Тәуелсіз елдің қуанышы
Біздің ел Тәуелсіздікті 1991 жылдың соңында,
16 желтоқсанда жариялағаны белгілі. Яғни, бұл мезгіл айналуға да, ойлануға да уақыт жоқ, жыл- дың межесіне жетіп, аяқталып қалған кезі еді. Сондықтан Тәуелсіздіктің дәм-тұзын 1991 жылы емес, 1992 жылдан тата бастағанымыз, еркіндіктің тынысын осы жылдан бастап сезіне бастағанымыз шындық. Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің тарап, ел басқарудың жаңаша жүйесі, жаңа құрылымы жасақтала бастады. Ол уақытта Президент пен Үкіметтің аппараты бір мекеме, “Қа- зақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кеңсесінің аппараты” деп аталатын.
Мінеки, осы аппаратқа Тәуелсіздіктің таңында, 1992 жылдың басында біздің де қызметке келгеніміз бар. Турасын айтқанда, “ЦК-ның” инструкторла- ры емес, Тәуелсіз елдің Президенті аппаратының тұңғыш қызметкерлері болып жұмысқа кірдік. Біз деп отырғаным: Талдықорған облыстық комсомол ко- митетінің бірінші хатшылығынан келген Серік Сейду- манов – қазір Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Қостанай облысында мәдениет басқармасын басқар- ған Сейіл Баймағанбетов – қазір Үкімет кеңсесінде бас инспектор, ҚазТАГ-тан келген талантты жур- налист Аяған Сандыбаев – қазір Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, сосын мен – республикалық “Өнер” баспасының бас редакторы едім. Біздің бөлім ол кезде “Мәдениет және ұлтаралық қатынас” деп ата- латын. “Мәдениетінде” Сейіл екеуіміз де, бұқаралақ ақпарат құралдарына жауапты – Аяған, ал енді біз оншалықты түсіне бермейтін күрделі сала – “ұлтаралық қатынас” – Серікте. Бүгінгі доктор, профессор Серік ол кезде де мықты маман, ғылым кандидаты. Мәс- кеуде тоғыз жыл оқып келген, көргені де, тоқығаны да мол білімдар азамат, білікті ұйымдастырушы.
Бөлім бастығы – 28 жастағы Алтынбек Сәрсен- баев, оның орынбасары – менің студенттік жылдар- дан бергі досым Сауытбек Абдрахманов.
Бұлардың бәрін тізіп отырғаным – қазақтың тұң- ғыш Құрылтайын өткізудің барша қара шаруасы – екі бастығымыз бар, негізінен қатардағы осы төрт қызметкердің мойнына түскен еді.
* * *
“Дүниежүзінің қазақтары Алматыда бас қос- пақшы екен, құрылтай деген әлдебір үлкен жиын да- йындалып жатыр екен” деп еститінбіз. Құрылтайды дайындап жатқан Қазақстан Жазушылар одағы, ұйымдастырып жүрген одақтың басшысы Қалдарбек Найманбаев ағамыз екенін білетінбіз. Бірақ мәселе- мен нақты айналысқанға дейін ол әңгімеге мән бер- ген жоқ едік, өз шаруамыз да басымыздан асып жа- татын... Ленин алаңында күнде митинг, транспарант көтеріп жиналған жұрт, әлденені талап етіп шулаған халық. Енді біреулер алаңның шетіне төсектерін са- лып, аштық жариялап, алшыдан түсіп жатқандары. Солардың бәрімен келіссөз жүргізу, мәмілеге шақыру, реттеу, жөнге салу тағы біздің бөлімнің міндеті еді.
Ұмытпасам, тамыздың жиырмасына қарай бір үл- кен әңгіме шықты. Біздің үлкен бастығымыз – Вице- премьер Мырзатай Жолдасбеков бөлім меңгерушісі Алтынбек пен оның орынбасары Сауытбекке шұғыл тапсырмалар беріпті. Ол екеуі келді де, қол астындағы төрт қызметкері бізге шұғыл міндеттер жүктеді.
– Құрылтай срыв болғалы тұр! – деді Алтынбек қапаланып. Ол кезде қазақшадан гөрі орыс тілінде көбірек сөйлеуші еді. – Хочешь завалить дело – по- ручай Союзу писателей! – деп түтікті.
