаланы басып жібереді.


Сол-ақ екен, онсыз да “ұлтшыл” атанып жүрген Алдан айықпас бәлеге қалыпты. Соңына КГБ түседі. Отырса опақ, тұрса сопақ болады. Айдалудың аз-ақ алдында жүргенде, Құдайға шүкір, “демократия мен жариялылық” заманы туып, Алдекең бәледен азар құтылса керек.


 


* * *


Ұзақ жылдар бойы Астанадағы мемлекеттік полиграфиялық кәсіпорынды басқарған Ахметқали Өтеғалиев:



  • Әкем мен шешем кейде ұрсысып қалушы еді, – деп балалық шағын есіне алғаны бар. – Ше- шем “елдің күйеуі төрт жыл ғана соғысты, сен неғып


 


жеті жыл бойы жоғалып кеттің, сонда сен осы кіммен соғысып жүрсің?” деп тиісетін.


Әкем ондайда шыр-пыр болып, әлденені кеңірдек жыртып дәлелдеп жататын. Ондай әскери терминдер- мен “тұздықталған” дәлелдерді ауылдың қарапайым әйелі қайдан ұқсын. Шешем бәрібір сенбейтін.


Мен де оның сырын есейе келе бір-ақ түсіндім. Әкеміз 1939 жылы әскерге алыныпты да,


мерзімді борышын аман-есен өтеген соң, елге енді қайтқалы жатқанда бұрқ етіп Ұлы Отан соғысы басталып кетеді. Содан төрт жыл бойы майданның қанды қасабына араласып, толарсақтан саз кешіп, соғысты Берлинде бір-ақ аяқтайды. Соғыстан кейін де жібермей, әскерде тағы бір жыл ұстап, тек 1946 жылы әзер босаған екен.


* * *


Біздің ауылдың күншығысында күншіліктен мұнартқан “Алексан” деген шошайған шың бар. Баяғы замандарда ол “Ақшоқы” аталған екен. Кейіннен “Алексан” деп аталып кетіпті.


Ұшар биігін бұлт тұмшалап, көкке тік шаншылған Алексанның басы қыста да, жазда да ағарып жа- татын. Қыс айларында белгілі ғой, ақ қар, көк мұз дегендей... Ал жазда ақ бас болып жататыны – тұтасқан қорым тастар күнге шағылысып аппақ бо- лып көрінетін. Картада бұл шоқының биіктігі 2367 метр деп белгіленген.


Бозбала күнімізде ауыл арасында мынандай бір әнсымақ бар-тын.


 


Басынан Алексанның алдым қайрақ, Атыма тоқым салмай міндім жайдақ. Жақыннан, ауылымнан қыз табылмай, Сайран сап, қызық қуып жүрмін бойдақ.


Ақшоқыны қазақтар неліктен “Алексан” атаған?


Алексан деген кім сонда?


Сұрастыра келе, үлкендерден мына әңгімені ес- тіген едік...


Осы шоқының арғы астында Фадиха деген ауыл бар. Ол ауыл қалың терістің ішінде, жазда атпен, қыста шанамен ғана қатынайтын тау сілемінің төрінде жатыр. Тәуелсіздік алғаннан кейін Фадиха “Марал- ды” аталды. Өйткені ол ауыл атам заманнан марал өсіретін.


Мінеки, осы ауылда төңкеріске дейін Фаддей деген көпес өмір сүріпті. Мыңғыртып марал өсіріп, жүздеген жалшы ұстаған екен. Әрине, көпестің жал- шылары жергілікті қазақтар, өзінің ауылдастары. Фаддей көпес мінезі қазымыр, оңбаған, мазасыз кісі болса керек, ауылдастарына жөн-жосықсыз тиісіп, күн көрсетпейді. Өзі аюдай ақырған қарулы адам екен, бірде мас болып жүріп, көшеде қарсы кездес- кен бір қазақты шықшыттан ұрып, өлтіріп тастапты. Қазақтар жиылып, жоғарыға шағым жазады. Тексе- ру келеді, келген пристав Фаддейдің үйінде үш күн той тойлап, қазақтардың өзін кінәлі етіп, араққа то- йып шайқатылып қайтып кетеді.


Фаддейдің әйелі күйеуінен бетер адуын болып- ты. Әлгі шағымнан соң бәйбіше одан ары ашуға мініп,


 


қаймана қазақты отырса опақ, тұрса сопақ қылады. Екеуінің еңгезер бойлы, өгіз мойын, күжірейген ұлы бар екен. Әкесі мен шешесін арқа тұтқан ол ауыл жі- гіттерінің басына әңгіртаяқ ойнатып, қыз-қырқынға қырғиша тиеді. Бір жолы бойжеткен жас қызды ор- ман ішінде зорлап кетеді. Қыз деген қазақтың намы- сы, ауылдастары бұдан әріге төзе алмайды. Жасырын кеңес құрып, сайланып мықты бес жігітті шығарады. Фаддейдің ұлы екі-үш адамға бой алдырмас күш иесі болса керек. Оның қыдырып етектегі Өрел ауы- лына кеткенін байқап, жігіттер аңдып жүреді. Со- дан екі күн жол тосады. Үшінші күні удай мас, тау ішін жаңғыртып өлеңдетіп қайтып келе жатқан жерінде Фаддейдің ұлын ұстайды ғой. Жігіттердің бірі арқанмен шалмап, екеуі жол шетіндегі жартастан үстіне қарғып, аттан құлатады. Содан жерде апыр- топыр арпалыс... Жігіттерге бой бермей, жұдырық сілтеген кезде біреуінің мұрнын бет қылады. Қазақтар жау болса да өлімге қиған ба, байлап-матап, жуасы- тып, жөнге саламыз деп ойлаған ғой. Фаддейдің ұлы бесеуіне де күш бермей бара жатқан соң бір жігіт жер- де жатқан қарағайдың бұтағымен бастан бір ұрады. Сөйтсе сынған бұтақтың пышақтай ұшы басына кіріп кеткен екен, тентек ұл сол арада сеспей қатады.


Енді не істеу керек? Пристав білсе ауылдың жарымы мойындарына қамыт іліп, ит жеккенге ай- далмақ. Қалған қазақтың түбіне Фаддей мен бәй- бішесі-ақ жетеді. Сөйтіп, бұл ауыл тұқым-тұяғымен қоса құруы әбден мүмкін.


 


Бес жігіт Фаддейдің ұлын атқа өңгеріп, түнделетіп алыстағы биік шоқыны бетке алып тар- тып кетеді. Сонда апарып, адам аяғы баспас бір тастың қуысына көміп тастайды. Ит-құс қазып, денесін шығарып, ұрлықтарын әшкере етпес үшін үстіне ауыр тастарды домалатып, мақау бітеп тас- тайды.


Артынша айғай-шу, тентек ұлды іздеу бастала- ды. Төменгі жақтан иықтары жалт-жұлт еткен бір- неше адам келіп, ауылды түгел тінтеді. Ауыл ма- ңайын итпен іздейді, зиратты зерттейді, қазылған топырақ, үйілген төмпешіктің бәрін қопарады, бірақ түк таба алмайды. Сұраған қазақтар ауыздарын ашар емес. Құпия келіскен әлгі бес жігіттен басқасы бұл оқиғадан бейхабар болса керек. Ал мұрыны бұзылған жігіт тірі жанға көрінбей, тау асып, Ұра ауылындағы нағашыларына кетіп қалады.


Фаддей көпес жалғыз ұлын қазақтар құртқанын сезеді. Шағымданып қалаға кетеді. Сол жақта та- вернада қатты ішіп, төбелес шығарып, жүліктердің қолынан мерт болады.


Қазақтар ақбас шоқыны кейіннен “Александр өлген” атайды. Жылдар өте ол шоқы қазақы мақам- мен “Алексан” аталып кетеді.


Ал, Фаддейдің бәйбішесі күйеуі өлгеннен кейін де, ауылда ұзақ жыл өмір сүріпті. Бірақ бұрынғы мінез жоқ, қазақтардан қатты сескеніп қалса керек. Революцияның апалас-төпелес жылдарында ол да қартайып өмірден өтеді.


 


Ауыл алдымен “Фаддейиха”, яғни Фаддейдің әйелінің ауылы аталып, кейіннен ол атау да қазақы мақаммен “Фадиха” – “Падике” болып кетеді.


* * *


Фадиха ауылының жан-жағы қара орман, мәуе- лі балқарағай мен салба-салба самырсындар. Одан арғысы – асу белді жасыл жоталар, жайқалған шалғын, ақбас шыңды алып таулар.


Бірде менің ауылдасым әрі сыйлас інім Ербол Райысов өзінің ежелгі досы, әуесқой аңшы Мұрат Жетімековты ертіп, қыр жақтағы ит тұмсығы бат- пас қалың терісті аралап келе жатады. Астанадан бірер аптаға демалысқа келген Ерболдың көкірегінде сағыныш бар, орманның жұпар иісін құмарта жұтып, мауқын басып, сейіл құрған түрі екен.


Қалың терісте мылтықсыз жүру қауіп, жыртқыш аңдар баршылық. Аю мен қасқырды былай қойғанда, байқамасаң сілеусін де ағаш басынан көк желкеңе қона кетуі ғажап емес. Оның үстіне “үмітсіз – шайтан” деген, елік пен қоян кездесіп жатса қанжыға майлап қайтсақ деген ниеттен де аулақ емес.


Әлдебір тұсқа келгенде аттарды ағашқа байлап, етекте қалдырады да, өздері орман ішімен жоғарыға өрлеп кетеді.


Не заматта, орманның дөңсең беліне шыға кел- генде Мұрат Ерболды кеудеден итеріп қалып, оқыс тоқтатады. Жанжал шақырғандай, досының мына мінезіне Ербол аң-таң.


 



  • Абайласаңшы! – деп зірк ете қалады Мұрат.

  • Оу, не болды соншалық?

  • Әне, көрсеңші!


Қараса, бүйірдегі жуан самырсынның түбінде қарағай бөрене жатыр. Жас қарағайдан қиылған, пілдің сирағындай жуан ағаш. Бөренеге темір шын- жыр бекітіліп, шынжырдың созыла шұбатылған өн бойын жерге көміп тастапты. Көмілген топырақты самырсынның сарғайған бүрімен бүркемелеп қойып- ты. Шынжырды жасырған түрлері секілді. Аңшылар бұндай бөренені “тоқпақ” дейтінін Ербол бұрыннан білетін.



  • Абайла, сенің тура алдыңда аю қақпан жа-


 


тыр!


 


 



  • Қайда? – Ербол селт етіп, шегініп кетеді. Шынында да, тура қарсы алдында топырақпен


 


себелей жауып, көк шөп пен самырсынның бүрі асты- на жасырған бірдеңе байқалады. Үңіле қарағанда қақпанның болымсыз нобайын көреді. Яғни, осы дөңгелек нобайдың орта тұсында қақпанның тілі болуға тиіс. Енді екі аттаса, Ербол тура сол тілді ба- сып қалады екен.



  • Құдай біледі, броконьерлер құрған! – дейді Мұрат басын шайқап. – Әйтпесе біздің жақта лицен- зиясыз аю аулауға рұқсат жоқ.

  • Давай, тілін басып шаптырып кетейік?

  • Сөйтейік...


Ербол қол басындай бір бұтақты алып, қақпанның тілін басуға ұмсына бергенде, Мұрат:


 



  • Ойбай, тоқта! – деп баж ете қалады.

  • Не болды?

  • Андағымен болмайды, өзің мерт боласың.


