05.01.2022
  357


Автор: Әлібек Асқаров

Елжанды ерен досым

Досың туралы жазу қиын дейтін ұғым, тегі, рас екен. Өмір бойы қатар келе жатырсың, ол ту- ралы білмейтінің жоқ, көкіректе бәрі сайрап тұрған сияқты.


Сол оймен біз де қолға қалам алып, “бісмілла” деп отыра қалғанбыз. Небір қызықты жайлар, ауыз көпіртіп айтар оқиғалар, еміс-еміс естеліктер киноның лентасындай сағынышпен көз алдымыздан тізбектеліп өтіп жатты...


Баяғыда “Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді” атты романның негізгі кейіпкерінің бірі осы Түсіпхан бола- тын. Ол кезде ол Тарбағатай ауданындағы “Шілікті” кеңшарында бас инженер еді.


Мен Түсіпхан Түсіпбеков деген кейіпкерді “кең- шар директоры” деп, яғни роман оқиғасы болып жатқан төңіректің білдей басшысы ретінде бейнеле- гем.


Кейін өмірдегі Түсіпхан Түсіпбеков расында да кеңшар директоры болып тағайындалды. Соңынан көп жылдар бойы аудан әкімі қызметін атқарып, өзінің туған өңірін абыроймен басқарды, халқының шынайы сый-құрметіне бөленді. Облысқа келіп, Мәдениет департаментін басқарғанда, “мына технар- дың мәдениетте қандай шатағы бар” деп таң қалған ешкім болған жоқ. Өйткені мамандығы инженер- механик болса да, оның жүрегі мәдениет пен өнер- ге сонау студенттік жылдардан жақын-тын. Жа- қын болғандықтан да, Суретшілер училищесінде


 


оқып жүрген бізбен аралас-құралас жүретін. Ал біздің арамызда өнер төңірегінде пікірталас, дау-да- май, қызылшеке әңгімелер әсте толастаған емес. Сөйтіп жүріп әлемдік көркемөнер тарихын бір кісі- дей біліп шықты. Сабақтың ретіне орай, біз түрлі концерттер мен драма театрларының, көрмелер мен галереялардың есігін тоздырамыз. Консерватория мен суретші студенттерге тегін, студенттік билетпен кіре береміз. Арамызда ілесіп Түсіпхан досымыз да жүреді. Осылайша ол да Алматының өнер тарлан- дарымен танысып, білісіп кетті. Тіпті Коммунистік даңғыл бойындағы Жазушылар үйіне де жиі бару- шы едік. Ел жазушыларының үлкенді-кішілі жиын- дарына қатысып, көзі тірі алыптарымыздың абыз сөздерін тыңдағанға мәз болатынбыз.


Мұның бәрі бүгінде былайғы оқырманға қы- зығы шамалы, студенттік албырт шақтың ескі әң- гімелері ғой. Оларды тәптіштеп жаза беріп, жұрт- тың уақытын алып қайтеміз.


Біз кейін де – ес жинап, етек жапқан ересек шағымыздан бері де бірге келеміз ғой. Меніңше, сол маңайдан суыртпақтап сыр тартқан жөн болар...


Иә, сонда мен неден бастасам екен?


Анау оқиға ма... ойбай, оны жазуға болмайды! Ұят болып жүрер. Ал мынау ше? Әй, ол де келмейтін тәрізді, қалың елге өсек болып жайылып кетер. Әлгі бір... жо-жоқ, ол мемлекеттік қызметтің шаруасы, ол туралы ауыз ашуға да болмас. Сонда мен не туралы жазбақпын?


 


Екеуіміз де өмір бойы мемлекеттік қызметте жүрдік. Мемлекеттік қызмет дегеніңіз үлкен саясат, жолы жіңішке, шетін әңгіме. Оның қалтарысы да, жұмбағы да, құпиясы да көп.


Десек те, айтар бір оқиға есіме түсіп отыр. Түсіпханның мерейтойы тұсында ол оқиғаны айт- қаным артық болмас деген ойдамын.


Сонымен...


Бір жылдары Өзбекстан бүкіл ел болып “Алпа- мыс” жырының екі мың жылдығын тойлап жатты. Әзірбайжан халқы Дәдәм Қорқыттың пәленше мың жылдығын дүркіретіп атап, ұлы бабалары ретінде жер-жаһанға жар салумен болды. Іргедегі қырғыз ағайын өздерінің “Манасының” мың жылдығын халықаралық дәрежеде аспандатып, шет мемлекет- терден аузы дуалы қайраткерлерді шақырып жатты.


