04.01.2022
  251


Автор: МАХАББАТ ЖАРБОСИНА

* * *

Иа Раббым!


жүректен жоғалтқайсың шүбəмізді
Нұр иман бер жуайық күнəмізді.
Адасқанның жолына емес, Алла
Тура жолға сала көр мына бізді!

Ата діннен жүрсе егер түршігіп кім,
Арбауына түскені тіршіліктің.
Хидаят бер, Иа Рахим, жүректерге
Сезінейік рахатын құлшылықтың.

Таң сəріден еске алып Жаратқанын,
Дұға тілеп күтсе егер таң атқанын
Саған Алла береді несібесін
Сауапқа толтыр өмір парақтарын.

Рахманды ойлап қорыққан пікір мықты.
Иа Малик арылт бізден күпірлікті.
Əл Тəууəб қабыл етші тəубемізді,
Ұмытып кетсек алтын шүкірлікті.

Күнəлардан тазартып өзімізді,
Адал ет татып жүрген тұзымызды
Бес парызды орындау нəсіп болып,
Ахиретте жарық ет жүзімізді.





Пікір жазу