04.01.2022
124
Қалаға жауған қар
Қомсынып беймаза мекенді,
Қонады қалаға қар әрең.
Қызғанып қызбаған шекемді,
Тынысын тартады қала әрең!
Мен қазір ұйықтаған бақытты әйелге
Ақындық арқамды арқандай салар ем...
Көнер ме ең, сен соған
Тысы кең, іші тым тар әлем?
Түн еді...
Қала әрең мың шамын сөндірді...
Сөнбеген мыңдықтар тағы бар.
Терезе алдына телмірген
Мендей сан мұңлықтар табылар...
Бұл мұңлық жер беті Мәңгілік дей салған
Көрмеген кеңдікті сағынар!
Ей, қала,
Түнегі, шамы бар!
Сенің де сыздай ма жүрегің?
Дәл қазір Аспантек мейманды
Әлімше қарсы алып тұр едім...