04.01.2022
130
Түс
Қапалақтап құлап жатқан қар сынды,
Қауқарым да таусылды.
Сені көрдім түсімде,
От жанарың менікіндей жәудіреп,
Саусағыңмен сыла салдың тамшыңды.
Бу боп тысқа шығып жатты
Дем ыстық!
Ертегінің кейіпкері болуға
Екеуміз де келістік.
Қыс екенін сездіреді үнсіз-ақ,
Аспан жақтан алмағайып
Келіп қонған кеңістік.
Жаным, олай
көздеріңді жанарыңнан құлатпа!
Жауап берші мен қоймаған сұраққа.
Тайғанамай сол қос қара нүктеден,
Сұрақ қойшы мен өзіңнен күтпеген!
Түс екен ғой...
Оянған соң мені әсте,
Жұбатпады, тіпті өлең!