04.01.2022
  121


Автор: Айнұр Төлеу

Мизам шуақ

Сап-сары жапырақ
Сап-салқын Жалын ғой.
Өн бойын өрт шалып
Құлаған.
Көктемде бітпейтін биікке
талпынып,
Ал күзде тартылыс заңынан
Бір медет сұраған!
Сенсіз де өткіздім
жартысын жарықтың!
Момақан күндерге малданып,
Сұп-сұйық сөздерге алданып!
Енді кеп,
қайыңға қараймыз
елжіреп!
Өзіміз өртене алмадық!
Қапырық күй кешіп,
Қаламға қарманам.
Мизамның шуағы –
Мендегі сағыныш
Маздаған,
Сарғая алмаған!





Пікір жазу