Мұрат маңайды шолып, төменіректен сырғауыл тауып әкелді. Ертеректе жығылған шыршаның жалаңаш сүрегі. “Қақпанды шаптыруға бола осыншалық әуреленгені несі” деп Ербол тұрады таңданып.


Мұрат сақтана басып келеді де, сырғауылдың жуан ұшымен қақпанның тілін басып қалады.


Міне, ғажап! Алдарындағы жер мина жарыл- ғандай қопарылып, бұрқ етіп аспанға топырақ атыла- ды. Қақпан шарт ете қалады. Шаң бұрқырап, жан- жаққа мүк ұшады, сарғайған бүр шашырап, аз-кем уақыт қақпанның үсті көрінбей кетеді.


Енді байқайды, Ерболдың қақпан деп тұрғаны тілдің төңірегіндегі дөңгелек нобай ғана екен. Қақ- панның ауқымы әлдеқайда үлкен болып шығады.


Шаң басылған кезде Мұраттың сырғауылы қақпан шапқан тұстан морт сынып кеткенін көреді.


Ерболда зәре жоқ. Аю түгіл пілге құрса да, қақпан дәл осындай үлкен болады деп ойламапты. Әлгінде шолақ бұтақпен түртіп қалса бітті, қолын білектен қиып түскендей екен. Немесе, оның алдын- да Мұрат төстен ұрып тоқтатпағанда – қақпан тура қара саннан қапсырады екен. Құрғырдың арсиған тістері динозаврдың тістерінен кем емес. Түрінен адам шошырлық... Аюдай алыпты қансыратып алып жығатын бұл қақпан адамды оңдырсын ба?


 


Байқап жүрмесе тайга қауіпті деп, үлкендер жағы қайта-қайта ескерте беретіні шындық екен.


Ербол ініміз де үлкен бір қатерден осылайша аман қалыпты.


 


* * *


Шөлейт аймақтарда терең құдықтардың төрт қабырғасын піскен ағашпен шегендеп тастайды екен. Құдықта су болмайды, түбінде қоймалжың батпақ, мұздай салқын, сондықтан малшылар оны табиғи тоңазытқыш есебінде пайдаланады.


Жаздың ми қайнатар аптап күндері, маң да- ладағы қойлы ауыл. Қараша үйде көрші ауыл- дан келген қонақтар, ағайын-жұрағат. Жарқын күлкі, ду-ду әңгіме. Үйдің бәйбішесі әдетінше май мен шұбатты құдыққа түсіріп, салқында сақтап қойған.


Бәйбіше қонақтарға салқын шұбат алдырмақ болып, ұлдардың бірін жұмсайды. Жұмсаған ба- ласы ұзақ уақыт жоғалып кетеді. “Ана көкшешек ойын қуып кетті ме, сен барып шұбат алып келші!” деп екінші ұлды соңынан жібереді. Қонақтар кеу-кеу әңгіме соғып, өткен-кеткенді айтып, салқын сусынды әлі күтіп отыр. Жіберген екінші бала да ізім-қайым жоқ. Ашу шақырған бәйбіше енді үшінші – үлкен ұлды да жұмсап жібереді. Құдыққа кеткен үшінші ұл да жоғалады.


“Бұл жүгірмектерге не болды?” деп, шыдамай енді бәйбішенің өзі тәйтіктеп құдыққа жүгіреді.


 


Келіп, құдыққа үңілсе, үш ұлы да құдықтың түбінде қимылсыз серейісіп жатыр. Үшеуі де өліп қалған.


Әдетте құрғақ құдықтың түбіне улы газ жина- лады екен, малшы ағайын сол құбылысты ескерме- ген ғой.


 


* * *


Райкомның идеология жөніндегі хатшысы ақы- лына көркі сай, сылаң қаққан келісті келіншек болса керек. Өзі бойдақ екен. Хатшы келіншек ел жаққа іссапармен келген Сәуірбек Бақбергенов- ке ауданды аралатып, жазушыны оқырмандар- мен кездестіріп, күні бойы қасында болады. Кеш- ке қарай орталықтағы мейрамханада шағын банкет беріп, жазушыға құрмет көрсетеді. Банкеттен соң ретін тауып, Сәукең хатшының үйіне барып қонып қалса керек.


Ертесінде тағы ел аралау, түрлі ресми кездесулер. Сәукең ұялыңқырап, хатшы келіншектің бетіне тура қарай алмай жүреді. Ақыры бір әредікте тәуекел етіп, еңкейіп келіншектің құлағына:



  • Кешегіге кешір, шырағым! – дейді сыбыр- лап. – Мастық болды, сосын еркектік парыз са- нап...

  • Ой, ағай-ай, соншалықты қиналып не бол- ды? – депті сонда хатшы келіншек. – Біздікі де әншейін әйелдік парыз ғой!


 


* * *


Катонқарағай ауданында алпысыншы жыл- дардың басында Хрущевтің “жылымығына” сеніп қалып, тәуелсіздік, бостандық төңірегінде газет- журналдарға бұрқыратып мақалалар жазып, митин- гілерде жалынды сөздер сөйлеймін деп, ақыры КГБ-ның қудалауына түскен, сөйтіп Латвиядан жер аударылған диссидент бір әйел бар. Өзі талант- ты журналист, аты-жөні Кира Дроздовская. Ол кісі ұзақ жылдар бойы Шыңғыстай мектебінде мұғалима болып қызмет жасады, қазір зейнет демалысында. Ол апайымыздың жаны жаңалыққа құмар еді. Мек- теп жанынан бау-бақша егіп, түрлі жемістер, алуан гүлдер өсіріп, маңайды ботаникалық баққа айналды- ра құлпыртып жібергені бар.


Сол Кира апайымыз кейінірек қазақ жігітіне, Тоқан деген ауылдың қарапайым тракторшысына тұрмысқа шықты. Екеуі қыз өсіріп, ұл өсіріп деген- дей, үйлі-баранды болып, тату-тәтті ғұмыр кешті.


Алтайда жаз шықса болды қарайлауға уақыт жоқ, жаны бар пенденің бәрі қыбырлап шөппен арпа- лысады. Өйткені қыс қатал, қар ересен қалың түседі, алты айға созылып жатып алады. Шөп жетпесе тебін деген бұл өңірде болмайды, қолдағы малыңды қарадай қырып аласың. Сондықтан “жаздың бір күні қыстың бір айын асырайды” деген мәтелді бұл жақта бағдаршамдай ұстанады.


Тағдырға не шара, сол Тоқан жаз науқанының әлгіндей қызған шағында, жұрттың бәрі шөп деп


 


алашапқын боп жатқан кезде ат сүйреп, оқыс мерт бо- лыпты. Бұл оқиға орысшалау тәрбиеленген ұлдарын қатты таңқалдырса керек:



  • Әкеміз ақымақшылық жасады! – депті олар көңіл айта келген ауылдастарына шағынып. – Шөп науқаны қызған шақта өлгені несі? Онсыз да қол ти- мей жатқанда енді біз не істеуіміз керек? Осындай уақсыз уақта өлуге бола ма!


* * *


Қазір қазақ ауылдарының қотыр тайдай шұ- барланып, үңірейіп жүдеп бара жатқанына бәріміз куәміз. Өйткені көптеген жастар қалаға көшіп жа- тыр. Қалаға көшіп, жағдайын біршама жасап алған жастар екінші кезекте әке-шешелерін қолдарына алып жатқаны тағы шындық.


Сондай жігіттердің біреуі ауылдағы кәрі шеше- сін Алматыға көшіріп, қолына алады ғой... Арада жарты жыл өткенде қаланың қапырығына шыдай алмай, қатты зерігіп, туған ауылын сағынған ше- шесі ұлына былай депті:



  • Балам, сен мені қайта көшіріп, елге апарып тастасаң деп едім!

  • Ау тәте, “КамАЗ” жалдап, қаншама шығын шығарып, көшіріп әкелдік. Енді айтып отырған “еліңіз” не?

  • Қалада танысым жоқ, бәрі бөтен. Ертең өліп қалсам қайда жатарымды да білмеймін.

  • Өліп қалсаң Кеңсайға апарып қоямыз. Ол жерде нелер бір атақты адамдар жатыр, ақын-жа-


 


зушылар бар, солардың қасына барасың да, сен де жатасың.



  • Үйбай, ұят емес пе! – деп сонда шешесі бетін басыпты. – Өңкей беделді кісілердің ішінде қалай жатам мен?


* * *


Жазушы Дидахмет Әшімханұлынан естігені- міз бар:


Жаңаүлгі ауылында баяғыда жастары алпысты иектеген ерлі-зайыпты кісілер өмір сүріпті. Бірде сол үйдің бәйбішесі қатты науқастанып, ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалады. Бәйбіше “тегі, бұл науқастан енді айықпаспын” деп қауіп қылып, шалын қасына шақырады. Өткен-кеткенді айтып бақұлдасады, арыз-арманын аманаттайды.



  • Соңымда қалып бара жатырсың. Еркектің жалғыз қалғаны қиын болатынын білемін, – дейді шынымен қиналып. – Шүкір, балалар есейіп, өз алдарына бір-бір үй болып кетісті. Бәрібір келіннің қолына қараған қайбір жақсылық дейсің. Қара шаңырақта қарайып жалғыз тағы отыра алмассың сен. Сондықтан, былай... көп уақыт өткізбей, ауыл шетіндегі анау Нұрғайша жесірді білесің ғой?

  • Білемін ғой, Нұрғайшажанды...

  • Білсең сол... Айтайын дегенім, сол Нұрғайша- ны әкеліп кіргізіп алғаның жөн болар еді. Қалай дейсің бұған?


Мойны салбырап, төмен қарап отырған шалы үнсіз басын изепті.


 



  • Өзім де соны ойлап жүр едім! – депті міңгірлеп.


Сол кемпір науқасынан жазылып, шалы дүние салғаннан кейін де жиырма жылға жуық ғұмыр кешіпті.


* * *


Сақан Құрманов мұғалім бірде маған акварель бояу сатып әперді. Мұндай көп түсті жұмсақ бояу ауылда болмайды. Акварель менде бұрын да бар бо- латын. Бірақ ол бояулардың түрі аз әрі тастай қатты еді. Суда да жібімей зықыңды шығаратын. Ал Сақан мұғалімнің қаладан әкелген бояуы өзгеше жұмсақ, ақ қағазға айғыздалып әп-әдемі боп түсе қалады.



  • Әзірге тау-тасты салып қолыңды жаттықтыра бер. Соңыра Пушкинді, Лермонтовты, сосын Абай- ды саласың.

  • Ленинді ше? – деп сұрадым мен. Бұл сұраққа Сақан мұғалім біртүрлі тіксініп қалды.

  • Ленинде нең бар! – деді басын шайқап. – Қисық салып қойып, екеуіміз ұсталып кетіп жү- рерміз!


Қазір ойласам, отыз жетінің ызғары бертіндегі алпысыншы жылдардың соңында да сақталған екен ғой!


* * *


Баяғыда талантты ақын ағамыз Әлібек Қаң- тарбаев біраз жыл Ақмарал ауылында мұғалім бо- лып қызмет атқарыпты. Содан күндердің бір күнінде


 


Әлекеңді іздеп түкпірдегі ауылға аудан жақтан екі досы келеді. Бірін-бірі көптен көрмей сағынысып кез- дескен үш дос әңгімелері таусылмай, түні бойы той тойлап, қызыққа батып арқа-жарқа болысады.


Ертесінде түстен кейін ауданда мұғалімдердің алқалы жиналысы жоспарланған екен, үшеуі де ма- шинамен солай қарай шығады.


