meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.01.2022
  11099


Автор: Жібек Ысқақова

Отағасы, туған күніңмен!

Құтты болсын жеке меншік мерекең,
Отағасы, бір бөлшегі жанымның.
Арайлы да, шуақты боп ататын,
Қуанышы, шаттығы сен таңымның.

Есік аштың күнінде сен көктемнің,
Жасыл желек болғанда тау, бөктерің.
Салқын самал лебіменен есесің,
Күлім қағып қарап саған көкте күн.

Жастан жасқа отағасы жете бер,
Гүл бағыңда бұлбұл құсты сайратып.
Абыроймен асқақтай бер тек қана,
Бар әлемді көктемдейін жайнатып.





Пікір жазу