АБДоллА АҚСАҚАлДЫң АЙТҚАНДАРЫ
Абдолла Шегіров – ұзақ ғұмыры өзінің туған жері Катонқарағай өңірінде өткен, көпті
көрген, көпті білетін, көңілі сара, көкірегі шежіре қария еді. Елі мен жұртының ықылас-құрметіне бөленіп, тоқсаннан асып барып дүниеден өтті.
Біз әр жылы елге барған сайын ақсақалмен жүздесіп, сұхбаттасып, айтқан әңгімелерін мұқият тыңдап, жазып алып жүретінбіз. Өзі де бірде тұ- тас бір дәптерді айбақ-сайбақ толтырып, хат жазып жіберіпті. Оны оқу қиынға түскен, болса да үстінен қарап, түзеп, өңдеп жазып шыққанымыз бар. Сол жазбаларды өзіне шағын кітапша етіп бастырып та бердік. Тоқсанға келген мерейтойы тұсында да бірер досымызды ертіп, ақсақалды арнайы іздеп барғанбыз. Сәлем беріп, иығына шапан жаптық. Ол кісінің ұзақ ғұмырын – кейінгі тоқсан жылғы қазақтың тарихы десе де болғандай еді. Ақсақал- дың өмірі жайында жазушы Қайырды Назырбаев төмендегідей деректер келтіреді.
Абдолла ақсақал 1916 жылы ақпан айында Се- мей уезіне қарасты Шыңғыстай ауылында дүниеге келіпті. Сауатсыздықты жою мектебінде білім алады. Кейіннен Алтай МТС-ында тракторшылар әзірлейтін курсты бітіреді. Осы мекемеде бригадир боп істеп жүрген кезінде, 1939 жылы әскер қатарына алынып, соғыс жылдарында Украинаны, Бессарабияны жау- дан азат етуге қатысады.
1942 жылы оң жақ иығына оқ тиіп, алты ай Киев қаласында, соңынан Сочидегі госпитальдер- де емделіп, екінші топтағы мүгедек боп, Алтайдағы еліне қайтады.
Әуелгіде бес жылдай Шыңғыстай мектебінде әскери пәннен сабақ береді. Сонан соң отыз жылдай Чернова, Өрел және Жамбыл ауылдарында ауылдық кеңестің төрағасы, бірер жыл “Катонқарағай” теңбіл бұғы совхозының кәсіподақ комитетін басқарады. 1964 жылы Жамбыл ауылдық кеңесінің төрағасы қызметінде жүріп, зейнет демалысына шығады.
Өмірлік қосағы Бәди екеуі отбасында сегіз бала тәрбиелеп өсірген, бәріне білім берген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ұлағатты әке, ардақты ата.
Шежіре қариямен соңғы бір кездескенде ол кісі катонқарағайлық жазушылардың атына мынадай ба- зына айтқаны бар: “Аспан мен жер туралы, жайқал- ған көкшалғын, жайнаған гүл-шөптер туралы, өзен мен көл, шулаған орман жайында, әрине, әспеттеп жаза беруге болады, – деді қария. – Табиғаттың та- машалығын таңдай қақтырып, тіл үйіртіп келтіруге
болады... Білмеймін, мүмкін ол да керек шығар. Бі- рақ халыққа нағыз керегі басқа дүние деп ойлаймын. Ол – тарих... Туған жердің тарихы, өзіңді өсірген елдің тарихы. Мінеки, отансүйгіштік тәрбиенің та- мыры осында жатыр деп білем. Қаламгер бауырла- рым, сендердің бұл мәселеге жоламай, айналсоқтап жүргендерің мені қатты қынжылтады”.
Ақсақалмен кездескен сайын біздің өлкенің, оның ішінде Катонқарағай төңірегінің өткен-кеткен тарихына қатысты сондағы үзік-үзік әңгімелері мы- налар еді.