Содан ұққанымыз, төрткүл дүниеде быты- рап жүрген қазақтың басын қосып, Құрылтай өткізу идеясын о баста Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі көтеріпті. Сөйтіп, сол шаруаны
Қалдарбек ағамызға тапсырыпты. Елбасы тапсыр- ған соң, Жазушылар одағы бұл шаруаға бел шешіп кірісіп, Құрылтайдың айы мен күнін белгілеп, шет- тен адамдарды да шақырып қойысыпты. Бірақ қаншалықты белсенгендерімен, толып жатқан ұйым- дастыру шараларына шамалары жетпей, құзыреті жүрмей дағдарысып қалысыпты. Тіпті дайындық- тың ең негізгі жұмысы – әлі күнге қаражат жағы да қарастырылмаған көрінеді. Ал, қаражатсыз қайбір іс алға жылжысын.
Құрылтайдың алғашқы қонақтары тұтас бір ұшақпен 25 қыркүйекте Германияның Ганновер қа- ласынан келетіні белгілі болды. Яғни, арада бір ай ғана уақыт бар. Ал қаржылық, құқықтық, кедендік, тағы басқа толып жатқан кедергілері бар халықара- лық масштабтағы мұндай іс-шара үшін бұл тым аз уақыт еді.
Жазушылар одағынан өзіміз жақсы көретін ел- гезек ағамыз Сұлтанәлі Балғабаевты шақыртып, де- реу Үкімет қаулысын дайындауға кірістік. Қаулысыз қаржы да бөлінбейді, қаулысыз басқа министрліктер сенің құрылтайыңа пысқырып та қарамайды.
Қаулыға министрлердің визасын алу деген ол кезде де оңай шаруа емес болатын. Әр министрлік бес күн қарауы тиіс. Өйтер болсаң – әлі екі ай виза алумен сандаласың. Шүкіршілік, қаулының мәтіні дайын болған кезде Мырзатай ағамыз барлық ми- нистрлер мен ведомство басшыларын бөлмесінде жинады да, мәселенің мән-жайын түсіндіріп, белден
басып бәрінің қолтаңбасын алып берді. Сөйтіп, 1992 жылғы 27 тамызда Премьер-министр Сергей Тере- щенко қол қойған Үкімет қаулысы жарыққа шықты. Құрылтайды әзірлеп, өткізу жөнінде Мырзатай Жолдасбеков басқарған Үкіметтік ұйымдастыру ком- миссиясы құрылды.
Нағыз жұмыс енді басталды.
Айта кететін жай, қаулы шығысымен аппарат- та құрылымдық өзгерістер болған. Базар Дамитов ағамыз басқаратын Білім бөлімі, Василий Девят- ко басқаратын Денсаулық сақтау бөлімі, Көпбаев басқаратын Дін істері бөлімі, сосын біздің Мәдениет және ұлтаралық қатынастар бөлімі қосылып,“Ішкі сая- сат бөлімі” болып қайта құрылды. Жаңадан құрылған үлкен бөлімнің бастығына Алтынбек Сәрсенбаев, бірінші орынбасары Сауытбек Абдрахманов, орын- басары болып Базар Дамитов тағайындалды.
Ішкі саясат деп аталатын бұл бөлімге қызметке төрт адам қабылдандық. Сол баяғы “мәдениеттегі” төртеу. Қалған бөлімнің қызметкерлерін Алтынбек “әрқайсысымен жеке сөйлесемін, өзім іріктеймін, қысқарту болады” деп тоқтатып қойды. Бәріне “уақытша” қызметін жалғастыруға рұқсат берілді. Осындай себеппен оларды Құрылтай шаруасына тартуға біздің құқымыз болмады.
Серік Сейдуманов Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайын өткізу жөніндегі жұмыс штабы- ның бастығы болып бекітілді. Бұл штаб Құрылтайға әзірлік пен оны өткізудің барша қара жұмысының
орталығы еді. Біз соның мүшелері болдық. Әркімге тиесілі тапсырмалар бөлініп, міндеттер жүктелді. Сейіл Баймағанбетов Халық шаруашылығы көрме- сінде (қазіргі “Атакент”) тігілетін жүздеген киіз үйлерге, Аяған Сандыбай қонақүйлерге жауапты болды. Маған меймандарды әуежайда қарсы алу бағдарламасы, сосын “сенің қазақшаң жақсы” деп, қонақтарды автобустармен ары-бері алып жүру ша- руасы тапсырылды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Майра Қанафинаны, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нілзия Рақышеваны шақыртып, құрылтай жұмысына жұмылдырдық. Олар қонақүйлердегі сервизге, меймандардың дема- лыстарын қадағалап, олардың уақытылы тамақта- нуына жауапты болды. Сауытбек пен Қалдарбек ағамыз “Құрылтай” пойызын жасақтау, Жезқазғанға баратын ұшақ мәселесімен айналысып жатты.
