04.01.2022
  130


Автор: Айнұр Төлеу

Шексіздік

Жарасын жанның
Жамадым жасқап
Нәп-нәзік қана
Қылдан жіп!
Құрдасым шығар
Тұлпар – уақыттың
Тұяғындағы
Жарықтан жүйрік
Жылдамдық!
Шексіздік дейді
Мендік сағыныш,
Оны да жаным аңсасын!
Тани алдың ба,
Қара тасына
Күнбасты құдай
Қашалған елдің
Ханшасын?!
Дінсіз деймісің,
Мінсіз деймісің?
Ол жағын өзің парықта!
Жүрегім мәңгі
байланып қалған
Көк аспандағы алыпқа!





Пікір жазу