04.01.2022
  313


Автор: Жібек Ысқақова

15 сәуір ғашықтар күні, мерекеңмен! (қызға)

Он бесінші сәуірдің таңы атты,
Ғашықтардың күні еніп тербелетін.
Құтты болсын ғашықтар күні бүгін,
Сүйіктім-ау қашанда дем беретін.

Айым, күнім, жұлдызым баға жетпес
Өзіңменен әр күнім жайма шуақ.
Жүрегімнің соғатын жартысы сен,
Бір өзіңнен аламын жанға қуат.

Ғашықтардың күнінде бір болайық,
Пәк сезіммен тербелер үн болайық.
Қол ұстасып сүйгенім мәңгілікке,
Таусылмайтын, бітпейтін жыр болайық.





Пікір жазу