05.01.2022
  525


Автор: Әлібек Асқаров

Біз Астанаға қалай көштік?

Кешегі, біз көшіп келген кездегі Ақмола мен бүгінгі Астананы салыстырудың өзі қисынға келмей- ді. Өйткені екеуі екі басқа қала, қала ғана емес, мен үшін екеуі – екі басқа әлем.


Ол кезде мен Баспасөз және бұқаралық ақпарат деп аталатын министрлікте қызмет жасаймын. Үкіметтің көшу жөніндегі комиссиясының мүшесімін. Николай Макиевский деген төрағамыз жиі-жиі жи- найды, дайындығымыздың есебін тыңдайды. Ал- матыда орасан жер сілкінісі болады, тездетіңдер,


 


жиналыңдар деп қамшылап қояды. Ол кісінің сөзін әзілге баласақ та, көшуге жайлап дайындық жасап жүретінбіз. Бірде біздің бір “достарымыз” “министр Сәрсенбаев Ақмолаға көшуге қарсы екен” деген дақ- пырт таратып жіберіпті. Сол сөзге қатты ашуланған министріміз айналасы бір айдың ішінде министрлікті түп орнымен қопарып көшірді де жіберді. Бұл 1997 жылдың 2 маусымы болатын.


“Ақмолаға Ауыл шаруашылығы, Көлік министр- лігі көшіпті” деп естігеміз. Келсек, олары өтірік екен, әр министрліктен үш-төрт адам офистерін жөндеп, іссапарда жүр. Біз болсақ көшкен қызметкерлеріміз- дің бәріне үй сатып әперіп, екі КамАЗ, екі вагон керуенмен келдік. Сөйтіп, 3 маусым күні Ақмолаға келіп түстік. Алдамай, көзбояушылық жасамай, таза, тұтастай көшіп келген алғашқы министрлік болған- дықтан облыстың басшылары оркестрмен күтіп алды. Министрліктің жаңа офисінде атшаптырым дастарқан жайып тастапты. Сол арада пәтерлеріміздің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті.


Арада төрт күннен соң министріміз Алматыға қайтып кетті. Өйткені Президент Әкімшілігі де, Үкімет аппараты да әлі сонда. Министрліктің ұжы- мына ие болып шаң қапқан аптап қалада мен қалдым.


Ол кезде сол жағалауда саяжайлар, әлдебір по- селкелер бар. Ол жақ қалың маса, шіркей. Оң жағалау қаптаған құрылыс. Біздің үйдің қасында “Самал” де- ген шағын аудан салынып жатты. Күндіз де, түнде


 


де тарсыл-тұрсыл... Үй салу үшін алып балғалар пыс- пыс етіп, қап-қара түтін бұрқыратып қада қағып жа- тады. Көше біткен құрылыс, шашылған материалдар, асфальт салып, тротуар жөндеп жатқан адамдар. Жел соқса шаң борап кетеді. Жұмысқа үш-төрт көшені ай- налып, әзер жетеміз. Кейде көше жабылып, машина жүре алмай қалады, ондайда машинаны тастап жаяу тартамыз.


Мемлекеттік мекеменің бәрі әлі Алматыда, ел- жұрттан бұрын алып-ұшып несіне келгенімізге таң- быз, өкінеміз, бармағымызды шайнаймыз. Барар жер, басар тау жоқ, бірімізді-біріміз үйге қонаққа шақырамыз. Сондай басқосуларда Алматы туралы ән басталса қыз-келіншектер көздерін сығымдауды шығарды. Содан ондай әнге мораторий жарияладық. Іссапарда жүргендейміз, енді біраз шыдасақ, гүл жайнаған Алматымызға қайта көшіп кететіндей көңіл күйде жүрдік.


Ақыры, 8 қарашада мемлекеттік рәміздер келді.


10 желтоқсанда Президент Әкімшілігі мен Үкімет аппараты көшіп келді. Сонда барып жүрекке сенім, көңілге үміт ұялағандай болды. Қарамыз көбейіп, қайнаған өмір басталды да кетті.


Қазір өзім сол жағалауда, баяғыдағы саяжай- лар орын тепкен маңайда тұрып жатырмын. Шы- нын айтсам, хан сарайындай мұндай кең пәтерлер, котедждер бұрын түсімізге де кірген емес.


2011 жылы өткен Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайында Мюнхен мен Парижден, Лондон мен


 


Венадан келген бес-алты қазақ ағайынды ертіп, түн- гі Астананы қыдыртқанымыз бар. Түнде көп жүре бермегендіктен бе, түнгі Астананы өзіміз де біле бермеппіз. Ғажап, кереметтей көркем! Түнгі Аста- на жарқылдап, мың сан бояумен құлпырып салады екен. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралап жүрген қалталы қандастарымыз да бастарын шайқап, қала көрінісіне таң қалысты. Атажұртының бас қаласы- ның әдемілігін мойындап, риза болысты.


Расы солай. Астана көз алдымызда өсіп, өркендеп жатыр. Бәріне де куәміз, көріп те, біліп те жүрміз. Бұрынғы суық қыс, ыстық жаз да адыра қалған. “Алматылықтар жүрек жылуымен жылытып жіберді” деп әзілдейді жергілікті ағайын. Солайы солай да шығар, бірақ Елбасының тапсырмасымен қаланың айналасын қоршап мыңдаған гектар орман белдеуі жасалды. Олар қазір жайқалған тоғайға айналған. Ішінде қоян мен түлкі, елік пен қырғауыл жортып жүр. Тіпті Ақордаға бара жатқанда ағаштардың ара- сында қыста да, жазда да орғып жүрген орқояндарды көргенде делебең қозады. Қала көшелері де жасыл желек бауларға, алуан түрлі ағаштарға, жайнаған гүлзарларға толып кетті. Бүгінгі Астана көңіл арбап, көз қуантады. Он төрт жылда пайда болған қала- мызға тіпті өзіміз де қайран қаламыз. Іштей мақтан етеміз, марқаямыз.





Пікір жазу