04.01.2022
  358


Автор: Жібек Ысқақова

14 ақпан, Әулие Валентин күнімен жаным (қызға)

Қос жүректі бір арнаға тоғыстырған,
Махаббаттың құдіреті білсең жаным.
Менде арман жоқ өзіңді жолықтырған,
Бақыттымын расымен білсең жаным.

Ғашықтардың күнімен құттықтаймын,
Махаббатым, иесі жүрегімнің.
Біздер үшін ерекше бүгінгі күн,
Сеземісің сүйіктім жүрек үнін.

Ойым да сен, барым да, жүрегім де,
Пәк сезімім шынайы, тілегім де.
Сені жақсы көремін сүйіктім сол,
Ұнайды маған көздерің, күлерің де...





Пікір жазу