meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.01.2022
  140


Автор: Айнұр Төлеу

Бағыт

Табылмады-ау,
Талайыңның бір мәні,
Сағынбады-ау, сені мендей сырғалы.
Қиындықсыз кешіремін өзіңді,
Қайта келмес шақтарымның құрбаны!
Қарап тұрып желкеніне кеменің,
Мен сол қызды ренжітіп ем демегін.
Ізсіз қалған жолдарыңды аяймын,
Бізсіз күткен бақытыңа сенемін.





Пікір жазу