04.01.2022
  242


Автор: Айнұр Төлеу

Әселге сыр

Сіңілім, қалың қалай?
Жүрмісің әкпеңді еш уайымдамай?
Жан төзгісіз мұңымды тұншықтырып,
Мен де жүрмін байқатпай жайымды оңай...
Ал, сенің қалың қалай?
Атанам деп ары бар,
Текті келін.
Мінезімді тым асау тепкіледім.
Жаулығымды бір сәтте суландырып,
Кірпік қақпай, күлкімен кептіремін.
Бақыттың жоғы қандай, бары қайсы?
Сен мені қазір көрсең, танымайсың?
Адамдаймын арманы аласарған,
Болмысына өзінің жаны қайшы!
Мендегі күй осындай...
Түріктің киносындай.
Сен ұйықтап жатырмысың?
Сырласып тұрайықшы жиі осылай?





Пікір жазу