Түнде түбін түсіріп ішкендері бар, рөлдегі досы машинаны аудан орталығына емес, мүлдем қарама- қарсы бағытқа – Жамбыл ауылына бастар қасқа жолға түсіп кетеді. Теріс-қағыс кетіп бара жатқан- дарын ешкайсысы байқамайды.


Жамбыл ауылына жақындай бергенде, жол ше- тіндегі зиратқа бір кемпірді жерлеп жатыр екен.


Қалың елді көрген үшеуі машинадан түседі. Көпшілікке жақындай бере, Жәкең ботадай боз-


дап қоя береді. Зират басына жиналғандар елең етіп: “алыстан келген ағайыны болды ғой”, – деп басу ай- тады. Оған да болмай, жерді тырмалап жоқтап жы- лайды.


Бұл көрініске қайран қалса да, Әлекеңдер де се- ніп қалады.


Ертесінде екеуі Жәкеңе көңіл айтып, “кешегі жерлеген кемпір қандай туысың еді?” – деп сұрайды ғой.


Жәкең көзі жыпылықтап, түкті түсінбейді. Есінде ештеңе жоқ. “Сендер қай кемпірді айтып тұрсыңдар?” – деп аң-таң дейді.


Не дерсің оған... Ішімдіктің салдары деген осы!


 


* * *


Ақмоланың тумасы, ұзақ жылдар бойы партия- кеңес жүйесінде қызметтер жасаған Амангелді Кен- жинмен жаңа астанаға көшіп келген күннен бастап, он жылдан астам тату-тәтті көрші тұрдық. Мейрамдарда, той-томалақта сирек те болса бас қосып, шүйіркелесе кетеміз. Көршілердің сондай бір басқосуында Амангелді мынандай бір әңгімені айтқаны бар.


 


Біздің ауылда Дәлкен деген кекеш бір ақсақал өмір сүрді. Сол кісінің кекештене сөйлеп, үзіп- жұлып айтқан, жүрек шошытқан бір естелігі есімде қалыпты.



  • Ашаршылық жылдары... Ол жылдары, әсіре- се, Арқа жерінде өлім-жітім көп болды. Отбасымен оянбай қалған үйлер, тайлы-таяғымен қырылып қал- ған ауылдар да кездесетін. Ол кезде біз жасөспірім балалармыз. Бәріміз ашпыз, тыриған арықпыз, әй- теуір тірнектеп шөптің тамырын қазсақ та, торғай ауласақ та, өлместің қамын жасап жүреміз. Бірде ағам Мәлкен екеуіміз апамның ақық тастармен безендірілген күміс білезігін өткізіп, тым болмаса сүтін сауып, өзек жалғайық деген оймен базардан бір ешкі сатып алдық. Сатып алған ешкіні алдымен ағам Мәлкен сауды, ол сауған кезде мен ешкіні мүйізінен тұқыртып ұстап тұрдым. Мәлкен босқа әуреленді, қанша созғылағанмен сүт шығара алмады. Артынша, ағама сенбей, отыра қалып мен саудым. Маған да сүт шықпады.


 



  • Иімей тұр, еміп көрейік! – деп келістік.


Алдымен астына жата қалып ешкіні Мәлкен емді салпылдатып. Түк шықпады деп түңіліп тұра берді.


Енді мен ешкінің астына жата кеттім. Бар өнерімді салып сорғыладым. Тыпыршыған ешкінің емшегінен қан шығып кетті, бірақ сүт жоқ.


Біздің ешкімен әуреленіп жатқанымызды көріп, Жолдыбай дейтін ауылдас шал бұрылды бізге қарай.



  • Сүтін сауып ішейік деп мынау ешкіні сатып алып едік, сүті жоқ, көріңізші! – дедім мен қиналып.


Шал көрді де, баж ете қалды:



  • Қарақтарым, мыналарың ешкі емес, теке ғой! – деді.


Мұны естіген Мәлкен шалқасынан құлап түсті, сол жерде тіл тартпай өліп кетті. Мен есім ауып, бір апта төсек тарттым. Содан бері кекеш болып қалдым.


* * *


Етектегі ауылдан салт аттармен аттандық. Қа- сымда Ербол інім бар. Екі сағаттай орманды жал- ды бойлап, не заматта асуға шықтық. Бұдан арғысы Шабанбайдың салқын сабат үстірті. Шүкір, бұдан былай тау мен қия жоқ, жан-жақтан қаумалаған қара орман да таусылды. Ендігісі бірөңкей бұлтиған төбелер, жалданған жалаңаш жондар. Мұндағы ал- уан гүлшөпке бөккен альпі шалғыны ат сауырынан келеді. Кеңес заманында бұл Шабанбайды отар-отар мал жайлаушы еді, қарлы шыңдардың етегінде үйір- үйір жылқы жататын. Әр тұста жерошақта түтіні


 


будақтаған ақ отау, шулаған бала-шаға, құлын-тайы жарысқан қымыз ауылдарын көрер едіңіз. Сол көп мал мынау кең алқапқа сыймай жатқандай болатын. Жасыл майсаға жабысқан отар-отар қой жайлау төсінде шашылып қалған аппақ тастарға ұқсайтын.


Қазір сол көріністің бірі де жоқ. Жасыл жайлау жетім күйде. Ілуде бір қойшыға кездесесің. Сыңарынан адасқан жалғыз аққудай маң далада ағарып бір үй тұрады. Ол үйдің өргізген қойы, баққан жылқысы ба- рымтадан қалған малдай тым аз. Аз малдың өзі түкті жерге қадау-қадау жабысып, үй маңынан шығандап ұзай қоймайды. Мал тұяғы тимеген соң жайлаудың көк шалғыны да жасанған қыздай жайқалып, қырат пен жотаның бәрін құлпыртып жіберіпті. Қырдың лекіте соққан қоңыр желімен жайлау төсі жібектей толқиды.


Біздің келе жатқан сыңар соқпағымыз біраз жүрген соң, әлдебір шоқ қарағайдың ішіне кіре берді. Тіс шұқырға ағашы жоқ жалаңаш жайлауда бұл шоқ қарағай қайдан келген? Кілең қызыл қарағай! Бой- лап ортасына енбесек те, жолымыз шағын орманның шетін жанай өтеді екен. Байқап келемін, сол жа- ғымызда қозы қамауындай қоршаулар, шашылған сырғауыл, ақсөңке боп шіріген қада мен шарбақ.



  • Ай, Ербол, мына не қоршаулар? – деп дауыс- тадым алдымда келе жатқан інімнен. Ербол тізгін тежеп, мойнын бұрды.

  • Ескі зираттар ғой, аға! – деді.

  • Зират дейді?


 


Мен бұзылған қоршаулар мен шашылған сыр- ғауылдарға барлай қарадым. Біздің елде зиратты бұлай салмаушы еді ғой. Адамды қалың қарағай ішіне жерлегендері несі? Соған қарағанда мыналар тым ертедегі құрылыстың қалдықтары-ау, тегі!


Археолог емеспіз, өлкенің өткен тарихынан да шамалымыз, неге жорырымызды білмей, алуан ойға баттым. Қалай болғанда да біздің арғы бабалардың мәңгі қоныс тепкен бір мекені екенін ішім сезеді.


Сырғауылы қисайған, қисайса да сынбаған, өзгелер құсап шашылып қалмаған, төрт бұрышын- да қағылған жуан қадалары бар бір зиратқа көзім түсті. Кезіндегі бір мықтының зиратына ұқсайды. Қоршаудың ішінде дәу қарағай өсіп тұр. Басқа зи- раттарда қоршау ішінде өскен ондай ағаш байқал- майды. Қарағайлар зираттардың шетінде, іргесінде, маңайында. Бірімен-бірі жарыса өскен балапан қа- рағайлар да баршылық. Мына қарағай солардың бәрінің атасындай, маңайдағы көп қарағай осы ата қарағайдың ұрпағындай көрініп кетті.


Дауыстап, жол бастап келе жатқан Ербол інімді тағы тоқтаттым.


Үш сағат жолда қара саным ауырып қалған екен, аттан төңкеріліп азар түстім. Жас қой, Ербол атынан қарғып түсіп, “не болды” дегендей емпеңдеп қасыма жетіп келді. Иегіммен ымдап әлгі зиратқа қарай жүрдім.



  • Аға, мынау әдейі отырғызған қарағай емес! – деді Ербол.


 



  • Неге олай деп ойлайсың?

  • Мынау адамды жерлеген соң зираттың басы- на шаншыған қада. Сол қада тамыр жайып, қарағай болып өсіп кеткен.

  • Апырмай, шаншыған қададан да қарағай өс- кені ме?

  • Жер құнарлы, неге өспесін!


Біз шашылған сырғауылдарды аттап, зираттың ішіне кірдік. Екі жағынан қарағайды айқара құшақ- тап, өлшеген болып жатырмыз. Бір-бірімізге сауса- ғымыздың ұшы ғана ілікті. Соған қарағанда бұл қарағайдың жасы кемінде екі жүз елу жыл болған-ау деп шамаладық.



  • Аға, тағы мына қызыққа зер салыңызшы, – деді Ербол. – Мына басқа қарағайлар мынау секілді үлкен емес. Мынау мама қарағай, қалғандары осы қарағайдың тұқымынан тараған.

  • Отбасы, бала-шағасымен орын тепкен екен ғой... – Мен Ерболдың бұл байламына мырс етіп күліп жібердім.

  • Сенбей тұрсыз-ау, – деді Ербол. – Қараңыз- шы, маңайдың бәрі жазық. Дала жетпегендей, қазақ әдейі әкеліп қарағай ішіне зират салмайды ғой. Мына ағаштар жеке топтанып, зираттың төңірегінде ғана өсіп тұр. Маңайда басқа орман жоқ.


Мен мойындағандай басымды шұлғыдым.



  • Яғни, ағаштар зираттан көп кейін пайда болған, сөйтіп осындай орман болып кеткен.


 


Біз аттарымызға мініп, лекітіп алға жүріп кет- тік. Қарағай ішінен шығысымен, Ербол үзеңгілесе жақындап, тағы бір болжамын көлденең тарт- қан.



  • Зират бар, яғни, осы маңайда ауыл болған.

  • Ауыл дейді?


–Иә, ауыл... Бірақ ол ауыл тым ертеде болған. Қарағайдың жасымен өлшесек – үш жүз жыл бұ- рын... Қазір ол ауылдың өзі тұрмақ, ізі де жоқ, өмірден мүлдем жоғалған, өшіп кеткен.



  • Жайлауда ауыл болды дегенді естімеппіз...

  • Бұл жалпақ белді жайлау жасап жүрген өзіміз ғой. Кезінде ата-бабамыздың алты ай қыс, алты ай жазғы жайлы мекені болған деген аңыз бар.

  • Бұл сөзің енді қисынға келіңкіремейді.

  • Неге келмейді? Біреу өлсе етектегі елге апа- рып жерлеуге ерінді дейсіз бе? Мынау көргеніңіз – маңайында ақар-шақар ауылы бар, рулы ел болған жұрттың зираты.


Ерболдың дәлелі мені енді ғана иландыра- йын деді. Шалғыны жайқалған қызылды-жасылды белдерге құмарта қарап келем. Ауыл қай тұста бол- ды екен? Кімнің ауылы? Кімдер болса да, әйтеуір қазақтың ауылы екені белгілі. Оның ішінде бұл Ша- банбайды үш жүз жылдан бері жайлап келе жатқан менің ата-бабаларымның құтты мекені.


Көкіректі белгісіз сағыныш кернеп, жанарға жас үйіріле берді.


