04.01.2022
  147


Автор: Айнұр Төлеу

Адасу

Адасып қалдың ба тылсымның ішінде,
Тылсымның ішінде,
күрсініп жүрсің бе?
Мұң дейтін мехнат мекенді тастап,
Құшақтан құшаққа
құлшынып жүрсің бе?
Жаураған жаныңды,
жылытып алдың ба?
Сен сонда мені,
ұмытып қалдың ба?
Қолыңнан ұстаған қиялым кінәлі,
Ұятқа қалыппын,
үміттің алдында.
Екеуміз таңдаған көйлекті кимедім,
Айнаның алдында мен жалғыз биледім.
Мұң жайлы айтылған әуенге еліткен,
Бишіні сен бірақ сүймедің!
Мұң бұршақтаса кірпіктеріңнен,
Жалықпас едім-ау,
сүртіп беруден.
Өзіңді сүйген жүректі сен де,
Аяй көрмедің жыртып беруден...





Пікір жазу