05.01.2022
  174


Автор: Әлібек Асқаров

КАвКАЗ ӘСеРлеРі

1990 жылдың қазан айында Шешен-Ингуш АКСР-інде “Қазақ әдебиетінің күндері” сал-


танатпен аталып өткен еді.


Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, белгілі жазушы Сайын Мұратбеков бастап барған республика қаламгерлері әдебиет мерекесін бұл елде зор табыспен аяқтаған-ды. Күндер кезінде ақын-жазушылар Грозный қаласының еңбек- керлерімен, зиялы қауым өкілдерімен, дін басылары- мен, студенттермен жүздесті. Олар республиканың тоғыз ауданында болып, вайнах (шешендер мен ингуштер) халқының салт-дәстүрімен, тұрмыс-тір- шілігімен танысып қайтты. Осы Күндерге қатысқан қазақстандық жазушылардың құрамында мен де бар едім. Төменде сол сапардың әсерінен туған мақала назарларыңызға ұсынылып отыр.


* * *


Вайнах тағдыры талай мәрте талауға түскен, өткен тарихы қуаныштан гөрі қасіретке толы ел екен. Осы ел алыстан ат арытып қазақ қаламгерлері кел-


 


ген кезде дүр сілкінгендей болған... қазақ әдебиетінің күндері дүбірлі мерекеге, думанды тойға айналып кете барды. Мерзімді баспасөз, радио мен теледидар жарғақ құлақтары жастыққа тимей, қазақстандық меймандардың жүріс-тұрысын жария етумен болды. Республика басшыларынан бастап, жергілікті ақын- жазушыларға дейін кете-кеткенше қонақтардың басы- қасынан шықпай, құрақ ұшып құрмет көрсетті. Жал- пы қара шапан кавказ жұрты өзіміздің қазақ секілді қонақжай ел екенін бұрын да естіп-біліп жүретінбіз. Әйтсе де дәл осындай мәрттікті күтпесек керек. Олардың қазақ бауырларына деген ықылас-ниеті тіптен алабөтен екен, ерекше екен, соған куә болдық, көзіміз жетті. “Қазақ” десе болды, жанарлары жа- саурап, алыстан аңсап келген тумасымен кездескен- дей әмпей-жәмпей болысады да қалады, естері шыға шат-шадыман қуанысып жатады:



  • Балам, өзің Қазақстанның қай жерінен бо- ласың?

  • Араларыңда Шымкенттің Түлкібасынан біреу бар ма екен?

  • Біз ұзақ жыл Талдықорғанда тұрып едік...

  • Мен Ақтөбеде туып-өстім.

  • Ал мен болсам...


Қысқасы, не керек, қайда барсаң да елпең қағып, алдыңнан шығып, жөн сұрасып жатқан жайсаң жан- дар.


Кейінгі жас ұрпақ болмаса, ересек жұрттың тағдыр-талайы тұтастай дерлік Қазақстанмен сабақ-


 


тасып жатқанын барған бойда-ақ ұққамыз. Қазақ жазушылары көп қиналмай-ақ өздерінің жерлестерін тауып алып, шүйіркелесіп жөнелген. Ел мен жердің хал-жайын, ортақ таныстарын сұрастырып, екі жақ та мәре-сәре болысып жатты.


Әсіресе, шешеннің ақсақал жазушысы Ма- гомед Мусаевтың алғашқы күні қарсы алғандағы жүрекжарды сөзі бәрімізді толқытып жіберді:



  • Бауырларым менің, қандас ағайындарым! – деген қарт жазушы қуаныштан көзіне жас іркіп. – Біз сендерді отыз үш жыл бойы сағына тосып отырмыз. Біз сендерді баяғыдан бері ең жақын туысымызды күткендей сарғая күтудеміз... Түбі бір келетіндеріңе сендік. Күткен сайын біздің сендерге, қазақ ағайынға деген сағынышымыз еселеп арта берді. Ақыры жеттіңдер ме, бауырлар! Бүгінгі күн біздің халықтар үшін тарихи жарқын күн болып қалмақ!


Қарт қаламгер осынау екі ауыз сөзімен-ақ көп- көп сырдың ұшығын аңғартқандай болған.


Расында да, сонау бір алмағайып заманнан бері тура отыз үш жыл өткен екен.


Яғни, 1957 жыл, шешендер мен ингуштардың саяси ақталып, Қазақстаннан өз еліне көшкен уағы... Қиын-қыстау кезеңде, таршылық жылдары кездесіп, ағайындасып-мұңдасып кеткен, тағдырлас тамыр болған қос халықтың арасындағы арқау жіп сол елудің жетісінен бері үзіліпті, байланыс тоқтапты. Отыз үш жылға тоқтапты. Еліміздегі жаңару үдерістерінің лебі қазақ пен вайнах халқының арасындағы туысқандық


 


ниетті, достық қатынасты жалғауға дәнекер болған секілді. Шешен-ингуш топырағына тұңғыш ресми делегация – Қазақстан жазушыларының келуі де сол жаңарулардың жаңғырығы екен.


Оған да шүкіршілік!