 


* * *


Әуежайда орындықтың арқалығына шалқайып, ұшақ күтіп зерігіп отырғам. Дәл арқа тұсыма келіп, орындыққа жайғасқан қыз бен жігіттің әңгімесіне еріксіз құлақ түруге тура келді. Бұлар кімдер болды екен деп, көз қырыммен барлап едім... Қырықтар шамасындағы қырма сақал көркем жігіт пен жас бойжеткен екен. Екеуі осы әңгіменің алдында ғана танысқан сияқты. Екеуара диалог былайша өрбіді:



  • Мен бозбала күнімде қайда жүргенсіз?

  • Қазір де қартайып тұрған жоқсыз ғой!

  • Болса да...

  • Не “болса да”?

  • Болса да, мен үйленген кісімін дегенім ғой?

  • Құтты болсын! Бірақ мен сізден үйленгені- ңізді сұрағам жоқ қой.


Үнсіздік.



  • Сіз әдемісіз.

  • Қыздардың бәрі де әдемі.

  • Жоқ, сіз сұлусыз.

  • Айта берсеңіз, сұлудың да сыры кетеді.

  • Сыры кетсе де сыны кетпейді. Үнсіздік.

  • Сіз жұмбақ жымияды екенсіз... Джаконда- ның жымиысы секілді.

  • Мона Лиза десеңізші.

  • Иә, Мона Лиза...

  • Бұл теңеуіңіз – әбден жауыр болған теңеу.

  • Солай ма... Маған дейін сізге біреу осындай теңеу айтқан ғой, тегі.


 



  • Жоқ... Әлем әдебиетінде талай рет айтылған теңеу.


Үнсіздік.



  • Жә, осымен қоштасайық! – деді жігіт. – Әне, менің рейсімді хабарлап жатыр.


* * *


Чехияға барып келген бір досым кеңкілдей күліп отырып, мына бір жағдайды айтқаны бар.


Чехияда халықаралық үлкен бір конференция өтеді. Конференцияға әр елден жиналған делега- цияларға чехия жағы кешкісін қабылдау жасап, мейрамханада бас қосады. Ас та төк банкет бола- ды. Байқаса, даяшы қазақстандықтардың үстеліне келіп, шарапты құяды да, дәл қастарында жайғасқан орыс делегациясына ештеңе құймай өтіп кете бере- ді. Алғашқы ретте оларға да бір-бір рөмкеден ша- рап құйылған екен, сосын тоқтаған. Чехтардың бұл әрекетіне бәрі аң-таң.



  • Мәскеулік достарға неге шарап құймайсыз- дар? – деп сұрайды қазақстандық бір жігіт банкетті басқарып жүрген адамнан.

  • Олар ішкісі келмей отыр, – деп анау иығын көтереді.

  • Орыстардың өйтуі мүмкін емес!


Артынан анықталады, орыстар алғашқы құ- йылған 75 грамм шарапты түбіне дейін қағып салып- ты. Олай істеу – “енді ішпеймін, болдым” дегеннің белгісі екен. Соны айтып, орыс достарына түсіндірген екен:


 



  • Сонда қалай, 50 грамын ішіп, 25-ін қал- дыруымыз керек пе? Бұған қай орыс көнуші еді! – деп олар қарқылдап күліп жіберіпті.


* * *


Баяғыда, коммунистер партиясының қылышы- нан қан тамып тұрған заманда Мәскеуден, Орталық Комитеттен бір нұсқаушы Қазақстанға іссапарға келіпті. Бұрын қазақ даласын көрмеген, өзі маңқиған момындау, еңгезердей жігіт екен, қасына облыс пен ауданнан бірнеше атқосшы азаматтар ере шығады. Тамыздың тамылжыған күндерінің бірінде қырдағы малшыларды аралап, жер көріп, ел танып, кештетіп бәрі жайлаудағы бір қойшының киіз үйіне жете жығылады.


Қойшы жазған дастарқан жайып, бәйек болып, барын шығарып, қымбат қонақтарды шама-шарқын- ша күтеді.


Нұсқаушы да күні бойы жайлау аралаймын деп қатты шаршаса керек, пәленше кесе шайды бауырсақпен қосып, маймен шылап, терлеп-тепшіп ұзақ ішеді.


Соңынан, қисайып дем алайын десе, дастар- қанға буы бұрқырап төре табақ ет жетеді ғой. Мұны көрген мәскеулік мейман аң-таң, тілі күрмеліп, жа- нындағыларға жаутаңдай беріпті.



  • Это зачем? Мы же только что ели, – депті көзі жыпылықтап.


Қасындағылар бұл қазақтың дәстүрі екенін, қымбат қонақ келгенде қой сойып, бас тарту, жам-


 


бас ұсыну міндеттігін айтып түсіндіреді. Амал жоқ, бауырсақ пен майға тыңқия тойып алған нұсқаушы дастарқандағы еттен там-тұмдап, әр жерден бір шоқиды да қояды. Сөйтіп, бәрі сол қойшының киіз үйінде түнеп шығады.


Таңертең бауырсақ пен май, құрт пен ірімшік дастарқанға жайылып, сүт қатқан шай ұсынылады. Нұсқаушы орыс шай да ішпейді, бауырсақ пен майды да кешегідей ашқарақтана асамай, сызылып отырып алады.


Көліктер есік алдына келіп, қойшымен қош ай- тысып машиналарға отырып жатқан кезде мәскеулік қонақ соңына жалтақ-жалтақ қарай беріпті.



  • А что, мясо не будем кушать, что-ли? – деп сұрапты.


Қайдан білсін, қазақтың таңғы дастарқаны шай ғана екенін...


* * *


Бала кезім. Қойнауда қой бағып, ауылдан алыс “зәйімкеде” тұрамыз. Бірде үйдегілердің бәрі ауылға кетіп, жалғыз қалдым. Ілулі тұрған мылтық көзіме түсіп, ешкім жоқта мылтық атуды үйренуге бекіндім.


Бірер патрон алып, мылтықты көтеріп далаға шықтым.


Сонадай жердегі қашаға сүйеп нысана қойдым. Әлгі нысананы дәлдеп, шүріппені басып қалдым. Мылтық гүрс етті. Сол-ақ екен, шаңқ еткен иттің ащы дауысы шықты. Шошып кеттім.


 


Сөйтсем нысананың арғы жағында Жолдыаяқ ұйықтап жатыр екен. Оқ нысанаға тимей, өтіп барып Жолдыаяқтың артқы санын жаралапты. Қыңсылап, санынан аққан қанды жалап жатыр. Маған қарап ырылдап қояды. Әйтеуір өлген жоқ.


Көпке дейін мен иттің алдында өзімді кінәлі сезініп жүрдім. Жолдыаяқ келе жатса, бұрылып кетемін. Бір кезде еркелеп, қасымнан шықпайтын Жолдыаяқ та менен қорқатын болды. Мені көрсе болды, қораны айнала қашатынды шығарды.


Ит екеш иттің де көңілі қалады екен ғой...


* * *


Бір жылдары, Алтайға алғаш қар түскен күні біздің де қансонарға шыққанымыз есімде. Біз де- генім – ағаларым Жанұзақ, Қаныбек және мен.


Иректің күнгейіндегі бұта-қарағанды шолып жүр- міз. Шұбардың іші. Қаныбек итін ертіп бөлек кетті жоғарыға. Иті жоқ біздер төмен белдеуді сүздік.


Көп жүрдік пе, аз жүрдік пе, бір қалың бүрген- нің арасынан ор қоян атып шықты. Мен бүргенді айнала беріп, қоянның соңынан қуа жөнелдім. Жанұзақта “малопулька” болатын, соның шық ет- кен дауысын естідім. Құлағымның тура түбінен оқ зу ете қалды, селт етіп жалт қарадым. Жанұзақтың мылтығы тура маған кезеліп тұр екен... Мен қараған бетте қолындағы мылтығы түсіп кетті. Өзі сылқ етіп жерге отыра салды.


Жүрегім атша тулап, ентігіп мен қасына жетіп бардым. Қызыл шырайлы, сұлу жүзді Жанұзақ


 


шүберектей ағарып, еріндері кезеріп, дір-дір етеді. Жанарына мөлдіреп жалғыз тамшы жас үйіріле қалыпты. Сол жасқа толы тұнжыраған көзімен маған өзгеше жалынышпен, әлде аяныш па, қарады да, ба- сын шайқай берді. Мен де бір ажалдан қалғанымды ұғып, үнсіз басымды изедім. Арсалаңдап, тілі салақтап Қаныбектің иті келді. Артынша жоғарыдан Қаныбектің өзі де жетті айқайлап.



  • Ай, табан астарыңнан қашқан қоянды атпай, екеуің бір-біріңді жаңа көргендей мына тұрыстарың не? – дейді таңданып.


Мен қолымды жайып, иығымды көтердім.



  • Қайдағы қоян, біз ештеңе көргеміз жоқ! – дедім.


Осы оқиға маған мықты сабақ болды, қайтып мылтықты адамның алдына шошаңдап түспейтін болдым. Одан кейінгі жылдары да талай рет тау тентіреп, аң қарадық, құс аттық. Қолыма мылтық ұстасам болды – бозбала күнгі әлгі оқиға есіме түсе қалады. Сосын-ақ менен салмақты, менен сабырлы, менен сақ адам жоқ.


* * *


Біздің кезімізде мұғалімнің беделі жоғары еді. Өйткені ауылдағы сауатты, білімді адам мұғалім са- налатын. Тіпті бөлімше меңгерушісі мен ауылкеңес те үш-төрт сыныптық білімі бар, қалғанын өмірлік тәжірибеден жинақтаған азаматтар еді. Ал мұғалім болса тым болмағанда педучилище бітірген. Арыз жаза біледі. Арыз болғанда – домалақ арыз емес, оны


 


кейін көпшілігі игеріп алды ғой, жұмысқа қабылдау, баяғыда, жас күндерінде ұжымшарда істеген жыл- дарғы стажын қуалап іздеу, пенсия өндіріп алу секілді.


Мұғалімнің білмейтіні жоқ деп ойлайтынбыз.


Алайда, кейде мұғалімнің де білмей қалатын кезі болатынына өзім куә болып, менің таң қалға- ным бар.


Бесінші сынып оқып жүр едім. Суретшілердің арғы-бергі туындыларын ауыл кітапханасына келетін “Огонек” журналынан көріп-біліп жүрген кезіміз. Көкіректі “мен де солардай суретші болсам” деген асыл арман кернейді.


Әдебиет мұғалімі “Аллегория” деген термин төңірегінде бірер сөз қозғап, сабағын беріп жатты. Сабақ соңында әдеттегідей “Сұрақтарың бар ма?” деп оқушыларға қараған. Мен қол көтердім.



  • Ағай, Тицианның бір картинасын көрдім, “Ал- легория Альфонсо де Авальос” деп аталады. Ол не деген сөз? – дедім.


Мұғалім маған жақтырмай қарады.



  • Кім дедің?

  • Тициан...

  • Сен де тыныш отырмай көрім-әзіретті шыға- ра береді екенсің. Ертең жауап беремін, – деп, алдындағы сынып журналын тарс жапты да, кітабын қолтықтап бөлмеден шығып кетті.


Мұғалім ертеңінде де, бүрсігүні де, одан кейінгі күндері де менің сұрағыма жауап берген жоқ.


 


Содан кейін мен де мұғалімдерге суырылып сұ- рақ қоюды азайттым. Олар да мен ойлағандай бәрін білетін ғұлама емесін түсіндім.


