04.01.2022
  144


Автор: Айнұр Төлеу

Кірпігімнен тамды да

Кірпігімнен тамды да,
Құс жастыққа сіңді мұң.
Пәк сезімнің алдында
Кінәлайды кімді кім?
Бұрынғыдай телміре,
Сен күтпейсің жолымды.
Көздеріңмен елжіреп,
Бұлғамайсың қолыңды.
Шарайнадай шытынап,
Үзіктеніп тұрды үнің.
Бір өкініш күтіп ап,
Шығарып сап жүр бүгін.





Пікір жазу