  • Әрине, бұдан бес-алты жыл бұрын келген болсаңдар нелер бір күңкіл сөз бен күдіктің астын- да қалар едіңдер, – дейді Магомед қария терең ойға батып. – Тіпті жоғарыдан бұл сапарды рұқсат етпеуі де мүмкін еді. Өйткені Сталин мен Берияның бізді жаппай жер аударған геноцидтік саясатын ашып айта бастағанымызға небәрі екі-үш жылдың ғана жүзі болды ғой!..


Алғашқы жүздесулер, алғашқы әңгіме-сұхбат- тардың көпшілігі ел тарихы, жер тарихы төңірегіне ойыстай берген.


Аппақ папаха киген, ақ сақалды шалдардың әң- гімелеріне құлақ түрсең, жаның түршіккендей: өмір- лері кілең соғыс, кілең жаугершілікпен өткен. Қарасаң көз тоймайтын Вайнахтың әсем табиғаты қайсыбір заманда да көлденең көк аттының қызғанышын ту- дырып, көңілін алаңға салған секілді. Алақандай же- рін сондай алакөз бөтендерден қорғаймыз деп вайнах жұрты нелер бір қияметті бастарынан кешіріпті. Жа- лама жартастарға тас қамалдар салған. Құс қанаты талып жетер биіктерге тас мұнаралар орнатқан. Шың жартастың бүйірін қашап тұрғызған әлгіндей қамал- қорғандарды, көкке найзадай шаншылған күзет мұ- нараларын көргенде, туған жерін, отбасын, туған


 


ошағын қорғау үшін қарапайым халық қаншама қиын өткелдерден өткенін ұққандайсың. Тау басындағы осынау ірілі-ұсақты мұнаралар мен қорғандар Вайнах тарихының куәгер шежіресіне ұқсағандай. Көнекөз қариялардың әңгімесіне қарағанда, Шыңғысханның да, Ақсақ Темірдің де жер қайысқан қалың қолына осы қорғандар төтеп беріпті. Сөйтіп, Кавказдың қойнау-қолаттарында тіршілік құрған азғантай шешен мен ингуш халқы өз тәуелсіздіктерін табандылықпен сақтап қалыпты.


Вайнах жеріне содан кейін де талай шыңғыс- хандар жорық жасайды. Алайда, солардың ішінде ең тажалы да, ең қасіреттісі де патша генера- лы Алексей Ермоловтың қанды жорықтары екен. Империялық шовинистік идеяны мақсат еткен бұл генерал Солтүстік Кавказдағы “орыс емес” халықты түгелімен құртпақ болып әрекеттенеді. Әсіресе, ездікке, құлдыққа көне бермейтін намысқой, ержүрек шешен халқы генералдың шамына қатты тисе керек. Қара ормандай қалың әскерді қаптатып, мылтықтың күші, зеңбіректің дүмпуімен қамалдарды қиратып, бағынбаған ауылдарды бала-шағасына дейін тып- типыл құртып жіберіп отырыпты. Осы кезеңге қатысты тарихта Дада-Юрт деген селоның аянышты тағдыры былай баяндалады.


Ермоловтың әмірі бойынша Дада-Юрт түгел өр- теліп, жермен-жексен боп құртылуы тиіс екен. Бірде- бір тірі адам қалмай, бәрі атылуы тиіс екен. Кеше ғана Наполеонға қарсы Отан соғысын бастарынан өткерген


 


солдаттар бұйрықты орындауға мәжбүр болады. Ау- ылды қоршауға алып, ол жердегі қарттарға дейін, әйел- дер мен жас балаларға дейін қырып салады, атады, шабады. Осы кезде солдаттардың ішінен Захар деген біреудің дәті шыдамай, өлген шешесінің қасында шы- рылдап жатқан нәрестені жүгіріп барып, қолына көтеріп алады. Сол бойда, нәрестені жөргекке орап, қойнына тығады. Бұл оқиға Ермоловтың құлағына шалынады. Бұндай қылығы үшін Захар атылуы тиіс екен, бірақ солдаттардың таңданысына орай, генерал Захарға ти- мейді. Жас нәрестені күймемен өзіне алдыртады да, оны Петербургтегі ағасының тәрбиесіне береді, оқытады, өсіріп жеткізеді. Кейін әлгі бала әйгілі суретші, акаде- мик болып шығады. Көркемөнер тарихында кездесетін Захаров деген атақты суретші сол екен...


Жалғыз Дада-Юрт қана емес, Ермоловтың жер бетінен жоқ қып жіберген ауылдары ондап саналады екен. Тіпті қол астындағы көмекшілері бірде: “Әйелдер мен жас балаларды босатып қоя берейік, обалдарына қалармыз”, – дегенде: “Естеріңде болсын, жаудың қатыны қашанда жау табады”, – деп жауап беріпті... Вайнах елінің революцияға дейінгі тарихы осы- лайша тар жол, тайғақ кешуден өткен, қызыл қанмен


жазылған.