* * *


Жетпісінші-сексенінші жылдары әйгілі зергер, шебер ұста, шешен тілді Дәркембай Шоқпарұлының үйіне жиі барып тұратынбыз. Дәркембай ағамыз қазақтың қолөнерін насихаттап өткен елжанды аза- мат еді. Көпті көрген, көңіліне көп дүниені түйген әңгімешіл кісі-тін. Біз үйіне барамыз да, ағамызға еркелейміз, жалықпай әңгімесін тыңдаймыз, жасаған зергерлік бұйымдарын қызықтаймыз, олардың қа- лай жасалатынын тамашалаймыз. Бірде суретші до- сым Еркін Нұразханов екеуіміз аулаға кіріп барсақ, Дәркембай шеберханасында қайыңның безінен шоқ- пар шапқылап жатыр екен.



  • Дәке, мынауыңыз не? – деп сұрадық.

  • Көрмей тұрсыңдар ма, шоқпар ғой! – деп Дәкең гүж ете қалды.

  • Немене, соғысқа дайындалып жатырсыз ба? – деп біз де тиісе сөйледік.

  • Иә, соғысқа... – деді Дәкең бізге бұрылып. – Соғыс болғанда үлкен соғысқа...

  • Шыныңыз ба?

  • Шыным сол. Шыдамым бітті, таусылдым. Енді бүгіннен бастап имансыздыққа қарсы соғыс ашпақпын.


 


* * *


Алматы әуежайында Астанаға ұшатын ұшақ күтіп отырғанда, көрші орындықтағы екі зейнеткер құрдастың мына бір әңгімесіне куә болғаным бар.



  • Сегізге дейін шаптым, – деді біреуі. – Осы да жететін шығар.

  • Немене, сегізден соң шабандап қалдың ба? – деп сұрады құрдасы.

  • Жоқ... – деді ана кісі. – Әлі де бірер бәйгеге қосылуға бізде шама бар. Әйел болдырды. Әйелді қуалағанмен есіл еңбек далаға кетіп жатыр.


* * *


Бір бөлмеде қатар отыратын, білім мен ғылым мәселесіне жауапты әріптесім Аяған Сандыбаев телефонмен Оқу министрлігінің бір қызметкерімен сөйлесіп жатыр. Оған Президент аппараты атынан шұғыл тапсырма берген сыңайда:



  • “Срогі” дейсің бе? Срогі... Бірақ біздегі жеделдікті өзің де білесің ғой. Бүгін тапсырма бер- се, “кеше орындауың керек еді” деп, іле қайыра сұрап жатады. Арғы жағын ішің білсін, бауырым!


* * *


Ана тіліміздің жанашырларының бірі, қаламы жүйрік журналист Ақайдар Ысымұлы бірде Шәмші Қалдаяқовтың “Қайықта” әнін тыңдап отырғанда былай деп айтып салғаны бар.


 



  • Сонда қалай болғаны... Жігіттің “ескегіңді берші маған, мен есейін сен еспе” деп өлең аяқталар шақта ғана айтқанына жол болсын! Яғни, оғанға дейін жігіт әләуләйлап ән шырқап, қыз жазған шаршап- шалдығып жалғыз есіп келе жатқан болды ғой?


Ақайдардың әзілінің астарында шындық бар


еді.


Әрине, әнге мәтін жазуда Нұрсұлтан Әлім-


құловпен таласар жан жоқ шығар. Ән әуенімен кере- мет үндескен, жүрекке дөп тиіп, сезіміңді шалқытар өлең жаза білетін ақын сирек болар. Десек те, осы “Қайықтаның” өлең мәтінінде логикалық сәйкессіздік бары рас... Жігіт құйқылжытып үш шумақ бойы өлең шырқайды да, төртінші шумағының ортасында ғана қыздан ескегін сұрайды. Сенбесеңіз, өзіңіз де бір көңіл аударып қараңызшы!


* * *


Бұқтырманың мұзы сетінеп, сең жүре бастады. Торостар бір-біріне қақтығысып, мұздар қарс айы- рылып, тарс-тұрс ете қалғанда, анау аңғар бойында бомба жарылып жатқандай әсер етеді.


Менің Оралхан інім талантты аңшы еді. Оның ақкіске ұқсас ұзын тұрпатты тік құлақ ақ иті болды. Аты Ақтөс болатын.


Бірде мына жағдайды көріп, ішек-сілем қатқаны бар. Өзеннің мұзы тарс етсе, Ақтөс арс етеді.


Тарсылға айбат шеккені емес, құлақ жаңғыртқан дауыстан шошығаннан үргені екен.


 


* * *


Бұқтырма су қоймасында мұз ойып, балық аулау- шылар баршылық. Ала қыстай мұз үстінен аулайды. Алайда, мұз жұқарған кезде теңізде балық аулау аса қауіпті.


Соған қарамастан, қайсыбір жылы сәуір айын- да бір топ балықшы мұзға шығып кетеді. Бір кезде әкесі мен баласы отырған мұз бөлініп, толқынмен теңіздің ортасына қарай ығып кете барады. Оны көріп тұрғандар ауылға шауып, қаладан бір тікұшақ шақыртады. Тікұшақ келгенше мұз тағы қақ айыры- лып, бата бастайды.


Белуардан суда тұрған, батып бара жатқан әкесі жандәрмен ұлын арқанға байлап, тікұшаққа көтеріп жібереді.


Өзі мұзбен бірге су түбіне батып кете барады.


Бала үшін, ұрпағымыз үшін бәріміз де сөйтер едік-ау!


* * *


Мынау бір шофердың айтқан әңгімесі. “Наурыздың басы болатын. Иен түзде келе жа-


тырмыз. Айнала мидай жазық, аппақ қар, мүлгіген тыныштық. Күн жылы, көктемнің иісі сезіледі. Бас- тығымның аңшылық өнері бар еді, мылтығы ылғи да машинаның артында жататын.


Күнге шағылысқан қар бетінде, сонадай жер- де бір көрініп, бір жоғалып кетіп бара жатқан қас- қырды көзім шалып қалды. Дереу қалғып отырған бастығымды ояттым.


 



  • Қасқыр! – дедім.


Бастығым елең етіп, мылтығына жармасты.


Екеуіміздің де делебеміз қозып, көлденеңдеп кетіп бара жатқан қасқырды қуып бердік. Бастығым тарс-тарс еткізіп қосауызбен атып та жіберді. Бірақ оғы дарымады білем, қасқыр жалғыз рет жалт қарады да, құйрығын бұтына қысып, маң далаға қарай безе жөнелді. Біз жолсызбен шоқырақтап соңынан қу- дық. Бастығым терезені ашып салып, тарсылдатып атқылап келеді. Бірақ құрғыр оқ тимейді. Қасқыр бұлғақтап, зытып барады. Біз қалмай қуып келеміз, атқылап келеміз. Бір кезде әлдебір “зәйімкеге” жақындап қалдық. Қасқыр сол ағынымен ұзын қора ішіне қойып кетті. “Құрыған жерің осы болар” деген- дей біз де қоқиланып машинадан түстік.


Үйден айғай салып, боқтанып бір күжірейген кісі атып шықты.



  • Оңбағандар! – деді жұдырығымен айдын- дап. – Менің итімді атқылап не жетті сендерге? Кімсіңдер өздерің?


Мәссаған! Алғашында аң-таңбыз, сосын жатып кеп күлейік.


Қойшыдан кешірім өтініп, ат-шапан айыпқа екі шөлмек тастадық та, өз жөнімізге кеттік”.


* * *


Париж қаласының шеткі бір аймағында Еу- ропа қазақтарының кіші құрылтайы өтіп жатты. Үлкен стадионның ішінде отырмыз. Стадионның


 


былайғы жағы аумақты парк, бау-бақша. Әр елден келген қазақ диаспорасының балалары жасыл алаңда топ-топқа бөлініп, футболдың қызығына кіріскен. Қалған жұрттың бәрі жанкүйер, айғай-шу, бірін-бірі жігерлендірген жалынды сөздер. Ол сөздер әр тілде, французша да, немісше де, швед пен норвег тілінде де шығып жатыр. Дегенмен түрікше айғай басымырақ секілді. Бұрыш-бұрышта базар саудасы қызған. Түрлі сувенирлер, құрылтайға арналған көйлек-майкалар, естелік белгілер сатылып жатыр. Көптен кездеспеген еуропалық ақсақалдар үстел басына жайғасып, шай сораптап, кеу-кеу әңгімеге кіріскен.


Кельннан келген бір ағайын:



  • Атасына нәлет, бүйткен тірлік құрысын... – деді өкінгендей басын шайқап. – Елді сағынады екенсің. Қазақстанға кетіп қалайын десең, балаларды қимайсың... Анау екі ұлымды айтам...

  • Несіне қимай жүрсің? Олар азамат болды. Ол ұлдар енді сенің ұлдарың емес, Германия мемлекетінің азаматтары, сол елдің жарқын келешегі! – деді қасындағы құрдасы.

  • Қайтейін енді... менің қаным ғой! – деп қиналды бірінші.

  • Сенің қаның сұйыла-сұйыла олардың бойын- да дәнеңе де қалған жоқ. Олар өздерінің қазақ екен- дерін де ұмыта бастады. Сондықтан сағынышың рас болса, ештеңеге қарайлама, Қазақстанға тарта бер!


Шындықты есту қаншалықты ауыр десеңізші. Бірінші ақсақал ауыр күрсінді. Содан кейін орама-


 


лымен көзін сүртіп, ештеңе айтпастан орнынан тұра берді.


* * *


Аршаты тауларында дем алып жүргенбіз. Тау- текелі өзенінің бойында, шатқал жарқабағына жа- бысқан аппақ мәрмәр тасқа кезіктік. Беті тақтайдай тегіс екен, табиғат ананың сұлу туындысы, кісі қы- зыққандай әсем. Әттең, айбақ-сайбақ жазу тастың әдемілігін бүлдіріп тұрды. Қап-қара бояумен біреу “Здесь был М. Нұрлан” деп атын жазып кетіпті.


Кіршіксіз аппақ мәрмәрды шимайлап жүрген бұл қандай жетесіз екен? Орманшы ма, қорықшы ма? Олар өйтпесе керек еді. Әлде адасып келген бір әңгүдік пе? Әлде мен сияқты саяхатшы ма? Жо-жоқ, саяхатшылар тасқа атын жазып, қарағайға белгі сал- майды. “М” дегені Мұхитов шығар, ондай фамилия бұл өңірде баршылық. Әлде Мыңжасаров, немесе Меңдібаев па екен?


Әй, осы жетесіздің тасқа жазып атын шығар- ғысы келгеніне қарағанда “Мырқымбаев” болғаны ғой, тегі?


* * *


Жазушы Қалихан Ысқақ ағамыз бірде мына бір әңгімені айтқан еді:


“Киетіні – 45 размерлі етік. Өзі кекеш.


Өмірде қатынсыз өтті, әйелге ебі жоқ еді.



  • Әй, анау Жамал жесірге барсаңшы, жұрт сені де “әйелге барады екен” деп сөз таратсын.


 


Баспайды-ау, баспайды.


Сөйтіп жүріп, қалжыңбастығы барын айтсаң- шы...


Шай құйып отырған келіншектерді аяғынан ды- рылдатып сүйретіп, босағаға апарып тастайды.


Бірде бір құрдасы оның 45 размерлі етігін алып, саз балшыққа матырып, Жамалдың табалдырығына келістіріп із тастайды.


Ертесінде достарын шақырып:



  • Көрдіңдер ғой, мұның суық жүрісі бар! – дейді.


Анау: “Байғам жоқ” деп азар да безер бопты.



  • Барғасың. Бұл ауылда сенен басқа 45-етікті киетін кісі жоқ, ізің, міне, сайрап жатыр... – деп, ауылға сөз таратып жіберіпті.


