04.01.2022
  121


Автор: Айнұр Төлеу

Ханшайым

Әрбір атқан таң сайын,
Неге сені аңсаймын?
Менен көрі,
Сені жақсы түсінетін секілді,
Жүрек деген
жүгінбейтін ханшайым!
Елжіреткем иесіз жатқан тасты да,
Жібітпей ме жүрегіңді жас мына?
Тағдырымның тәжін шешіп төседім,
Хандығыңның табанының астына!





Пікір жазу