* * *


“Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің” дегендей, зорлық-зомбылық атаулының сорақысын бұл халық Кеңес дәуірінде көріпті. Өздері баста-


 


рына қызыл тағып, белдеріне қылыш байлап, қан төгіп жүріп жеңіп алған Кеңес өкіметі... Бұдан өткен әділетсіздік болар ма, сірә!


Ел билігі 1944 жылдың ақпан айында Шешен- Ингуш АКСР-ін таратады, ал ол жердің жергілікті халқын Қазақстан мен Орта Азияға қарай жер ау- дарады.


Бұл оқиғаны жайбарақат тыңдау мүмкін емес тәрізді. Қасіретті бастарынан өткерген ер-азаматтар ұялса да, көздеріне жас іркіп, көкіректерінен запыран төге естеріне алысқан.



  • “Әскери жаттығу болады, бір-екі күннен соң қайтып келесіңдер, бір-бір түйіншек, бірер күндік тамақ алсаңдар жетеді” деп ескертті, – дейді шешен- нің халық ақыны Ямлихан Хасболатов. – Соңынан, бәрімізді жапа-тармағай жылы үйлерімізден мыл- тықпен қуып шыққан кезде көпшілігіміз дайындап қойған әлгі киім-кешегімізді де, тамағымызды да алуға мұршамыз болмай қалған. Ауыл-ауылымен машинаға қойша тоғытып, ақпанның аязында бәрі- мізді эшелондарға әкеп тиеді.


Қақаған қыс, суық вагон, ұзақ жол, оның үстіне аш-жалаңаш келе жатқан босқындардың біразы қиындыққа шыдамай, жол-жөнекей өліп кетіпті. Ол туралы Магомед Мусаев қария былай дейді:



  • Мидай жазық Қостанай даласында біздің эшелонды тоқтатты. Сіресіп, мұз боп қатып қалған өліктерді вагондардан түсіріп, қатарлап жерге жат- қыздық. Өліктің көптігі соншалық, бас-аяғына көз


 


жетпей қалды. Былайғы далаға апарды да, қатып қалған тоң жерді бізге қаздырды. Сосын өліктерді сүйретіп, бәрін бір жерге көмдірді. Осы шаруа біткен кезде тірілерді қаздай тізіп, ары қарай, борандатқан даламен жаяу айдады.


Сол заманғы зобалаң оқиғаны есіне алған ақса- қалдардың бәрі де: “Аллаға шүкір, қазақ деген пейілі кең, ниеті адал жұртқа кездесіп, біз халық ретінде аман қалдық”, – деп тәубе етісіп отырды.


Шешендер мен ингуштарды жер аударған кез- де шаруа-жай, қорадағы мал, үйдегі жинап-терген дәулет-жиһаз – бәр-бәрі иесіз қала беріпті. Кейін шешен-ингуштар өз жеріне, туып-өскен ауылдарына аман-есен қайтып оралғанда, үйлерінің төрт қабыр- ғасы тұрғанына мәз болысады. Берия бұл өлкеде вай- нах мәдениетінің ешқандай ізінің қалмауына барын- ша тырысып бағыпты. Мыңжылдық берік қамал- дарды, тас мұнараларды зеңбірекпен атқылапты. Шешен зиратының басына қойылған құлпы тастарды жинап, өзіне қамалдан берік саяжай салдырыпты.


Хан сарайындай сол саяжайды да көрдік, қира- ған зираттарды да, бұзылған қамалдар мен зеңбірек оғынан шұрық-тесік болған мұнараларды да көрдік. Қолдан қиратқан қамалдар мәдениеті өркендеген ХХ ғасырдағы вандализмнің айшықты ескерткішіне ұқсап тұрды.


Тұтас бір халыққа айып тағу, тұтас бір халықты ата-баба жерінен қуалап, соңына қоңырау тағып, кө- шіріп жіберу – тарихта сирек кездесетін құбылыс...


 


* * *


Орыс-түрік соғысынан кейін Ресейдің жеңіліс табуына қырым татарлары себепші болды де- ген лақап тарағаны тарихтан мәлім. Мәселенің анық-қанығына жету үшін патша ағзам Қырымға инфантерия генералы (қазіргі генерал-лейтенант дәрежесінде) Ғұбайдұлла Жәңгіров бастаған мемле- кет комиссиясын жібергені белгілі. Ғұбайдұлла орыс- түрік соғысының жеңілісіне қырым татарларының ешқандай да қатысы жоқ екенін, бәріне кінәлі кейбір тоғышар әскербасылардың дарынсыздығы, страте- гиядағы дәрменсіздігі екенін дәлелдеп берген. Ақ патша кешірген сол қырым татарларын Кеңес үкіметі тұсында Сталин кешіре алмады. Тіпті Ғұбайдұлла секілді адал бір азаматты тексеріп келуге жұмсап та жатпады. Бір-ақ күнде эшелондарға қойдай тоғытып, Сібірдің суығына, Орта Азияның құмдарына қарай қаңғытып жіберді. Олардың тағдырын қарашайлар да, Поволжье немістері де, қалмақтар да бөлісті. Бе- рия әр халыққа әрқилы жала жабуға тырысты. Ше- шендер мен ингуштарға “бұлардың фашистер жағына шығу ниеті бар” дегендей бәле жапса керек.


