04.01.2022
  237


Автор: Жібек Ысқақова

Ғашықтар күнімен жаным! (қызға)

Өмірімнің гүлі сен, нұры да сен,
Көңілімнің айтылар жыры да сен.
Құтты болсын ғашықтардың күні бұл,
Жандүниемнің жарығы, нұры әсем.

Он бесінші сәуір келді нұр шашып,
Ғашықтарға көктемім гүлін ашып.
Нұрын шашқан көктемде сен күлімдеп,
Сүйіктім-ау жүрші тек көңлің тасып.

Құтты болсын ғашықтардың мерекесі,
Махаббатпен бір-біріне үн қататын.
Бар жақсыны арнаймын бір өзіңе,
Махаббатым, ғашығым жырлататын.





Пікір жазу