* * *


Иран еліне барып қайтқан соң, көрген-білгені- мізді айтып достармен бас қосып отырғанбыз. Ис- фаханда патшалардың әйгілі “иранбағында” болға- нымызды, нелер бір шығыс шайырлары жырлаған мәрмәр сарайларды аралап, хош иісті гүлдері шешек атқан бау-бақшада демалғанымызды айтып жатыр- мын. Сөзімді Сауытбек досым бөлді.



  • Сол “иранбақта” Шерхан Мұртаза ағаңның қандай өлең шығарғанын білемісің? – деді.


Естімеппін, иығымды көтердім.



  • Осыдан он-он бес жыл бұрын Иран еліне бір топ қазақстандық делегация барады. Араларында Шерағаң да бар. Елді аралап оншақты күн жүріп


 


қалады. Иран таза мұсылмандық дәстүрді қатты ұстанған мемлекет, ішімдікке тыйым салынған, іздесең таппайсың. Қыдырудан шаршаған Шерағаң:


Иранбақтың елінде Әулиеге табындым. Адамдардың бәрі сау, Мас орысты сағындым,


Елге қайтайықшы, ағайын? –


десе керек.


* * *


1991 жылдың 16–19 шілдесі аралығында Ыбы- рай Алтынсариннің 150 жылдық тойына қатысып, Қостанай өңірінде болып қайтқанымыз бар... Сол сапарда Ыбырай бабамыздың басына барып, тауап еттік. Ұлы бабамыздың мазары жалғыз екен, асфальт жол, таза тротуарлар, шөбі көгерген әдемі газондар.



  • Сонда бұл жерде зират болмаған-ау, тегі... Бұл алаңға Ыбекеңді құрметтеп, жалғыз қойған-ау, – деп сұрадық.

  • Жоқ, бұл жерде ертеде үлкен зират болып- ты, – деп жауап берісті. – Қалған зираттар беті тегістеліп, жермен-жексен тапталып кетті. Халық жалғыз Ыбекеңнің зиратын ғана сақтап қалды.


Алыстан заңғарадай көзге ұрған кесене... Төңі- регі теп-тегіс, жып-жылмағай!


Көктеп өсер көк өскін үшін құнарлы топырақ ке- рек. Әйтпесе, құнарлы топырақ болмаса – көк өскін де жапырақ жарып бойлап өсе алмайды. Бұл табиғат заңы.


 


Анау Ыбекеңнің төңірегінде жатқан қалың зи- рат – қалың адам маған сол құнарлы топырақты елестеткендей болды. Ыбекеңнің көкке шаншылған мазары – құнарлы топырақтан көктеп шыққан жеміске ұқсап кетті.


Тасты жарып шығар талант та тақыр жерге шықпасы белгілі. Әрдайым, оны қалыптастыратын, шыңдап отыратын орта барын көбінде ұмыта бере- міз. Сол сияқты әдебиетте де әр кезеңде талантты дүниелермен қатар “серость”, яғни ортақол дүниелер болған. Таланттың талант екенін, оның дәрежесін, деңгейін де айқындайтын сол “серость”. Әйтпесе бәрі талантты дүние болса, немесе сол таланттан басқа айналасында өзге дүние жоқ болса – әлгінің шын талант екенін де білмес едік, салыстыра алмас едік.


Олай болса, көктеп шыққан талант үшін де құнарлы топырақ керек екен. Ол құнарлы топырақ – жақсысы бар, жаманы бар – әлгі “серость”, ортақол әдебиет. Көктеп шыққан талант үшін де олардың өзіндік рөлі болатынын мойындамасқа амал жоқ.


* * *


“Жұртта қалған жеті үйдегі” Қабден – менің нағашым Қайсардың прототипі. Сондағы жазылған бірер оқиғалар да өмірде шын болған, нағашымның мінез-құлқын да айнытпай беруге тырыстым. Әсіресе ол кісінің “Батырлар жырына” әуестігі әлі күнге көз алдымда... Шам жарығымен күнде кешке “Батырлар


 


жырын” кезек-кезек оқимыз деп, жырдың біраз жерін жаттап та алғанбыз.



  • Балам, бастап жіберші! – деп нағашым кітап- ты байыппен бізге ұсынып жатқан кезде, біз кітаптың бетін ашпай жатып “бастап та” жіберетінбіз.


– Кешегі өткен заманда, Қарақыпшақ Қобыланды, Атасы оның Тоқтарбай, Халықтан асқан болды бай...



  • Балам, бұл Қобыланды ғой, сен “Қозы Көр- пештегі” Қарабай мен Сарыбайдың құдаласқан тұсынан бір қайыршы, – дейді нағашым. Немесе:

  • Әлгі “Айман мен Шолпанның” әнеу жерін оқып жіберсең қайтеді? – дейді қиылып.


Әліпті таяқ деп білмейтін, қара танымайтын, ақша алуға қол қойғанда руникаға ұқсас әлдебір дүниелерді сызғылап, қолды да әзер қоятын нағашым батырлық дастандарға келгенде, көкірегі де, көңілі де зерек еді. Қай жырда қандай кейіпкер барын, ол кейіпкердің іс-қимылын жатқа білетін. Сүйсінген тұстарын қайта- қайта оқытатын. Қаңтардың қақаған аязында таң қараңғысымен мал тебіндетіп кеткен нағашым – кешке бүрісіп, тоңып үйге жететін. Кейде әлденеге ашуланатын, малға жетпей жатқан шөпке, жемнің тапшылығына ренжитін, боқтанатын. Соңынан, мал- ды жайғап болып, шай ішіп, қолына мұқабасы түтіліп жыртылған “Батырлар жырын” алған сәттен бастап нағашым түрленіп, томағалы бүркіттей қомданып салушы еді. Малға жем-шөптің тапшылығы, бала-


 


шағасына жүгеріден жасалған ұнның (Хрущевтің за- маны ғой) жетіспей жатуы, даладағы ақтүтек боран, қораны буған саршұнақ аяз – бәр-бәрі өткінші күйкі тірліктей былай қалатын да, нағашым өзге бір әлемнің әлдиінде тербетілгендей күйге түсетін.


Байқап қарасам, бүгінгі менің бойымда әде- биетке деген ұмтылыс, ұлтымыздың салт-дәстүріне деген құрмет сағыныштай боп алыста қалған сонау бала кезден қалыптасыпты. Нағашым зорлап отырып оқытқызатын “Батырлар жырынан” бастау алған сияқты.


Жуықта сол “Батырлар жырын” Кітап музейінен көрдім. “Қазмемкөркемәдеббас – 1958 жыл”. Көзіме оттай басылды.


* * *


Ақын досымыз Ұлықбектің әкесі Оразбай Ес- дәулетов ақсақал бірде Өзбекстанға барып, ала та- қиялы ағайындарда меймандап, Бұқара жақта ар- падан боза жасау жолын үйреніп қайтыпты. Үйге келген соң “бұқаршылап” боза ашытып, бабына жет- кізіп, дайындап қояды. Боза дайын болды-ау деген күннің бірінде, түс әлетінде қаңғалақтап бір құрда- сы үйге келіп қалады. Орекең Бұқардан үйренген “өнерін” мақтан етіп, әлгі құрдасына бозадан қыр- лы стақанмен біреуін жұтқызып жібереді. Сәлден кейін құрдасы диванға қисайып, бырылдап ұйықтап кетеді. Орекең мектеп директоры, қызметтен қалуға болмайды, түс ауа жұмысына кетеді. Сабағын беріп, бітіп болмайтын кәкір-шүкір шаруамен кешігіп, түн-


 


делетіп мектептен қайтып келсе – құрдасы диванда бырылдап әлі ұйықтап жатыр. “Апырмай, ауырып қалмаса жарар еді” деп, сілкілеп жүріп әзер оятады.


Басы мең-зең, құрдасы қайда жатқанын сұ- райды.



  • Менің үйімде жатырсың, – дейді Орекең. – Жалғыз стақан сыраға бола күні бойы ұйықтағаныңа жол болсын!

  • Үйбай, Ореке, сағат қанша болды?

  • Сағат түнгі он бір...

  • Масқара... Енді бәйбішеме не бетіммен кө- рінем?

  • Не боп қалды сонша?

  • Ұят болды. Мен сендерді бүгін кешкілік қо- наққа шақыра келіп едім ғой! – деп үйіне қарай бе- зектей жөнеліпті.


* * *


Армия қатарына екі айға шақырылып (1980 жылы), мен батальонның “замполиті” болдым. Ме- нің комбатымның әскери шені капитан еді. Ұзын бойлы, жап-жас әдемі орыс жігіті. Кітапты көп оқыған, әдебиеттен мағлұматы бар, сауатты, зерделі азамат. Өкінішке қарай, бүгінгі офицерлер ара- сында жан-жақты білімді жігіттер некен-саяқ қой. Көпшілігі шені жоғарыға жалтақтап, жалпақтап, шені төменге қоқаңдап, уставтың түзу жолынан басқаны оншалықты пайымдай бермейді. Менің комбатымның ерекшелігі сол, кейде адамға ой та- стар әңгімелер айтатын:


 



  • Мен әскери адам болғаныма кейде өкінемін, – деді ол бірде маған. – Менің өмір бойғы оқыға- ным да, кейінгі қызметім де – бәрі де бір ғана мақ- сатқа бағытталыпты. Ол – кісі өлтіру... Осы да интеллигенттікке жата ма? Әрине, үш қайнаса сорпа- сы қосылмайтын тірлік.


Осы ойдың астарында шыңғырған шындықтың бары рас. “Отан қорғау”, “Ел тыныштығын күзету” – мұның бәрі де ақталуға лайық сөздер ғой. Бәрібір, солардың түп-төркінінде, мейлі ол ата жауың болсын, ет пен сүйектен жаралған Құдайдың пендесін, жер бетін басып жүрген тіршілік иесін өлтіру жатыр.


Адамзаттық, имандылық тұрғыдан қарағанда бұған ешқандай да ақталу жоқ секілді. Бұл жөнінен мен комбаттың пікіріне қосылар едім.


* * *


Біздің ауыл ертеректе “Ұра” аталыпты. Аталса аталғандай-ақ, өзі де ұраға ұқсас, терең шұңқырдан орын тепкен. Жан-жағында күргейлеген қалың тау, осы алып таулар бейне бір ауылды қоршап қойған алып қамал секілді. Боран-шашын, дауыл мен жел дегенді біздің ауыл білмейді, өйткені олардың бәрі таулардың биік басымен кетеді. Әйтеуір, біз білгенде шұңқырдағы ауыл қашанда тыныш болатын. Жазы қоңыржай салқын, қысы құрғақ, адамға да, малға да жайлы мекен.


Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Ұра кеңшар орталығы болып та дүркірегені бар. Жаңа үйлер, ақшаңқан кеңселер салынып, бау-бақша егіліп,


 


ауылдың іші-сырты құлпырып кетіп еді. Сол жыл- дары Ұра аты ұмытылып, “Орталық парк” атанды. Қазір соның бірі жоқ, ауыл адамдарының жарымы қалаға көшіп кетісті. Үйдің көбісі қирап, терезелері үңірейіп, оқыра тиген сиырлардың мекеніне айнал- ды. Бау-бақшаның ағаштары отынға кесіліп, қоршау- шарбақтарды әркім үйлеріне тасып әкетісті.


Міне, осы ауылда баяғыда, ауылдың дәурені жүріп тұрған заманда Мұқамади Кітапбаев атты қария бар еді.


Ол кісі біздің ауыл ғана емес, жалпы Қа- зақстандағы бұғы шаруашылығының ардагері бо- латын. Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері Көрмесінің күміс жүлдегері-тін. Мен әскерден келген 1973 жылы осы қадірлі қариямен жүздесіп, қойын дәптеріме біраз деректі түртіп алыппын.