Қазір мұның бәрі өтірік екені дәлелденді, нақты деректерге, шындыққа жеткізген көптеген зерттеулер жарық көрді. Өзге халықтар секілді шешендер мен ин- гуштар да бір кісідей жұмыла жауға аттанып, қан май- данда жанқиярлықпен соғысқандары белгілі болды. Қырық төрттің қасіретті ақпанына дейін бұл екі халық 27 500 ұлын соғысқа жөнелтіпті. Олар майданның ең


 


бір ауыр учаскелерінде шайқасқандары анықталды. Тіпті әйгілі Брест қорғанысына 240 шешен-ингуш азаматтары қатысқаны, олардың бәрі сол қамал ірге- сінде қаза болғандары қазір дәлелденіп отыр.


Бәрібір, тұтас бір халықтың ұлттық намысына тиіп, қайта-қайта от қойып, арандатушылар арамызда әлі де кездеседі екен. Шешен мен ингуш халқы сүйек- ке түскен таңбаны енді жуып кетірдік пе деп жүрген- де, “жерден жік шықты, екі құлағы тік шықты” де- гендей, А. Губин деген бәле пайда болады. Мәскеулік бұл жазушысымақ вайнах халқына баяғы Бериядан да өткен жаңа бір жала ойлап тауыпты. “Октябрь” журналында жарияланған хикаятында ол Кавказға келген Гитлерге шешендердің қымбат сый тартқанын тәптіштеп баяндапты. Ол сый – алтын-зермен көмкерілген, маңдайына қоза тастар орнатылған әдемі ер-тұрманы бар сүліктей қара араб сайгүлігі-міс.


Қазақ жазушыларының көптен таныс досы, шешеннің белгілі ақыны Алвади Шайхиев біз бар- ғанда осы жағдайды айтып, кімге мұңын шағарын білмей, көкірегі қарс айырылып отыр екен. Әлгі Гу- бин дегеннің нені көксеп, нені мақсат ететінін түсіну қиын емес-ті. “Әр заманда бір сұрқылтай” дегендей, ондай-ондай пәле-жаладан қазақ халқы да құралақан емесімізді Алвадиге жеткізген болдық. Қылыштың жүзі, найзаның ұшымен қорғап келген ата-баба жерін анау Козлов пен Кузьминдер, Васильевалар жырым- дап бөліске салып жатса, анау Курдаковтар пайғамбар санаған аруағыңды, таптап-тілдеп жатса, ұлы деп


 


атын даңғарадай еткен Солженицын мырзаның қаңғырып жүрген кезінде пана тұтқызып, аузына ақ құйған қазақ туралы қай жазғанында да ғайбат сөзбен жамандап, жер түбінде жатып, жерімізге төрелік айтқысы келсе – бізде де мәз болатындай дәнеңе жоқ. Тереңдей қопарсақ, шешеннің тағдыры біздің де халықтың басынан өтпеді деп кім айта алады? Голощекиндік геноцид кезінде қазақ сахарасында да ұлы-жіңгір босқынның болғанын кім білмейді? Талай ауыл, талай аудан, өлке болып бас көтерер пендесі жоқ, қынадай қырылып қалмап па еді!



  • Барған жерлеріңде айта жүріңдер, біз халық ретінде, этнос ретінде қазақтың арқасында сақталып қалдық! – деді шешеннің қарт қаламгері Магомед Мусаев.

  • Барған жерлеріңде айта жүріңдер, біз қазақты туғандарымыздай жақсы көреміз. Біз қазақтарды жақсы көрмеске хақымыз жоқ! – деді ингуштың қарт жазушысы Ахмер Ведзижев.


Әрине, шешендер мен ингуштар келімсек боп Қазақстанға келген уақытта қазақтардың да екі ұртынан май ағып, жетісіп отырмағаны белгілі. Жетісіп отырмаса да тілі басқа болғанымен діні бір, қаба сақал, бүркіт мұрын бөтен халыққа үйінің бір бұрышын ұсынып, паналатқан екен. Жалғыз тілім нанды туған балаларының аузынан жырып, бірге бөліп жескен екен.


Діні бір дегенде еске түседі, жазушы Ақселеу Сейдімбектің бір айтқаны бар еді... Жер аударылған


 


шешендер сол бір қатал қыста Жаңаарқа ауданы- на да келіпті. Алғашқы айларда шешендер қазақша білмей, қазақтар шешенше білмей, орысшаға тағы жоқ, бір-бірімен тілдесе алмай қиналыпты. Бұл қиындықтан “Шолақ молда” атты, сол кездегі Жа- ңаарқаға аты мәшһүр діндар кісі құтқарған екен. Ол кісі шешеннің молдасымен араб тілінде сөйлесіп, екі елдің арасында біраз уақытқа дейін тілмаштық қызмет атқарыпты.


Сондай қиын-қыстау заманда ағайын қайда, ауыл қайда деп, шексіз-шетсіз сахарада тентіреп жүрген зар заманда да вайнах елінің рухы сын- бағанына таңданасың да, бас шайқайсың. Ахмер ақсақал сол кездегі мынадай бір жайтты суырт- пақтап әңгіме еткен.


