04.01.2022
169
* * *
Бұлай кел деп айтып па едім, ұланым?!
Құдай... Мен, деп неге өзің құладың?
Жаным олай қиналмаған секілді,
Әрі қарай тыңдай алмай жыладым.
Құдай!
Менмін пендең сенің.
Кеш ұдай!
Жылай бердім... Жылай бердім осылай....
Білегімді жарып шыққан қан үшін,
Жүрегіңді жұлып берген, досым-ай!
Пенде күннің жалған екен барлығы,
Енді өмірдің екі еселік бар жүгі.
Мұң-сыр жатқан, тылсым жатқан естимін,
Дүрсіл қаққан жүрегіңді әр күні...