04.01.2022
208
Бесік жыры
Құлыным, таймен әлі тебіспеген,
Өн бойымда бір шаттық өрістеген.
Шалықтап күлемісің, ақ бөбегім,
Тілдесіп жатырмысың, періштемен?
Періште-өлең,
Қауырсыны қар болып себелеген!
Қорғаштаған және де елемеген.
Қанат қақан аспанға солар сынды,
Мен күтемін бөбегім, сенен өлең!