Ал, біз болсақ, жұмған аузымызды ашар емес- піз, тілімізді жұтып қойғандай үнсізбіз.


Манаста шаруамыз жоқ, ол – қырғыздың төл мұрасы. Алайда, айдың күннің аманында Алпамыс пен Қорқыт атамыздан айырылып қалғанымызға не жорық? Бізді қинаған да, жанымызға батқаны да сол еді.


“Алпамыс” жыры өзбектен бұрын түркінің ата жұртында отырған қазақтың мұрасы емес пе! Жас- тайымыздан бұл жырды жаттап өстік, қазір де үзінділерді жырлай жөнелуге дайынбыз. Ал, Қорқыт атаның зираты Сыр бойында деп, қобыз сарыны гу- леген ақшаңқан монумент тұрғызып қойдық. Сөйте


 


тұра қазақтың әрекетсіз бұғып отырғаны ел-жұрттан ұят болды.


Не істеу керек?


Сол кездегі Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, академик Сейіт Қасқабасов ағамызға телефон шалайық. “Қазақтар тірідей өстіп мұраларын талан-таражға салдырып, қарап отыра беруге тиіс пе? Көке, не істейміз? Ешкім таласа алмайтын қазақтың төл дүниесі қайсы?” – де- гендей базына айттық.



  • Қыз Жібек бар ғой! – деді Сейіт ағамыз.

  • Ол мұрамыз бертінгі. Түп тамыры мыңжыл- дыққа кеткен дүниені атасаңыз!

  • Мыңжылдық дейсің бе? Ондай мұра бар... “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жыры.

  • Ол жырға қанша болды?

  • Оны зерттеу керек... Әйтеуір мың жылдан ары... Ол жыр туғанда біздің қазақ әлі мұсылман дініне кірген жоқ.


Соған келістік.


Академик ағамыз бұл жырдың жасын зерттеп, дәлелдеп Президент Әкімшілігіне хат жолдайтын болды. Біз сол хаттың негізінде Үкімет қаулысын қабылдатып, көрші ағайындардан қалыспай, есемізді жібермей, ел болып тойласақ деп үміт еттік.


Алматыда Әдебиет институтының базасын- да халықаралық ғылыми конференция, жоғары оқу орындарында түрлі жиындар, дөңгелек үстелдер өтетін болды.


 


Ал негізгі тойды қайда өткіземіз? Әрине, Аягөзде, Қозы мен Баянның елінде, қос ғашықтың зиратының басында.


Осындай идея барын сол кездегі облыстық мәдениет басқармасының бастығы Түсіпхан Түсіп- бековке хабарлап, телефон соқтым. Түсекең бұл хабарға балаша қуансын... Сөйтсек, Алпамыс пен Қорқыт бабасынан айырылып қалғанына ол да аузы- мұрыны қисаңдап, бармағын шайнап жүрген екен.



  • Халық өтпелі кезеңнің қиындығынан қажы- ды. Жұртқа бір қуаныш керек, халықтың рухын бір көтерейікші! – деп жанып кетті.


Қош, сонымен ұйымдастыру жұмыстарына қы- зу кірісе жөнелдік. Мәдениет министрлігімен бірлесіп Үкіметтің қаулысын шығардық.


Сейіт ағамыз басқарған институт “Қозы Көр- пеш – Баян сұлу” жырының 8 нұсқасын дайын- дап, алғы сөзімен, комментарийлерімен қосып, терең зерттелген академиялық басылым әзірледі. Бас-аяғын жинап, тап-тұйнақтай етіп қолжазбаны қолымызға ұстатты.


Ол жинақты “Фолиант” баспасы әдемілеп өң- деп, түрлі-түсті суреттермен безендіріп, шұғыл түр- де өз қаражатына шығарып берді. Баспаның ди- ректоры, елжанды азамат ініміз Нұрлан Исабеков кітаптың сүйінші данасын көрсеткен кезде академик Қасқабасов та, Түсіпбеков те, мен де тіліміз кәлимаға келмей жұтынып, бір мезет үнсіз қалғанбыз. Өйткені кітап, шын мәнінде, биік талғаммен, әдемі шығыпты.


