04.01.2022
  200


Автор: ДӘУЛЕТ ЖАДЫРАСЫН

Ақтарылу

Ана сенің балаң ойлы,
Ойсыздықты сүйетін.
Көңілі әппақ баладай-ды,
Қазір іші күйе кіл.
Алдырмайды теріске бой,
Қырсыққанда оң – шалғай.
Сенің ұлың періште ғой,
Перілігі дәл сондай.
Сендік ұлдың түйсігі бар,
Сүйсініп ал, анашым!
Жолы – түзу «қисығы» бар,
Жарасым, ә, қарашы?!
Сұрықсыздау түрім бүгін,
Сүйсінетін ұлың ем.
Жан-жүрегім жұлым-жұлым,
Пәк қалпымда туып ең.
Сері сынды сахнада,
Жерге түссе ел жерінген.
Сенің ұлың ақын, ана,
Адам болып көрінген.
Сәл құрметке ие бүгін,
Жыры болған соң ба, Ана?
Сені шексіз сүйеді ұлың,
Өзгермеген сол ғана...





Пікір жазу