– Бұл Құрылтай біздің бөлімнің жауынгерлік сынағы болайын деп тұр! – деді Алтынбек бәрімізге қатты ескертіп.
“Жауынгерлік сынақ” дегесін жан қала ма, бас- қа жұмыстың бәрін жинап қойып, бәріміз болып Құрылтайды дайындау шаруасына басымызбен қо- йып кеттік. Жиі-жиі Үкіметтік ұйымдастыру комитеті жиналады, олардың да мәжілісін, қағаз-құжаттарын әзірлейтін де біздерміз.
Алматы, Жезқазған, Оңтүстік Қазақстан об- лыстарының әкімдеріне Құрылтай қонақтарын қар- сы алып, жоғары деңгейде күту тапсырылды.
Мәдениет министрлігіне Құрылтайдың барлық мәдени бағдарламаларын дайындау ісі жүктелді.
Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі- не Құрылтайға арнап буклеттер, жарнамалар, ша- қыру билеттерін, басқа да баспа өнімдерін басты- руды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында Құрылтай жұмысын кеңінен жария ету мәселесі міндеттелді.
Сауда министрлігі мен Қазақстан Тұтынушылар қоғамдары одағына Құрылтай меймандары тұратын қонақүйлерде, іс-шаралар өткізілетін орындарда дұ- рыс тамақтануын ұйымдастыру тапсырылды.
Материалдық ресурстар министрлігіне, Көлік министрлігіне, “Қазавтокөлік” концерніне Құрыл- тайды әзірлеуге, сондай-ақ оны өткізуге қажетті барлық материалдық ресурстарды бөлуге, керегінше жеңіл машиналар мен автобустар дайындау жүк- телді.
Көлік министрлігіне меймандардың шетелден пойызбен, автобуспен келулеріне барлық қажетті жағ- дайды жасап, Түркістан қаласына барып-қайтуы үшін арнайы “Құрылтай” деп аталатын пойыз дайындау- ды, ол пойыздағы вагондардың барлығы жаңа болуы тапсырылды.
Қазақ азаматтық авиация басқармасына ше- телдерден келетін Құрылтай меймандарына арнайы рейстер жабдықтап, оларды жол билеттерімен қам- тамасыз ету, бұған қосымша Жезқазған қаласына (Ұлытауға бару үшін) арнайы ұшақ дайындау жағын
шешу тапсырылды. Әрі ішкі-сыртқы көлік тасы- малының бәрін сом (рубль) есебімен төлеуге рұқсат берілді.
Бұған қосымша медициналық және тұрмыстық қызмет көрсету, меймандардың қауіпсіздігін қамта- масыз ету, халықаралық телефон, телекс, телефакс байланысын орнату, тағы басқа шаруалар қатаң тап- сырылды.
