03.01.2022
  720


Автор: Ғибратты әңгімелер

Анашым, қош келдіңіз!

Ардақты пайғамбарымыз  (с.ғ.с) еңбегі өткен кісілерге де құрмет көрсету керек екендігін айтады.


Риуаят бойынша пайғамбарымызға бір күні өзін емізген сүт анасы келеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оның астына өзінің шапанын төсеп:


– Анашым, қош келдіңіз! – деп шапанының үстіне отырғызады да:


– Бұйымтайыңызды айтыңыз, міндетті түрде орындалады. Сұраңыз, міндетті түрде беріледі, – дейді. Сүт анасы:


– Тұтқынға түскен руластарымды сұраймын, – дейді. Алла Елшісі оған:


– Менің және Хашим әулетінің үлесіне түскендері Сіздікі болсын, – деді. Сол кезде басқалары да:


– Уа, Алланың Елшісі, біздің үлесімізге түскендері де сол кісінікі болсын, – деп жан-жақтан жамырасады.



Сосын Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған бір қызметші береді және Хунайн соғысында үлесіне тиген олжасын тарту етіп, сыяпат көрсетті. Кейіннен осы берілген үлес Осман (р.а.) тарапынан жүз мың дирхамға сатып алынды.


Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ





Пікір жазу