04.01.2022
  159


Автор: Айнұр Төлеу

Бөтендік

Уақыт қайдан бағаласын құнымды?
Кеміреді кетік етіп ғұмырды.
Жын біткендер жер бетінде ойнап жүр
Аспанша айтқан түсіне алмай тілімді!
Жынды қойшы, атамайық Періні,
Менің басқа, оның бөлек сенімі.
Бір таным мен бір кеңістік үстінде
Жабыспады-ау біздің ойдың желімі!
Келіп алып аспан жақтан қаңғырып,
Неге іздейміз жер үстінен Мәңгілік?
Қызығы көп мынау қызыл дүние –
Мәңгіліктен құлап түске саңғырық!





Пікір жазу