Бірақ осы дайындықтың өзі аз еді. Өйткені ше- тел азаматының біздің елде жүріп-тұруына кедер- гі келтіретін, кеңес заманынан қалған заңдылық- тар, ереже-тәртіптер бізде әлі көп болатын. Соның бәрін сараптай келе, Құрылтай басталар алдында Үкімет тағы бір мықты қаулы қабылдады. Бұл қау- лы – сол Құрылтайдан кейін де ұзақ жылдар бойы шетелдік қандастарымызға үлкен жағдай жасаған тәуір құжат болды. Қаулы “Шетелдердегі қазақ диаспорасының өкілдерін Қазақстан Республика- сында болған кезінде әлеуметтік-экономикалық же- ңілдіктермен қамтамасыз ету туралы” деп аталды. Қаулының басты мақсаты Қазақстанмен танысу үшін сапарда жүрген, еңбек контракттары бойын- ша жұмысқа, экономикалық қарым-қатынастарды жолға қою мен қайырымдылық істері бойынша, ту- ған-туысқандарымен дидарласып қайтуға, сондай-ақ оқуға түсу үшін келген шетелдердегі қазақ диаспо- расы өкілдерінің республика аумағында жүріп-тұ- руына қолайлы жағдайлар туғызу болатын. Осы қаулы бойынша, шетелдік қазақ ағайынға Қазақстан
аумағында болған кезінде ведомстволық бағыны- сына қарамастан мейманханалардағы жамбаспұл үшін, республикалық әуе жолдары ұшақтары мен республика ішіндегі темір жол көлігіне алынған би- лет үшін республика азаматтарына белгіленген төлеу тәртібі қолданылатын болды. Сондай-ақ оларға түрлі оқу орындарына, аспирантураға түсулеріне біздің азаматтармен тең құқық берілді, оларды стипендия- мен, басқа да қажетті материалдық жағдайлармен мемлекет есебінен қамтамасыз етілуі қарастырылды. Білім министрлігіне бір ай мерзім ішінде диаспора жастарын біліми және кәсіби бейімдеудің, оларды әлеуметтік-экономикалық қолдаудың бағдарлама- сын, оқуға түсудің шарттарын әзірлеу тапсырылды. Бұларға қосымша Денсаулық сақтау министрлігі- не – диаспора өкілдері елімізде болған кезде олар- дың емдеу-сауықтыру жәрдемін пайдалануының тәртібін белгілеп, Қазақстан азаматтары сияқты ортақ негізде санаторийлік-курорттық емделулерін қамтамасыз ету табысталды. Туризм, дене мәдениеті және спорт министрлігіне шетелдік отандастардың ұлттық-этникалық мүддесін ескере отырып, респу- блика аймақтары бойынша арнайы туристік марш- руттар белгілеу, Сыртқы істер министрлігіне диа- спора өкілдеріне республикамызға келу визасын беруді жеңілдету, Ішкі істер министрлігіне диаспора өкілдерінің уақытылы тіркелуі мен олардың респуб- лика аумағында жүріп-тұруына қажетті құжаттарды әзірлеу шаралары міндеттелді.
Үкімет комиссиясының бір отырысында Мыр- затай ағамыздың: “Бәрің де өздеріңді ертең болар Құрылтайдың күтушілерімін деп есептеңдер. Ми- нистр екендеріңді, болмаса үлкен бастық екендерің- ді ұмытыңдар. Алыстан атажұртын аңсап келген ағайынның қолына су құйып берсеңдер, соны зор бақыт деп біліңдер”, – деп, комиссия мүшелеріне ше- гелеп тапсырған сөзі құлағымда қалыпты.
* * *
Сөйтіп, Серік Сейдуманов басқарған жұмыс- шы штабы қауырт жұмысқа кірісіп кетті. Серік бастық, біз оның сенімді сарбаздарымыз. Бірақ әркімнің алдына қойылған нақты өз міндеті бар, оны қалай шешесің, қалай орындап шығасың – ол тек сенің ғана шаруаң. Әйтпесе несіне Президент аппаратының жауапты қызметкері атанып жүрсің! Сондықтан Серіктің де, одан жоғарғы бастықтардың да бастарын ұсақ-түйек проблемалармен қатыруға болмайтын еді.
“Қазақстан” мен “Алматы” қонақүйлерінде де штаб ұйымдастырдық. Министрліктерден көмекке адамдар сұрап алдық. Содан кейінгі күндердің бәрі Құрылтай аяқталғанша құс ұйқы, түлкі құрсақ шапқылаумен өтті.
Маған “Әуежай бағдарламасы” тапсырылған- дықтан, алдымен оның идеологиясын жасап, комис- сияда бекітіп алу керек болды. Қонақтарды қалай
қарсы аламыз? Немен қарсы аламыз? Әрине, әнмен, гүлмен қарсы аламыз. Гүл де, гүл тапсырар қыз да табылады-ау, қандай әнмен қарсы аламыз? “Сондай да сұрақ бола ма, әрине, Қазақстанның гимнімен” десті үлкен ағалар.
Соңынан “Әуежай бағдарламасына” маған кө- мекке тағы екі адам қосып берді. Олар Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсен Беспаева мен біздің аппараттың бұрынғы Білім бөлімінің жауап- ты қызметкері, қазіргі Талдықорған мемлекеттік университетінің ректоры Есенгелді Медеуов еді.