Бірде Ахмерді ойда-жоқта Алматы обкомы шақыртады. Барса ол жерде өзі секілді тағы бір топ шешен мен ингуш жиналыпты. “Сендер өз халық- тарыңның оқыған, білімдар азаматтарысыңдар, жи- ырмасыншы съездің материалдарын өз туыстарыңа барып насихаттаңдар”, – деп бастықтар бұларға тап- сырма жүктейді. Ахмерді Шелек ауданында тұратын шешендерге жұмсайды. Елді жинап, партияның сая- сатында, үкіметте болып жатқан өзгерістерді Ахаң шама-шарқынша, білгенінше тәптіштеп айтып береді. Әңгіме тамамдалып, “сұрақтарың бар ма?” деген кез- де топ ортадан сегіз жасар бір бала:



  • Енді біз Кавказдағы елімізге қайтамыз ғой, аға, осы рас па? – деп орнынан қуана атып тұрыпты.


 


“Әлгі балаға не деп жауап берерімді білмей, қатты қысылдым”, – дейді Ахмер ақсақал. Ол кезде ел қайда, біреу қайда. Тіпті ел туралы ойлауға ты- йым салынған кез, ойлап көрші, соңыңа шырақ алып түссін... Жиналған жұрт баланың сөзіне елең етіп, бір сәт тына қалады. Соңынан ер-азаматтар кемсеңдеп, әйелдер жағы жоқтау айтқандай сұңқылға басып, ұлардай шуласып кетіпті.



  • Бұл – он үш жыл бойы іште жиналған за- пыранның лықсып, аһ ұрып, тұңғыш рет сыртқа шыққаны еді, – дейді Ахмер қарт күрсініп,


Қазақ жазушыларымен кездесулер шынайы қуа- нышқа, шат-шадымен ниетке толы болғанымен, есте- ліктерге қарай ойыстаған кезде бәріміздің көңіліміз мұңға бата бастайды. Ал, шешендердің арасында отырғанда өткен күндерді еске алмай әңгімелесу тіпті мүмкін емес-ті. Бәрінің де кешегі өмірі Қазақстан- мен тығыз байланысып жатыр... Шатой деген таулы ауданда қазақтармен амандасуға жүзге жеткен Абу- бакар Ижаев деген ақсақал келіпті:



  • Қарақтарым, мен отыз үш жыл бойы Қазақстанды сағынып жүрмін, – деді ол аман-сау- лықтан соң. – Бір рет көрсем, шіркін, барып қайтсам деп керемет арман етем. Бірақ, амал қанша, қартайып қалдым, мынау биік таудан түсе алмай, қор болып жүрген жайым бар!

  • Қазақстаннан кеткеннен кейін бәріміз де ұзақ уақыт бойы даланы аңсаумен болдық. Әсіресе алыс- та қалған ақ көңіл қазақ достарымызды сағындық.


 


Қазақстанда туған жастар Кавказды жерсінбей, есіл-дерттері сақараға ауып, етектегі кең далаға қарай тарта беретін болды, – дейді Ведено ауаткомының төрағасы Хамзат Дибаров ағынан жарылып.


Сағыныш демекші, 1974 жылы қарағандылық бірер азаматтың жолы Кавказға түсе қалыпты. Тар шатқалды бойлап машинамен кештетіп бір ауданнан қайтып келе жатса, тау ішін жаңғырта шырқаған қазақтың “Сырымбеті” құлақтарына шалынады. “Қаңғырып Кавказда жүрген бұл қай қазақ бол- ды екен?” деп жігіттер машинасынан түсіп, әншімен таныспақ болып, жоғары өрлейді ғой. Сөйтсе, ешқандай да қазақ жоқ, жапырайған папахасы бар шешен жігіті... Қойын жайбарақат қапталдатып қойып, өзі әуелете ән шырқап, жамбастап жатыр екен дейді.


Шешендердің қазақ әндерін жақсы айтатында- рына біздің делегация да куә боп қайтқан. Әсіресе, екі көзден ерте айырылған зағип әнші, Шешен-Ингуш АКСР-нің халық әртісі Валид Дагаев қазақ әндерін нақышына келтіріп, барша табиғи бояуымен шырқаған кезде ән құдіретіне тебіренбеген адам қалмаған.



  • Көзім соқыр ғой, қазақша ән айтқан кезде мен өзімді қазақтың кер даласына қайтып барғандай сезінемін, – деді әнші бізбен әңгімелескенде.


Қазақ пен шешен халқының тағдырлас болуы, он үш жыл бойы қоян-қолтық араластықта болуы екі халықтың да өмірлеріне өзіндік із қалдырыпты. Ше- шен тіліне біршама қазақ сөздері еніп, ана тіліндей


 


қалыптасып кетіпті. Жер-су атауларында да қазақ тілінен енген сөздер кездеседі екен. Тіпті салт- дәстүрлерде де кейбір ұқсастықтар пайда болыпты. Шешен мен ингуштың қай отбасын көрсең де, өзде- рі “бесбармақ” деп атап кеткен “қазақ етін” алдыңа көлденең тартып тұрғаны.


