04.01.2022
9786
Туған күніңмен, жан-жарым!
Бүгін сенің туған күнің жан-жарым,
Жеке меншік мерекең келіп жеткен.
Құтты болсын туған күнің бүгінгі,
Көңіліңді тербелеп бақытты еткен.
Аппақ қыстың айында туылдың сен,
Мінезің мен жүрегің аппақ қандай.
Ортамызда көңілді шаттықты етер,
Асыл жарым, сүйгенім тілің балдай.
Бар жақсыны тілеймін мен өзіңе,
Асыл жарым, сүйгенім аман бол деп.
Бақыттымын расында, шыныменен,
Жүрсең жаным егерде сен күлімдеп.
туған күн туған күнге тілек жеке меншік мереке отағасы жарыма тілек отағасына тілек отағасына туған күнге тілек әйелге тілек Әйеліме тілек әйелге туған күнге тілек