Әңгіме “Ата, сіз біздің ауылдағы тұңғыш бұ- ғышысыз ба?” деген әуесқой сұрақтан өрбісе керек.


“Жоқ, балам, алғашқы бұғышы мен емеспін, – деп бастапты әңгімесін қария. – Жалпы бұғы-марал шаруашылығында мен 1934 жылдан бері істеп келдім. Ол кезде біздің ауыл үлкен бұғыларды бағатын. Кейіннен ғой, еліктей сүйкімді теңбіл бұғы бағуға көшкеніміз... Осы теңбіл бұғы саласында мен 1948 жылдан 1968 жылға дейін, яғни 20 жыл еңбек еттім. Сосын зейнетке шықтым да, жұмысты жастарға өткіздім. Сенің сұрағыңа келсек, біздің ауылдағы ең алғашқы бұғы бағушы Нұржақып Әженов деген


 


ақсақал. Ол кісі қазір зейнет демалысында, Үлкен Нарында тұрады. Алғашқы 10 теңбіл бұғыны 1933 жылы Қиыр Шығыстан біздің ауылға әкелген осы Нұржақып. Одан кейінгі теңбіл бұғышы Жекей Ес- бердинов деген азамат болды. Жекейден кейін Иван Багаев 9 жыл теңбіл бұғы бақты. 1948 жылы 15 нау- рызда мен 55 бас теңбіл бұғыны сол кісіден қабылдап алдым. Осы жылы мұндағы үлкен бұғыларды Па- дикеге (Фадиха) көшіріп, біздің ауыл тек бірыңғай теңбіл бұғыға ғана ие болып қалды.


1958 жылы теңбіл бұғы басын көбейту үшін Қиыр Шығысқа ендігі кезекте мен аттандым. Ол жақтан 27 бас теңбіл бұғыны вагонға тиеп, олар- ды жол бойы шөп беріп, жем беріп, тербетіліп елге қайттым. Өскеменге дейін айдан астам уақыт жүр- дім. Тіпті жол азабын қатты тартқаным соншалық, шаршағанымнан күн санаудан да шатасып қалдым.


Менің азабым бұдан да көп болар еді. Қиыр Шығыста бұрын Черновада зоотехник боп қызмет еткен Зоринді кездестірдім. Тілеуіңді бергір, сол Зорин маған үлкен көмек жасады. Құжаттарымды тездетіп әзірлеуге, оларды тиісті мекемелерге дер кезінде өткізіп, рұқсат алып беруге жүгірді. Бұғы- ларды вагонға тиеу де машақаты көп жұмыс екен. Зорин достарын шақырып, асау тағыны тиесуге де көмектесті.


Бұғышылық өмірімде сан түрлі қызықтарға да куә болдым, балам. Әлі есімде, 1955 жылдың көктемінде аналық теңбіл бұғының біреуі егіз қозықа тапты. Бұл


 


бұғы табиғатында аса сирек кездесетін құбылыс. Бұл құбылысты жұрт жаманатқа жорып, шошынып еді. Шүкіршілік, бұғының екі қозықасы да өсіп жетілді, амандықпен ол жылды да, келер жылды да өткердік. Жаманшылық болған жоқ. Бұрын әр теңбіл бұғыдан 2 кг 400 гр панты алып жүрсек, сол елуінші жылдар- дың соңына қарай 3,5 кг панты алатын болдық. Жыл- дар өте теңбіл бұғы аза бастады. Қазір олардан алы- натын пантының салмағы 1,2 кг-нан аспай жүр. Неге олай? Теңбіл бұғыларды азықтандыру жағы кемшін. Қоршауларды кеңейту керек, Бестрүшкенің жалғыз тауын шиырлап бітті, жер тозды, шөп нәрсізденді, шабындық сонылығын жоғалтты. Бұрынғы ақ сұлы, концентраттар берілмейді. Теңбіл бұғы сондықтан да азып барады. Азған арық бұғыға пантыны көп бермеді деп ренжу орынсыз, балам”.


Осы әңгімені айтқан Мұқамади ақсақалдың да өмірден өткеніне көп жыл болды. Содан бері за- ман өзгерді, қоғам жаңарды, ел түледі, өмірге нарық келді. Бұл күнде бұғы шаруашылықтары түгелдей жекешеленіп кеткен. Тәуелсіздіктің алғашқы жыл- дарындағы аласапыранда қоршау саты ішіндегі бұғылар қаладан келген бастықтардың ермегіне ай- налды. Бөтеннің малын олар аясын ба, қызық қуып тарсылдатып тағыны атты, жеңсік ас деп қуырдақ қылып етін жеді. Көп жерде сатылар сынып, қирап, оларды жөндейтін ие табылмай, бұғылар қоршау іші- нен қашып далаға кетісті. Соның салдарынан бұғы басы мүлдем құрып кетудің аз-ақ алдында қалды.


 


Кезінде мыңғыртып марал баққан Фадиха, Берел ауылдарын да құрып бітті. Қалған шаруашылықтар кеш болса да естерін жинап, әйтеуір әупірімдеп бұғы малының тұқымын сақтап қалысты. Енді ғана көбейту жағын ойластырып жатыр.


Қойын дәптерімдегі көмескіленген жазбаларға үңілемін... Жазуым айбақ-сайбақ, кей жерін өзім әзер ажыратамын. Қариямен сөйлесіп отырып, сол арада қағазға түртіп алғаным байқалады. Қалай болған- да да осы жазба өткеннен күңіреніп үн қатқандай, өкініш білдіргендей, күрсінгендей көрініп кетті.


* * *


Өрікбай мен Қалима ерлі-зайыпты, екеуі де өнер- лі адамдар болса керек. Соғыстан соңғы жылдардағы Катонқарағай өңіріндегі бір тойда Өрікбай еркек- термен, Қалима әйелдермен айтысып, ақырында екеуі финалға шығады ғой. Ә дегеннен Өрікбай домбы- расын қолға алып, әндете жөнеледі:


Дегенде айым-қайым, айым-қайым, Бойында Бұқтырманың тал мен қайың. Қалима, бұқпаламай, шыныңды айтшы, Мен жоқта болып еді неше байың?


Бұны естігенде Қалима орнынан атып тұрып, шәт-шәлекей ашуланып тойдан кетіп қалыпты.


* * *


Жазушы Георгий Гребенщиковтың төңкеріске дейін жазған шығармаларында қазақ даласының


 


трагедиясы бар шындығымен ашылған. Переселен- дердің қазақтың жеріне сыналап қалай кіргені, соңы- нан мылтықтың күшімен шұрайлы, құнарлы мекеннің бәрін тартып алғаны, мал жаятын өрісті тарылтқа- ны, сөйтіп өзінің ата-баба мекенінде қазақ жазғанға өгей баланың күнін кештіргені нақты суреттеледі. Жазушының өзі сол зорлық-зомбылықтың куәсі болған, сол өзгерістерді көзімен көрген, қасіретті көңіліне түйген. Сондықтан да оның шығармалары ащы, жайбарақат оқи алмайсың. Жүрегіңді шымшы- лайды, көкірегіңе мұң ұялатады, ойға қалдырады. Мінеки, тыңдап көріңіз:


“Эта деревня появилась здесь как-то вдруг, неве-


домо когда и откуда. Лишь немногие из киргизов ви- дели, что года три-четыре назад здесь появился гро- мадный серый обоз из телег и бричек, нагруженных домашним скарбом, засаленными мешками, старыми столами и грязными люльками… Людей было много, и они показались киргизам грязными и злыми, с тягу- чей русской бранью и крикливыми ребятишками.


Приехали эти люди ранней весной и сразу же стали пахать цельную девственную степь, живя под телегами и под открытым небом. Потом косили и ста- вили огромные стога сена, а когда прошла страда и появилась на гумнах солома, они намешали ее с гли- ной и выложили низкие, подслеповатые избушки…


А теперь уже выросла целая деревня, в которой было несколько деревянных изб с тесовыми кры- шами. За последнее же время вырос из соломенных


 


кирпичей огромный дом, покрытый железной зеленой крышей. Время шло, и шли незваные гости, числом все больше и больше. Наехали чиновники, молодые и сердитые, наставили столбов, и в привольной киргиз- ской степи закопошилась новая, чуждая кочевникам жизнь. Киргизы оказались как бы загороженными в своих извечных просторах внезапно вырастающими новыми деревеньками...”


Осы көріністі қазақ қаламгері суреттесе өтірік дер еді, “ұлтшыл” деп соңына шырақ алып түсер еді.


Шындықты жасқанбай, жасырмай, тура бет- ке айтқаны үшін Георгий Дмитриевичке мың да бір рақмет!


* * *


Мынау Баян-Өлгейге барған сапарымызда ес- тіген әзіл әңгіме еді.


Моңғолдар палуан десе ерекше рухтанып, ішкен асын жерге қоятын халық екен. Айтуларынша, теп- се темір үзетін мықты жігіттеріне “піл палуан”, “түйе палуан”, “қаршыға палуан” тәрізді аттар береді де, соңынан бүкіл халық болып оларды бастарына кө- тереді, қадірлейді, үлгі етеді, пір тұтады.


Сондай бір сүйікті “піл палуанның” мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатпақ ниетпен оны партияға алмақ болысады.


Партиялық комиссия мүшелері “халықтың сүйік- тісін” көп қинамай, жеңіл-желпі сұрақпен ғана шыға- рып салмақ болып  шешеді. Сөйтеді  де, төрде  ілулі


 


тұрған Маркстің суретін көрсетіп, “мынау кім, білесің бе?” деген жалғыз ғана сұрақ қояды.


“Піл палуан” бұл сақалды кісінің суретін бұрын бір жерден көрген, бірақ атын білмейді, әйтеуір көсемнің бірі екенін сезеді. Сезеді де:



  • Бұл біздің баршамыздың әкеміз! – деп нық жауап береді.


Бұл жауапқа комиссия мүшелері риза болысып, бірауыздан партияға қабылдап, палуанды қошемет- пен шығарып салады.


Есіктен шығып бара жатқанда “қаршыға” атын иеленген екінші бір палуан “саған қандай сұрақ қой- ды, қалай жауап бердің?” деп сұрайды.



  • “Төрде ілулі тұрған сақалды кісі кім” деп сұра-


 


ды.


 



  • Сен не дедің?

  • Бұл біздің әкеміз дедім.


Комиссия    мүшелері    келесі    кезекте    кірген


 


“қаршыға палуанға” да тура әлгі сұрақты қойып, төрдегі Маркстің портретін көрсетеді.



  • Мынау кім, білесің бе? – дейді.

  • Білемін! – дейді “қаршыға палуан” басын изеп, – бұл сақалды шал жаңағы “піл балуанның” әкесі болады.


* * *


Кеңес заманында мен ұзақ жылдар бойы ал- ты газет-журнал редакцияларын біріктірген баста- уыш партия ұйымын басқардым. Алты редакцияны


 


алты редактор: “Балдырғанда” – Мұзафар Әлімбай, “Білім және еңбекте” – Ақселеу Сейдімбек, “Друж- ные ребята” газетінде – Ирина Боронаева,“Қазақстан пионерінде” – Уәлихан Қалижан, “Спорт” газетін- де – Сматбек Төребеков, “Пионер” журналында – Фариза Оңғарсынова басқарады. Бәрі де өкірген бастық, бірақ олар бастық болса да бастауыш партия ұйымының қатардағы мүшелері.


Бірде әлгіндей партия шаруасымен Фариза апам- ды іздеп, есігін ашсам, алдында алпамсадай бір жігіт отыр екен. Есікті қайыра жаба бергенде Фариза:



  • Әй, Әлібек, сенен жасыратын мұнда түк те жоқ, кіре бер! – деді.


