04.01.2022
  197


Автор: Айнұр Төлеу

Анамен сырласу

Даладай кемелімсің,
Сырласым, сенерімсің!
Мен сенің бас иемін өрең үшін!
Қиналсам түсіме ендің,
Өзіңдей түсінер кім?
Желіде құлының боп кісінедім!
Үкілі бесігімде,
Үйреттің кешірімге,
Мен сенің бас иемін, Есіміңе!
Бақытты кешкен күнім,
Күнім боп төккен нұрын.
Сыйладың өмірдің сен,
Мөп-мөлдірін.
Жаулығың желбірейді,
Жүрегім елжірейді.
Балаңмын есейсем де,
Енді мейлі!
Тап-таза тілегің мен,
Айналдым жүрегіңнен.
Сен барда мен күдіксіз,
Күле білгем.





Пікір жазу