meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.01.2022
  215


Автор: Айнұр Төлеу

Көздің жасы

Уайым – у,
Ұрттаса ащы кім-кімге.
Ессіз әлем ес жияр ма, бір күнде?!
Мен сүйеніш бола салам несі бар,
Бірақ оны сен ешкімге білдірме!
Менен басқа сыйлай алсын кім үміт?
Қайғырмашы мұңсыздардан тығылып,
Өзіңді өзі жұбатасың байқамай,
Менің мөлдір көз жасымды сіміріп!





Пікір жазу