Жайлап басып ішке кірдім де, әңгімелерін бөл- меуге тырысып, былайғы бір орындыққа барып үнсіз жайғастым.



  • Жөн-ақ! – деді Фариза апам ойға батып. – Жалпы, осы біз сені жұмысқа қабылдайтын шығар- мыз...


Мен бұрылып, редакцияға жаңадан қабылдан- ғалы жатқан жігітке назар салдым. Әуесқойлықпен зерттей қарадым. Қалай десеңіз де, партия ұйымының жетекшісімін ғой, жаңадан келген қызметкерлерді танып, біліп жүру менің коммунистік парызым.


Апамның алдындағы отыздарды молынан қы- дырып қалған, мығым денелі, шойқара жігіт екен. Бірақ, байқаймын, (өз тәжірибемнен де білем ғой) жігітім кеше аздап тойлаған сияқты, көзінің алды ісіңкіреп, бет-жүзі күреңітіп тұр.


 


Ойға батқан Фариза апам қабағын көтеріп, ал- дында отырған жігіттің бет-жүзіне көз тоқтата қа- рады да:



  • Ал, шырағым, осы сен ішімдікке қалайсың? – деп сұрақты төтеден қойып қалды.


Шойқара жігіт не айтарын білмей қимыжық- тап, қызарған көзін бас редакторға бір, маған бір төңкерді:



  • Жоқ, апай, ішпеймін! – деді басын шайқап. Жаны шықсын, өтірік соқты...


Апай жігіттің жауабына біртүрлі қабағы түсіп, маңдайы тырысып ренжіп, үнсіз отырып қалды.



  • Мұның дұрыс емес екен, шырағым, – деді сәлден соң. – Біз шағын ұжымбыз. Бәріміз бір үйдің адамдары секілдіміз. Той-томалақ, қуаныштарымыз ортақ болып жатады. Сондай кезде біз аздап бол- са да ішімдіктен тартынбаймыз. Ал қуанышымызға ортақтаса алмайтын, анда-санда ұжыммен бірге көңіл көтеріп, іше алмайтын қызметкердің бізге қажеті жоқ. Бара ғой, шырағым!


Мен болсам бұл жігітті жазбай таныдым, по- шымы да, түрі де “өзіміздің” азамат екен, яғни ішетін жігіт. Ішкенде біз секілді тышқаншылап емес, нағыз алысқа шабар аламанның сайгүлігі. Түбін түсіріп, “за- поймен” кететін ағайынның өзі сияқты көрінді.


Көлгірсуді білмейтін, жалғандыққа жаны қас, қашанда турасын айтып салып қарап отыратын Фариза апам да соны сезген секілді. Қызметке қабылдасам деп ниет білдіріп отыр еді, әлгі жауаптан


 


соң құжаттарын қолтықтатты да, қолын бір сілтеп, жігітті жөніне қоя берді.


* * *


Баяғыда, бір отырыста Амантай деген досымыз мүлдем қызды, тұқырайып отырып алды. Біз оған көңіл аудармай, жағымыз сембей сөйлеп жатырмыз. “Шыбарағаш” деген ауыл жөнінде қызық-қызық біраз әңгіме айтылды.


Пырс-пырс... Қарасақ, Амантай дос еңкілдеп жылап отыр.



  • Оу, не болды?

  • Ол ауылда менің ең жақсы күндерім қалды, сағынып отырмын! – дейді тілін шайнап.


Жылай қоятындай ол нендей “жақсы күндер” екен?


* * *


Жазушы Дидахмет Әшімхановтың айтқаны бар: Жомарт мұғалім Гагарин ұшқанда атын есіне түсіре алмай: “Жә, қойшы, Иван деп айта берейікші”, – депті. Содан ұзақ жылдар бойы Дидекеңдер Гага- ринді “Иван” деп жүріпті.


Шүкіршілік, біз тұңғыш ғарышкердің атын Ди- дахметше “Иван” деп шатастырғанымыз жоқ. Бірақ екіншісін, Герман Титовты айтам, есейгенше Титов екенін білмей-ақ келдік.



  • Тағы бір ғарышкер ұшты, – деді Қапират мұғалім. – Аты Т-дан келеді. Мына біздің зоотехник Титоренкоға ұқсас.


 


Сөйтіп екінші ғарышкер біз үшін “Титоренко” болып кеткен.


* * *


Бірде “Егемен Қазақстан” газетінің басшысы, досым Сауытбек Абдрахманов газетке бір жылы хат келгенін айтты. Артынша жүргізушісі арқылы хаттың көшірмесін беріп те жіберіпті. Хат Фадли Әлиден екен. Аты-жөні қазақ қауымына белгілі азамат, иран- парсы тілінің маманы. Хат расында да жылы жазы- лыпты, көңіл өсірер әдемі тілегі бар. Хаттың мәтіні былай еді:


“Таяуда мен “Егеменнен” “Социализм әңгімесі” атты шығарма оқыдым. Авторы – елімізге белгілі қаламгер әрі қоғам қайраткері Әлібек Асқаров.


Әңгіме маған өте ұнады, қатты риза болдым.


Мұндай әңгімелерді оқи отырып, біз қазір қарғыс атқыр “социализм” деген сол бір құбыжық та қорқынышты әлемге жиіркене әрі күле қарайтын боламыз. Демек, мұндай әңгімелердің бүгін біз үшін тәрбиелік мәні зор. Өйткені сол социализмге де- ген ностальгия (арман, аңсау) әлі үлкен. Әсіресе, ин- теллегент арасында! (интеллегентке орай, қызыл!).


Сондықтан мұндай әңгімелер (басқа жанрлар- дағы шығармалар) жиі-жиі жарияланып тұрса, жүдә, жақсы болар еді деп ойлаймын.


Авторға бұл бағытта, шығармашылық табыс- тар тілеймін. Фадли Әли, зейнеткер, Алматы, 25.11.2004 ж.”


 


Фадли Әлидің осы хаты социализм заманының қитұрқы саясатын майдалап көрсету оқырман көңілі- нен шығатынын, халыққа керектігін аңғартқандай болды. Сол-ақ екен, өзгеше шабыттанып, осы цикл- дан тағы бірнеше әңгіме, бір хикаят жазып шықтым.


Қазақтың “Жақсы сөз – жарым ырыс” дегені рас екен.


* * *


Таң шапағын қарсы алу бір ғанибет қой. Әсіресе таңды тау басында қарсы алу – мәңгі ұмытпайтын, қайта-қайта сағынышпен еске түсіріп отыратын қайталанбас суреттің бірі.


Бозбала күнімізде ерте тұрып, таң қараңғысынан құр атуға шығатынбыз. Түн қараңғысын жамылып құр ойнағының маңайына күрке жасап, тығылып жа- тамыз. Күн кірпігі қылаң бере құрқылдап құр келе бастайды.


Алдымен таңның атысын көресің. Жер дүние алтын арайға шомылып, бусанып жатыр, ауада көктемнің хош иісі сезіледі. Көкірегіңді әлдебір шат- тық кернейді, қуанасың. Алыс жақтан ұшып келіп жатқан құр да сен секілді қуанады, секіреді, жүгіреді, құрқылдайды, ойнайды.


Сол кезде тау мен тасты жаңғыртып тарс-тұрс мылтық атылады. Борбаңдап жүгіріп жүрген құрдың бірнешеуі қанаттарын жайып, омақаса құлап жатады. Таңғы мөлдір тыныштық та, табиғаттың мау- жыраған әдемі суреті де быт-шыт... Аңшылық құ-


марлық сұлулықты танымайды екен-ау!


 


* * *


Ашамай шал дүние салғанда біздің ауыл ақ- сақалсыз қалғандай еді. Олай болмады, ақсақалдар табылды. Жетпіс пен сексендегі үлкендер бірді-екілі бар екен.


Сөйтсек, жүзге жеткен Ашамай атамыздың көзі тірісінде олар бала секілді көрінсе керек.


Ашекең дүние салған соң ғана олар назарға іліге бастады.


Бәрі де салыстырмалы деген осы!


* * *


Астанада, зиялы қауымның Ұлттық академия- лық кітапханадағы кезекті бір басқосуында акаде- мик Өмірзақ Озғанбаев әзіл-оспақ сөз арасында мына бір әңгімені айтқан еді.


Кештетіп жұмыстан шыққан әкесіне үйде күтіп отырған баласы төтеден сұрақ қойып қарсы алыпты:



  • Папа, осы сен кімсің?

  • Ғалыммын, балам, ғылым кандидатымын.

  • Содан кейін кім боласың?

  • Содан кейін ғылым докторы болам.

  • Содан кейін ше?

  • Алла жазса, профессор атанатын шығармын.

  • Ал содан соң?

  • Ғұмыр берсе, академикке де сайланып қалар- мын.

  • Содан кейін кім боласың?


Осы арада әкесі не айтарын білмей күмілжиді.


Сонда баласы тұрып:


 



  • Содан кейін сен Әбіш Кекілбаев боласың! – депті.


Бұл әңгіме әке мен бала арасында болған-бол- мағаны бір Құдайға аян. Мәселе онда емес, мәселе – ел ішіндегі, халық арасындағы Әбіш Кекілбаевтың аңызға айналған аты, кемел тұлғасы, биік беделі жа- йында. Расында да, туған халқы Әбіш перзентін ғұла- ма ғалым, қара сөздің асыл кені, ұлттық прозамыздың өрісін ұзартқан дара талант, қазақ әдебиетінің бүгінгі бәйтерегі, мінезі байтақ замандас, дегдар азамат ре- тінде таниды. Қандай да бір атышулы академигіңнен де Әбіштің парасатты тұлғасы биік тұрғаны тағы шындық. Әбіш қазақтың бағына жаралған жан екенін бәрі біледі, оны бәрі сөзсіз мойындайды. Сондықтан Өмекең айтқан мынау әңгіме ақыл-ойы терең теңіз- дің тұнбасындай болған асыл ұлына деген халқының сүйіспеншілігінен туған әзіл болар.


Ал енді мына парадоксті қараңыз: ресми тұрғыда


Әулие Әбіш академик түгілі, ғылым кандидаты да емес екенін көпшілік біле де бермейді.


* * *


“Поэзия падишасы” атанған әйгілі ақын Фа- риза Оңғарсынова – Атырау облысының тумасы. Осы туған өлкесінің қолдауымен ол кісі екі мәрте Республика Парламенті Мәжілісіне депутат болып сайланған-ды.


Маңғыстау өңірінде Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың мерейтойы кеңінен аталып өтіп жа-


 


тады. Той қуанышына Астана мен Алматыдан шақырылған ақын-жазушылар қатарында Фари- за да жүреді. Жерлестерінің Әбішке деген ықылас- ниетін көріп, ас та төк құрмет, сый-сияпат, көлденең тартылған сайгүлік, жабылған шапандарға куә болған Фариза апамыз Әбішке қаратып:



  • Атырау ғой, мына бізге түк бермейді! – деп қалжыңдағандай болады.


Сонда қасында тұрған Сауытбек Абдрахманов:



  • Фәке, Атырау сізге қайта-қайта дауысын бе- ріп жүрген жоқ па! – деп қалады.


Бұл жауапқа жиналғандар мәз болып күліп жібереді. Сауытбектің өткір әзіліне Фариза апамыз да риза болып, інісінің айтқанын мойындап, жылы жымиып басын изей беріпті.


Осындай әңгімені естіген кезде ежелден сөзге тоқтаған, әзіл-қалжыңы жарасқан қазағымнан ай- налғандай болады екенсің!





Пікір жазу