05.01.2022
  472


Автор: Әлібек Асқаров

Ордабасыдағы аламан той

Ордабасы тойы, яғни Төле би, Қазыбек би, Әйтеке биді еске алу күндерін өткізу идеясы қалай пайда болды?


Ұмытпай тұрғанда бір жерге түрте салсам деп көптен ойлап жүр едім, енді соны жазайын деп отыр- мын.


1992 жылдың желтоқсанында Президент аппа- ратындағы біздің бөлімге (Ішкі саясат) Жамбыл облысы, Шу ауданында “той өткізуге рұқсат етсе- ңіздер” деген хат келді. Рұқсат қана емес, Үкімет қаулысын шығарып беруді сұрапты.


 


Ордабасы тойының алғашқы қозғаушысы осы хат еді.


Қаулының алғашқы жобасын Сауытбек екеу- іміз дайындап қойдық. Дегенмен, Сауытбек “қалай болар екен, ақылдасайықшы” деп іркіле берді.


Сөйтіп жүргенде, ақпан айында Төлеби ауданы- нан хат келіп түсті. Олар да әулие бабамыздың то- йын өткізуге рұқсат сұрапты.


Сауытбек айтты:


– Төленің тойын біз халықаралық масштабқа айналдырып жіберейік. Зираты Ташкентте ғой, той- ды сол жақтан бастайық. Екі халықтың достығына дәнекер болар мейрам жасайық, – деді.


Мен Шымкенттегі жігіттерге звондап, Ташкент- пен хабарласуларын сұрадым.


Сөйтіп жүргенде, Ташкенттен Үкібай Артық- баев Алматыға келіп, Сұлтановқа жолықты.


Сұлтанов: “Екі республиканың Министрлер Ка- бинетінің бірлескен қаулысын дайындаңдар” деп тап- сырма берді.


Екі елдің – Қазақстан мен Өзбекстанның Төле бидің 330 жылдығын Ташкентте бастап, Төлеби ау- даны мен Шымкенте қостап, Жамбыл мен Шу ау- данында аяқтау туралы қаулының жобасы дайын- далды.


Сауытбек:


– Енді ғалымдардың, жазушылар мен өнер адамдарының пікірін білейік, ақылдасайық, Қазыбек бидің тойын 1995 жылы, Әйтекені 1994 жылы


 


өткізуді жоспарлайық. Облыспен, ауданмен кеңес, – деп маған тапсырды.


Ғалымдарды, бірер жазушыны шақырдық. Жиналған жұрт әрқилы пікір айтып жатты. Бірақ бәрі де қолдайтындарын білдірді. Дәл осы кез- де үнсіз ойға батып отырған академик Манаш Қозыбаев:



  • Жігіттер, сендер бүйте берсеңдер қазақ қоғамын бүлдіресіңдер. Бұлайша жік-жікке бөлге- німіз жетер енді! – деді. – Арғыны көп жер- де Бөгенбайдың тойын, найманы көп жерде Қа- банбайдың тойын өткізіп жатырсыңдар. Есет батыр да бір облыс көлемінде ғана тойланды. Әулие- әмбиелерімізді бөліп-бөліп алдық. Ертеңгі күні бі- ріктіре алмай жүрмеңіздер, – деп ескертті.


Кесіп айтты, терең ой тастады.


Осы сөз демеу болып, біз үш бидің тойын бірге өткізуге бел байладық.


“Сұлтановтың атынан Президентке хат жаз”, – деді Сауытбек.


Мен Ордабасының тарихи мәнін, үш бидің қазақтың тағдырындағы рөлін, тойды өткізудің саяси маңызын айтып, үш бет “қысқаша хат” дайындадым. Сұлтанов       бұл                   записканы            қайтарып   жіберді. “Президентке білгішсініп ақыл үйретпе, Ордабасы мен үш биді бізсіз де ол кісі жақсы біледі, қысқа әрі


нұсқа жаз”, – деді.


Сөйтіп, үшінші рет жазған қысқаша хатты Сұл- танов мақұлдап, Президентке кетті.


 


Президент “келісемін” деп бұрыштама қойып беріпті.


Сол-ақ екен, жұмысқа қызу қойып кеттік...


Айтпақшы, Ордабасын таңдауда біраз дауға түсті.


Софы Сматаев: “Ұлытауда өткізген жөн, қазақ хандарының пәленше ұрпағы сол жерде бас қосқан, киізге орап хан көтерген”, – деді.


Бірақ мұндай үлкен тойды облыс басшысы Юрченконың көтеріп алуы екіталай болды. Был- тырғы жылы Құрылтайға жиналған қазақтарды қарсы алам деп облыс көтерем боп, қарызға бел- шесінен батып қалыпты. Ал, бойында қазақы қаны бар Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы Марс Фазылұлы Үркімбаев қарсы болмады.


Сөйтіп, той Ордабасыда өткізілетін болып шешілді.


 


* * *


Ордабасы туралы Президенттің келісімін 18 сә- уірде (1992 ж.) алдық. 19 сәуірде Бөгеннің әкімі Ермек Сатқанбаев пен жазушы Мархабат Байғұ- товты шақырып, ақылдасып, кеңесіп, соңынан олар- ға нақты тапсырмалар жүктедік. Олар Ордабасын жаңғыртатын мұндай тойды көптен арман етіп жүр- гендерін жасырмады. Балаша қуанды екеуі де.


22-сі күні Орынбасар Исақов, Әшірбек Сығаев үшеуіміз Шымкентке барып, той өтер жердің жай- күйімен, сценарийлерімен таныстық.


 


Ақмоладан әйгілі режиссер Жақып Омаровты шақырдық.


Театрландырылған көріністі жасау үшін 4 ре- жиссер тағайындалды.


Сценарийін жазу Софы Сматаевқа тапсырылды. Тойға дейін 1 ай ғана уақыт бар. Облыс жол жөндеп, жерді көгалдандырып, қауырт шаруаға кірісіп кетті.


Осыдан кейін-ақ біздің ойымыздан жатсақ та, тұрсақ та Ордабасы шықпайтын болды.


Өйткені бұл бір қазақтың ғана емес, Қазақстан- ның ғана емес, алты алаштың басын біріктіретін туыс- тас түркі елдерінің ортақ тойы болатын болды.


Тойға Орта Азия республикаларының басшыла- рын шақыру туралы тапсырма берілді.


Кішкентай ғана идея дами келе осындай ауқым- ды, ауқымды ғана емес, аламан іс-шараға ұласты.





Пікір жазу