Үшеуіміз ақылдасып отырып, қандастарымызды “Елім-ай” әнімен қарсы алсақ қалай болады деген ойға келдік. Ел басына күн туған сол бір алмағайып заманда ағайындар осы “Елім-ай” әнімен зар илеп, көкіректері қан жылап кеткен жоқ па еді?.. Ол кезде бодандық дағдыдан, коммунистік санадан әлі арыла қоймаған- быз, комиссияның кейбір мүшелері бұл ұсынысқа оқшырая қарасты. “Бүйректен сирақ шығарғанды қойсаңдаршы” десті. “Елім-айы” несі, бәлеге қалып жүрерміз деп үрікті. Енді біреулер “күллі әуежайға он- дай әнді шырқап берер әншің бар ма, ол әнді қайсысың білесіңдер” дегендей күдік келтірді. Бұл күдіктің аста- рында шындық та бар еді. Оған дейін қазақтың сан ғасырлық қасіретін бейнелеген бұл құдіретті ән бірде- бір ән кітаптарына кірмейтін, бұл ғажайып ән бірде-бір әншінің репертуарында жоқ болатын.
Шүкіршілік, осы арада өзінің ұлтжанды міне- зімен арашаға Мырзатай ағамыздың өзі түскен:
“Оркестрді әуежайда орнатып көріңдер, “Елім-айды” білетін, оны айта алатын әнші тауып, айтқызып тыңдаңдар, бұл ән қалай шығады екен, біліңдер, дұрыс болса қабылдаймыз”, – деп кесіп айтып, бізге нақты тапсырма беріп жіберді.
Ертесіне артынып-тартынып әуежайға барып, оркестрді жайғастырып, әр тұсқа дыбыс күшейт- кіш мықты аппараттарды орнаттық. Мәдениет ми- нистрінің бірінші орынбасары Әшірбек Сығаевтан “Елім-ай” үшін Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Қазақбаеваны сұрағамыз. Гүлжан апамыз, тегі, сырқаттанып қалған ба, Әшағаң сәлем айтып, басқа бір әншіні жіберіпті. Өнеріңнен айналайын, сол әнші келіншектің бүгінде есімін де ұмытып қалыппыз... Оркестрмен “Елім-айды” сорғалатып сызылтып шырқаған кезде – бүкіл әуежай күңіреніп кеткен. Өзі де бір сай-сүйегіңді шымырлатқан құдірет дүние ғой, естіп тұрған біз де кеудеміз қысылып, жүрегіміз көмейімізге тығылып, толқып кеттік. Құлағымыздың құрышы қанғанша неше қайтара айтқыздық. Ғажап-п! Қысқасы, гимн емес, осы “Елім-ай” әні жөн екеніне көзіміз әбден жетті.
Соңынан Сауытбек бастығымыз Үкіметтік ко- миссия төрағасы Мырзекеңе кіріп, “Елім-айды” дә- лелдеп, келісімін алып берді.
Содан кейін қарсы алудың жай-жапсарын, ұсақ- түйегін айқындауға кірістік.
Ұшақ келіп тұратын жерді белгіледік. Әлем- жәлем кілем жауып, саты қойдық. Шығар есікке
дейін ұзынынан созып кілемнен жарқыратып жол са- лып тастадық. Кішігірім митингі жасайтындай орын әзірледік. Басқыштың етегінде екі жақта он-оннан жиырма қыз гүл ұстап тұратын болды.
– Жігіттер, сендер мына жайды да ескергенде- рің жөн... Алыстан атажұртын сағынып жеткен аға- йын қызыңа да, гүліңе де қарамайды. Ұшақтан түскен бетте олар ата-баба жеріне тағзым етіп, еңкейіп жерді сүйем десе қайтесіңдер? Қыздардың етегіне жығыла ма сонда? – деді Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі Қуаныш Сұлтанов ағамыз әзіл-шыны ара- лас. – Сондықтан қыздарды басқыштан берірек жылжытқандарың дұрыс.
Соңынан Қуаныш ағамыздың айтқаны айдай келіп, бәрі тура солай болды...
Ұшақ келіп, белгіленген жерге тоқтады. Бүкіл әуежайды аңыратып, төбе-құйқаны шымырлатып “Елім-ай” кетті шырқалып.
Басқыштан түрік тақиялы ақсақалдар, ақ жау- лықты аналар бірі еңіреп, бірі қол орамалдарымен көздерінің суағарын іліп сүртіп түсіп келеді. Жер- ге жеткен бойда еңкейіп асфальтті сипайды, сүйеді (әуежайда қара жер қайдан болсын). Бір ақсақал тіпті жерге етпетінен жатып қалды. Мауқы басылған соң екі қолынан демеп, сабыр сұрап тұрғызып алып кеттік.
