04.01.2022
  135


Автор: Айнұр Төлеу

Әжім

Көңіліңе қонақтаған,
Ол қандай кірбің еді?
Көзіңде неге сенің,
Үнемі мұң жүреді?
Көк жүзін шырайнала,
Алдыңа құлайды ана,
Өзіңе тағзым жасап,
Дүниенің күн-жүрегі!
Анашым, қалайсың?
Тереңдеп кетті деп әжімім,
Айнаға көңілсіз қарайсың!
Мән берме сен оған,
Күлімде!
Әжім ол –өлең ғой,
Жазылған өмірдің тілінде!
Немерең жыр жаттап отырсын,
Осылай жеткізген әжімдер,
Өлеңді бүгінге!





Пікір жазу