Бір таңданарлығы – арада отыз үш жыл өтсе де, шешендер мен ингуштардың кейбір ақсақалдары қазақ тілін әлі күнге ұмытпапты... “Баяғыдай емес, қазақша тілдеспеген соң ерніміз қисайып, акцент пай- да бола бастады”, – дейді бізден кешірім сұрағандай қиналып. Әйтсе де, баяғыны естеріне түсіріп, бізбенен шүлдірлесіп қазақша сөйлесіп жатты. Араларын- да қазақшаны судай білетін, жайы келсе мақалдап, мәтелдеп сөйлейтіндері де бар екен. Магомед Ад- диев деген азамат Абайдың өлеңдерін жатқа соғып, Махамбеттен мысал келтіре сайраған кезде қазақша- дан біз жаңылғандай болғанбыз. Қазақтың салт- дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін бес саусағындай білетін, мектепті қазақша оқыған Зайналбек Зұхайраев деген ағамызды қазақ делегациясы кете-кеткенше өздеріне тілмаш етіп алған. Қазақ тілін білмейтін аудитория- ларда ол қазақ жазушыларының сөздерін қолма-қол шешен тіліне аударып отырды.



  • Мен жасымда мықты едім, ақырзаман көк- паршы болдым, – дейді Зайналбек сонау алыста қал- ған елуінші жылдарды есіне алып. – Біз, он бір ше- шен отбасы Өскеменнің жанындағы Шымқора деген жерде тұрдық. Айбалта Әріпов деген балуан денелі,


 


қайратты досым бар еді. Сол екеуіміз додаға түссек, көкпарды алмай әсте ойыннан шықпайтынбыз.



  • Қиындықты бастан бірге өткерген, кейін бозбалалықтың бал қызығын бірге татқан шым- қоралық қазақ достарым Көрпебайға, Майдан Ха- сеновке, Айбалтаға дұғай сәлем! Егер өмірде бар болса, Нұрқатов Бәденеге, Жұмағұлов Шәкенге, Тәшев Түсөнге, Байжұманов Қиянатқа да сәлем айтарсыңдар. Осылардың бәрінің қолдарынан дәм татып, жақсылықтарын көп көрген едім, сағынып жүрмін! – деді Зайнекең қоштасар сәтте.


Вайнах жеріндегі әсерлі кездесудің бірі – Веде- но ауданындағы орта мектептің мұғалимасы Үмітхан Жолмырзақызының отбасында болды. Ол Ақтөбе облысында шешен жігіті Мәди Шидиевке тұрмысқа шығып, кейін осы Кавказға көшіп келіпті. Қазір үш ұл, бір қыз өсіріп отырған айтулы отбасы екен. Көзі қарақаттай мөлдіреген қызы Раисаны қазақтың көз суғарар сұлуының нағыз өзіне балағандайсың. Раи- са қыз Грозный қаласында университетте оқиды екен.



  • Балаларымды Алматыға қарай жақындатсам, сол жақта оқытсам деген де үмітім бар, – дейді Үмітхан апай көңілдегі сағынышын жасыра алмай.


Мұндайда ақын жүрегі қашан да нәзік келеді ғой. Тұқаң – қазақтың белгілі жазушысы Тұтқабай Иманбеков ағамыз толқып кетіп, қиырда жүрген қырмызыдай қарындасына сол арада қолма-қол өлең шығарған еді:


 


Көзіңнен айналайын мөлдіреген, Көрген жанның көңілі елжіреген. Сенен көрем халқымның инабатын, Сен арқылы ізетті елді көрем.


Тұтқабай ағамыз осы өлеңді орнынан тұрып, иіліп тағзым етіп, тебірене оқыған кезде Үмітхан апа- мыз шыдай алмай солқылдап жылап жіберді:



  • Рақмет, аға! – деді көз жасына булығып. – Мен мұнда келін болып қана түскем жоқ, мен өзімді қазақтың осы жақта жүрген елшісі секілді де сезінемін. “Қазақ қызы” деген абыройлы аты- ма қылау жұқтырған емеспін, ағайлар! Алыстағы қарындасын іздеп келген сіздерге мың да бір риза- мын. Бұл кездесуді мен өмір бойы ұмытпаймын!


Үмітхан секілді, шешен жігітімен дәм-тұзы жа- расып, Кавказға келін болған тағы бір апамызды биік таудың басындағы Сятти деген ауылдан (сірә, Сәтті сөзінен шықса керек) кездестіргеміз. Ол кісінің аты-жөні Сақып Мұхамеджанова екен. Сегіз бала өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған Ардақты ана екен. Кезінде еңбек озаты, депутат болған, “Халықтар достығы” орденінің иегері. Қазір зейнет демалысында. Қазақстандағы ағайын-жұрағаттары қайтыс болып, көптен бері туған елі жағынан мүлдем хабарсыз қалыпты.


