04.01.2022
  3655


Автор: Жібек Ысқақова

Сүйген жарым, туған күніңмен!

Туған күнің сүйгенім, құтты болсын,
Жандүниең жайқалып, нұрға толсын.
Жеке меншік мерекең бақыт сыйлап,
Бар айналаң ән менен жырға толсын.

Алтын күзде күлімдеп есік аштың,
Ата-анаңды қуантып қадам бастың.
Ғұмырлы бол жан-жарым сүйгенім сол,
Жаратқаннан тек қана тілерім сол.

Көңіліңнің шаттығы ортаймасын,
Жастан жасқа тек аман жетіп жаным.
Әрбір күнің сәтті де, тәтті болсын,
Асулардан қиынсыз өтіп жаным.





Пікір жазу