 


Форматы да ерекше, өзі керіскедей қалың екен, біреуді ұрып қалсаң етпетінен түсірердей. Ұстасаң да, сыйласаң да мақтаныш етер дүние болған екен.


Ол кезде Шығыс Қазақстан облысының бас- шысы марқұм Виталий Метте еді. Қара жер ха- бар бермесін, Астанадан министр телефон шалып, жағдайды түсіндірген кезде, ол кісі Қозы мен Баянды ғұмыры естімегенін айтты. Сол себепті ұйымдастыру жұмысының бар ауыртпалығы Түсіпханның мойнына түсті.


Жиі-жиі сөйлесеміз. Өскеменнен ғана емес, Аягөзден де, Таңсықтан да звондап, дайындық ба- рысынан хабардар етіп отырды. Аудан әкімі Марат Әкрамов ағамыз екеуі кесенені жаңғыртып жөндетті. Кесенеге баратын жолды асфальтатты, маңайын абаттандырды, жүздеген көлік қоятын аялдама ор- нын дайындады. Аягөз қаласының көшелерін та- залап, гүлзарлар егіп, үйлерін әктеп, жуып-шайып жаңғыртып қойды. Қозы мен Баянның тойы деп қала да бір жасанып, қала жұртшылығы да бір серпіліп қалды.


Аягөздің өзінде үлкен ғылыми конференция


өтті.


Қонақтар кесененің басына барды, қос ғашыққа


бағышталып ас берілді. Басқа да думанды іс-шара- лар өтті. Кешке қаланың орталық алаңында Асанәлі Әшімов ағамыз түсірген көркем фильм көрсетілді.


Алаңды аралап жүріп, фильмді көрген жас- тармен тілдескеніміз бар. Көп қонақтың күні бойы


 


улап-шулап Таңсыққа баруының себебін, жина- лып алып баяндамалар жасап, әлденені қол сілтеп дәлелдеп жатқандарының мәнісін жастар енді ғана, мына фильмді көрген соң ғана түсінгендерін айтты. “Апырмай, біздің Аягөзде де сондай оқиға болған екен-ау”, – деп бастарын шайқасты. Анау Таңсық стансасының маңайында шошайған тас кесененің құпия сыры жастардың санасына фильмнен соң ғана жеткен екен.


Түн ортасында фейерверк-отшашу болды. Аста- надан келген біздер дәл осылай болады деп күткен жоқ едік. Аягөздің аспаны қызылды-жасылды жарқылдап кетті. Кәдімгі Астананың отшашуын- дай ұзаққа созылды. Алаңда жиналған жастардың қуанышында шек жоқ, айналып, алақайлап жүгірісіп жүр.


Отшашуға біраз бастықтар қарсы болғанымен, тыраштанып ол үшін өзі қаражат тауып, өзгеден кем болмастай етіп ұйымдастырып жүрген тағы да біздің Түсіпхан екен.



  • Өтпелі кезеңнің қиындығын ұмыттырып, бір уақ ел-жұртқа қуаныш сыйласам деген арманың жүзеге асты! – дедім мен досымды шын жүректен құттықтап.


Түсіпхан болмаса Қозы мен Баян тойы әлгіндей биік дәрежеде өтпес еді деп ойлаймын. Кейін дәл осы ауданда Дулат Бабатайұлының 150 жылдық мерей- тойы мемлекеттік деңгейде аталып өтті. Баба басына құлпытас орнатылды. Облысқа Бердібек Сапарбаев


 


басшы болып барғалы халыққа тағылым болғандай нелер бір тамаша мәдени іс-шаралар өткізілді. Сол істердің басы-қасында тағы да ел азаматы Түсіпхан досымыз жүрді.


Қайсыбірін тізе берейік, біреулер мақтанды деп теріс түсініп жүрер. Сондықтан осы арада сөзімізді доғарайық.


Жалпы, халқына шын жаны ашитындар, патри- от азаматтар елдік шаруаны қолға алғанда ғана ол жақсы нәтиже беретіні белгілі.


Менің Түсіпхан досым дәл сондайдың сойынан. Достыққа адал, отбасына берік, кісілігі жоғары. Оны өз басым шын мәніндегі елжанды ерен азамат, мемлекетшіл кесек тұлға деп танимын.





Пікір жазу