 


* * *


Халық болған соң бес саусақ бірдей емес қой, оның ішінде ала да, құла да кездеседі. Ұзынағаштағы келеңсіз жайттар (базарда қазақ пен шешен жігіттері


 


төбелес ашыпты) Кавказ жеріне алыпқашпа өсек, алуан түрлі дақпырт күйінде жеткен секілді. Дәл осындай уақытта, яғни ұлттар достығына ақау түсіп, былайша айтқанда “күйіп тұрған мезгілде” Қазақстан жазушыларының белсенділік танытып, Кавказға жол тартқандарына біреулер таңқалған, енді біреулер бастарын шайқап, обалсынғандай болысқан. Вайнах топырағына табаны тигенше делегацияның кейбір мүшелері де екіұдай сезімде еді. Әуежайдағы шын ықыласты қарсы алу, ақ ниет, достық құшақтан кейін- ақ көңілдегі күдік атаулы күн шыққандай сейіліп жүре берген. Қазақ жазушыларының аса ұрымтал сәтте, дер кезінде келгеніне соңынан шешен-ингуш достардың да, біздің де көзіміз жеткен. Өйткені Ұзынағаш оқиғаларын олар көлденең көк аттыдан емес, сол оқиғаның бел ортасында бірге жүрген, өз көзімен көрген азаматтардың аузынан естіген еді.


Біз барған алғашқы күндердің бірінде шешеннің бір ақсақалы:



  • Мен түкті түсінсем бұйырмасын... Ел ішін кеу- леген қауесетке сенерімді де, сенбесімді де білмеймін. Айтыңдаршы, әлде шынымен қазақ халқының пейілі өзгерді ме, әлде шешен халқы бұзылды ма? – деп қайран қала қолын жайып, сұрақ қойғаны бар.

  • Жоқ, ақсақал, қазақ халқы да, шешен халқы да өзгерген жоқ, екі халық та бұрынғыдай, – деп түсіндірді Алматы облыстық партия комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары Ғайникүл Қаратаева апа- мыз. – Ағайындасып кеткен екі халықтың арасын-


 


да от сап жүргендер – дүбәра дүмшелер. Ондай- ондайлар әр халықта кездеседі ғой. Оған бола алаңдамаңыз, ақсақал.



  • Е, бәсе, – деді қарияның көңілі жайланып, – Адам деген тоқсан қыздың ішінен таңдап алған, сүйіп қосылған әйелімен де шекісіп қалып жатады ғой... Әлгі қазақтың “шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды” деген мақалы бар емес пе. Сол секілді... Ендеше бір көшенің, бір ауылдың арасында ағайындасып шеше салатын ондай мәселені осыншалық дабырайтпай, баса салуға болмады ма екен!


Әрине, ақсақалдың көкейін біз жазбай түсін- дік. Бірақ бүгінгідей дүние бұлаңға түсіп, алатай- дай бүлініп жатқан уақытта адамдық өлшемдердің біразына өзгерістер еніп жатқанын мойындамасқа тағы болмайды екен. Аумалы-төкпелі бұндай заман- да, халықтың тілімен айтсақ, “түймедей нәрсе түйедей болып” бадырайып шыға келетін сияқты. Ал ақын Олжас Сүлейменовтың сөзімен айтсақ, “бұл заман – оқ-дәрі сақталған тас қараңғы қоймада қаймалысқан көп адамды елестеткендей. Біреуі шырпы тұтатса болды, бұрқ етіп жарылғалы әзер тұр”.


Ұзынағаш оқиғасы да сондай алмағайып кезеңде тұтанған ғой. Ол туралы Шешен-Ингуш АКСР-і Министрлер Кеңесі Төрағасының бірінші орынбаса- ры Герсольд Хасанұлы Елмұрзаев бір сөзінде:



  • Елімізде қандай жағдайлар болып жатқанын бәріміз көріп те, біліп те отырмыз, – деген. – Ал үлкен ағашты қалпақпен қаншалықты бүркегенің-


 


мен, соғып тұрған желден бәрібір қорғай алмайсың. Сондықтан болып жатқан құбылыстың бәріне сала- уатты көзқараспен баға берейік.


Дәл қазіргі кезде Қазақстанда жетпіс мыңдай шешен мен ингуш халқы тұрады екен. Республи- ка Жазушылар одағының бастамасымен осы екі халықтың басын біріктіріп, мұң-мұқтажын күйттейтін Алматыда “Вайнах” атты мәдени орталық құрылды. Оның төрағасы Харон Дадаев – от алып ораққа түсер алғыр, оң-солын жақсы білетін зерделі жігіт. Өзі шешен болғанымен, Алтынай атты қазақ әйелінің омырауында өсіпті.



  • Қазақстанда жүрген шешендер мен ингуш- тарға бұл Кавказдан жер табылмай қалған жоқ, – деді Харон бір кездесуде. – Біріншіден, қазақ жері біздің туған отанымыз болып кетті. Екіншіден, біз өзімізді зар заманда сорлап келіп, қазақ топыра- ғында мәңгілік тыныштық тапқан үш жүз мың ше- шендер мен ингуштардың – қасиетті ата-бабалары- мыздың, әкелеріміз бен ағаларымыздың, шешелері- міз бен апаларымыздың, іні-қарындастарымыздың зираттарының күзетшісі сезінеміз!