Осы ағайындармен көп күн бойы араласып, бір- ге жүргендіктен көбісімен етене жақын әңгімелеске- німіз бар. Бәрінің айтатыны – ұшақ тоқтаған бетте
күңіреніп “Елім-ай” шырқалғаны қатты әсер етіпті. Үлкен адамдар қайта-қайта күрсінісіп, әйелдер жа- ғы терезеден қарап сұңқылдап жылап отырыпты. Мюнхендік Шәріп Найман ақсақал “мен алты жа- сымда туған елімнен жер ауып кеткенде, осы ән құлағымда қалыпты” дейді. Енді бір қария босқын болып талай белден асып, талай елді басып, ит қор- лығын көрген заманда өзіміз де осы әнді жүрегіміз жылап тұрып айтушы едік деді.
Қысқасы, атажұртын аңсап келе жатқан аға- йынды гимнмен емес, “Елім-айлап” қарсы алғанымыз дұрыс болғанын осы кісілердің жүрекжарды тілектері де дәлелдегендей болған.
Әлі есімізде, Құрылтайға ертерек келген мейман- дарды ұшақпен Жезқазғанға жіберіп, ол топ Ұлытау өңірін бір айналып қайтты. Алматыдағы думан- тойдан соң қонақтар түгелдей арнайы пойызға оты- рып, Түркістанға барып зиярат етісті. Соңынан бәрі Алматы іргесіндегі “Дегересте” өткен аламан ат жа- рысын қызықтасып, сайын дала төсіне тігілген киіз үй қалашығында мейман болысты.
Соның ішінде, әсіресе, Түркістан сапарының әсерге толы болғанын білемін. Барарда пойыз бір- де-бір стансаға тоқтаған жоқ, Түркістанға қа- лай жеткенімізді өзіміз де аңғармай қалғанбыз. Қайтар жолда Арыс қаласы әкімінің қиыла өтін- генін ескеріп, пойыздың осы қалада жиырма ми- нут аялдағаны бар. “Сыртқа шығып, бақылау жасаңдар, қонақтарың жоғалып кетіп жүрмесін”
деп бастықтарымыздан тапсырма алғасын, барлау жасап перронға шыққанбыз.
Алаң толы қара құрым халық екен. Қаланың тайлы-таяғына шейін жиналған шығар дерсің. Тіпті аспалы көпірдің үстіне дейін иін тіресіп самсап тұр. Көпір мынандай көп елді қайтіп көтеріп тұрғанына таң қалғандайсың. Жиналған халықты перронға оншалықты жақындатпай, араға қызыл ала жіптер керіп тастапты. Керме жіптің бойы қатар-қатар мили- ционерлер, бізді ары қарай, арғы жұртты бері өткізер түрлері жоқ. Пойыздан түсіп жатқан ағайынға бата- тілек айтылып, шашу шашылып жатыр, байқаймын перронның үсті құрт-ірімшікке толып кетіпті. Әр жерде әуелеген ән, төгілген күй. Бүгін күн де өзгеше шуақты екен, нұрын аямай төгіп, көкте күлімдеп тұр. Е, дегенше, жиырма минутымыз да зыр ете түсті. “Отырыңдар, пойыз жүреді” деген ескерту де саңқ ете қалды. Мен керме жіпке таяу тұр едім. Жіптің арғы беті қош-қош айтып шулаған көп халық. Алдыңғы қатарда омыраудағы баласын көтеріп, бір мөлдіреген жас келіншек тұрған. Жастау кезіміз, өзімше қалжыңдап, әлгі келіншек жаққа қарата: “Атажұрттағы асыл ағайын, аман болыңдар, енді қашан келеміз, бір Құдайға аян, қош болыңдар” деп бұрыла бердім. Бұрыла бергенім сол еді, әлгі келіншек қолындағы баласын қасындағы біреуге ұстата салып, көз ілеспес шапшаңдықпен әлгі керме жіптің астынан өте шықты да, ұшып келіп мені бас салғаны. Керме жіпті күзетіп тұрған қырағы милиционерлердің өзі
ауыздарын ашып үлгерген жоқ. Мен шошып қалдым. Қарасам, келіншектің жанары жасқа толы, шөп-шөп еткізіп менің екі бетімнен алма-кезек сүйді де, тез бұрылып жүріп кетті.