Бұл сөзді тыңдап тұрған Шешен-Ингуш АКСР-нің халық ақыны, 76 жастағы Белан Саи- дов ақсақалдың көзінен жас моншақтап, омыра- уына төгілгеніне куә болдық. Ақсақалдың біраз ағайын-туғаны, соның ішінде өз әкесінің сүйегі қазақ жерінде қалыпты. Шешесі болса осы Кав- казда жерленіпті.


 



  • Тіпті Қазақстанда бірде-бір шешен немесе бірде-бір ингуш қалмай Кавказға көшіп келген күнде де, біздер, шешендер мен ингуштар Алла-тағала- дан қазақ топырағының тыныштығын жалбарынып тілеуіміз керек, – деді Белан атамыз алабұртқан көңілін байыздата алмай. – Өйткені ол жерде біздің үш жүз мың қандастарымыз жатыр... Біз қазақ халқына сол үшін де мәңгілік қарыздармыз. Осы жағдайды ешқашан естен шығармайық!


Республикадағы дінбасыларымен, мәдениет қай- раткерлерімен, мұғалімдермен кездесу барысында Вайнах елінде де шешуін таппай жатқан көптеген мәселелердің барына көзіміз жеткен. Мәселен, ше- шен немесе ингуш тіліндегі мектептер, балабақшалар жоқтың қасы көрінеді. Бәрі де орысша оқып, ана тілдерін пән ретінде ғана өтеді екен. Оның басты себебі – жоғары оқу орындары емтиханды тек орыс тілінде қабылдайды, сондықтан “балам оқуға түсе ал- май қалады” деп, ата-анасы тартыншақтайтын сияқты. Сондай-ақ, шешен мен ингуш тілінде шығатын газет- журналдың таралымы тым аз екенін де байқадық.


Републикадағы ең ірі мешіттердің бірінің има- мы Ахметқажы Пошев қазақ жазушыларымен сұх- баттасқанда:



  • Біз мәдениеттен де, рухани-әлеуметтік тұр- ғыдан да көп жылға мешеу қалған елміз, – деді өкініш- пен. – Өйткені он үш жылға жер аударған сталиндік геноцид халқымыздың тарихына өшпес жара тастап кетті. Қуғын-сүргінмен жүрген кезде көптеген ру-


 


хани байлығымыздан, дәстүрлі мәдениетімізден көз жазып қалдық. Былайша айтқанда, “байтал түгіл, бас қайғының” кебін кидік. Енді соның бәрінің орнын толтыруға ұмтылып жатырмыз.


* * *


Қазақстан жазушылары Вайнах жерін бес күн бойы армансыз-ақ аралады. Осы бес күн ішінде екі халықтың өкілдері бір-бірімен етене танысып, бір атаның балаларындай туыстасып кеткен.



  • Қазақ пен шешеннің кездесулерін көрген са- йын мен біртүрлі елжіреп кетем, – деді Шешен-Ин- гуш облыстық партия комитеті Идеология бөлімінің меңгерушісі Л. Кизилова. – Біздің бұл жүздесуле- ріміз – сырт көздің өзін таңқалдырғандай керемет аяулы сәттерге толы болды. Меніңше, мұндай кез- десулер өмір бойы адамның есінде сақталады әрі жүректі жылытып жүреді.

  • Біз ғой, айналасы бес күннің ішінде осынша- лық туыстасып кеттік, қиын-қыстау кезеңде қан- жығада кездесіп, он үш жыл бойы көршілес, қатар өмір сүрген ата-бабаларымызға не жорық! – деп жас жігіттер қоштасарда бір-бірімен әзілдесіп жатты.

  • Кеудесінде намысы бар әрбір шешен, немесе ингуш азамат ақыретке дейін қазақ бауырын қасиет тұтып өтеді. Осыны білгейсіңдер! – деді үлкендер жағы. – Осы сөзімізді ұмытпай Қазақстанға, қазақ ағайындарға жеткізгейсіңдер! Қоштасарда айтар біздің соңғы сөзіміз осы болсын сендерге!


 


Шын достармен қоштасу әрі қиын, әрі ауыр бо- ларын әуежайға келгенде аңғарғандаймыз... “Екі ел арасындағы достық байланыстың алғашқы қарлы- ғаштары сендер болдыңдар, азаматтарым! Алда- рыңнан жарылқасын! Ұзағынан сүйіндірсін!” деп ақсақалдар бата беріп жатыр. Қылауы жоқ, кө- леңкесі жоқ, осыншалық таза пейілдің барына сүйсі- несің, қайран қаласың. Алматыға ұшар ұшақ тепкі- шегіне көтеріліп бара жатып та, анадай жерде қол бұлғап тұрған шешен достарымызды қимай бара жаттық біз.


Ылайым, осындай шынайы сезімдерге еш уа- қытта көлеңке түспесе екен, ұзағынан сүйіндірсе екен деп Алладан іштей тілеумен болдық.





Пікір жазу