Өзімнен-өзім жерге кірердей болып ұялып, тұ- қырайып мен вагонға беттедім.
Жас келіншектің жанарында мөлтілдеген там- шы жас вокзалда жиналған мынау қалың елдің алыста жүрген ағайын-бауырға деген сағынышы, адал ниеті екенін мен кейін ұқтым.
* * *
Жалпы, Тәуелсіздік жылдарында нелер бір ду- манды тойлар өтті ғой. Солардың ішінде Абай мен Жамбылдың, Мұхтар Әуезовтің, Құрманғазының мерейтойлары сияқты дүйім дүниені дүркіреткен ұлы тойлар да болды. Кейін қазақтың тағы екі құрылтайы өтті. Бәрібір, тұңғыш Құрылтайдың мазмұны мен рухы мүлдем өзгеше еді. Адамдардың бет-жүзі бал- бұл жанып, қуанса да, күлсе де, тіпті әзіл мен қалжың айтса да іс-әрекеттерінен әлдебір табиғи шынайылық сезілетін. Қайда барсаң, құшағын жайып арсалаңда- ған қазақтар. Тұңғыш Құрылтай өзіне дейінгі де, өзі- нен кейінгі де ешбір тойға ұқсамады. Әсіресе қазіргі “Атамекен” бауының ішінде жағалай, жарыса тігілген киіз үйлердің өзі бір қала-тын. (Кейіннен Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз бас болып, ұлттық үлгідегі жақсы киіз үйлерге жарыс өткізіп, үлкен бәйгелер тіккен бо- латын). Сол кездегі 19 облыстың бәрі де өз өңірінің
ерекшелігін айшықтайтындай, қадір-қасиетін паш ететіндей дайындықпен, ұлттық салт-дәстүрлерімен, Құрылтай қонақтарына деген алуан түрлі сый- сияпатымен келді. Қысқасы, Құрылтай дегенде об- лыстар барын шашты. Дәл осы жолы қазақ қазақтан аянып қалған жоқ. Оның үстіне Алматының түрлі мекемелері, сырттағы қазақ диаспоралары да ойып- ойып жер алып, алаулатып-жалаулатып транспарант- тар іліп, киіз үйлерін тігіп, олар да көл-көсір жайы- лып жатты. Әр жерде шырқалған әсем ән, төгілген күй, ойын-сауық, спорттық жарыстар. Концерт қойып, өнер көрсетіп жүрген эстрада жұлдыздары қаншама! Ал енді осы “Атамекенде” қонақтарға ар- нап сойылған жылқы мен қойдың есебінде қисап бол- мады. Бұл не деген ас та төк береке, есепсіз байлық, шадыман қуаныш деп таң қаламын қазір. Қазақтың мың жылдық рухы осы күндері тіріліп, Алматының төбесінде қалықтап тұрып алғандай еді.
Кейін пайымдадық, бұл той қазаққа бақ боп қонған, Тәңір тарту еткен Тәуелсіздіктің тұңғыш қуанышы екен. Төрткүл дүниеге бытырап, тұрым- тай тұсына, балапан басына кеткен, діні мен тілі- нен айырыла бастаған сорлы қазақтың есін жинап, бас қосқан күні екен. Сандаған ұрпақ арман еткен атажұрттың бостандыққа жеткеніне жүректері жа- рылардай болып, ағайынның бір-біріне қошемет көрсеткендері екен.
Бұл Құрылтай қазақ айтқан нағыз “ақ түйенің қарны жарылған” күн болды!
“Тойдың болғанынан болары қызық” деуші еді. Тұңғыш Құрылтайдың болары да, болғаны да есте қаларлықтай асқан әсермен өтті.
Күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ, пәленше күн алашапқын тірлік бәрімізді титықтатқаны да, шар- шатқаны да рас-ты.
- Айналайындар, бәрің қажыдың, білемін. Бірақ кейін қазақтың тұңғыш Құрылтайының бел ортасын- да жүргендеріңді мақтан ететін боласыңдар, – деген Мырзекең той тарқағаннан кейінгі жиында.
Ақылман ағамыз осы сөзін әлдебір көрегендік- пен айтқан сияқты... Тұңғыш Құрылтайды есімізге алсақ, қазір де біздің көкірегімізді мақтаныш сезімі кернеп, жүрегімізге жылы шуақ жайылғандай сезі- нетініміз бар.