03.01.2022
  313


Автор: Тұрдақын Жексенбай

Инелік пен тиін

Орманды мекендейтін жирен Тиін ағаштағы ұясының алдында отырған.


Оның қасына бадырақ көз, инедей жіңішке бір Инелік ұшып келді.


Ол қанатын дірілдете тұра қалып:


— Тиін, тиін, сен не істеп отырсың? — деді.


— Көрмейсің бе, достым, мыналарды кептіріп отырмын, — деп, Тиін күнге жайып қойған саңырауқұлақтарын көрсетті.


— Оны қайтесің? — деді Инелік.


— Қыста жеймін. Бұл деген менің қыстық азығым болады. Өзің де қысқа азық жинайтын шығарсың? — деді Тиін.


— Жоқ, мен өйтпеймін.


— Жазда ғой, шыбын-шіркей, масаны жейсің. Ал сонда қыста не жейсің?


— Қыста мен ештеңе жемеймін. Бір қуысқа кіріп алып, қыбыр етпей ұйықтаймын.


— Ой, неткен ұйқышылсың өзің!?


— И-ә, достым, біз деген солаймыз, — деп Инелік әрі қарай ұшып кетті.


Тиін саңырауқұлақтарын қоймасына таси бастады.





Пікір жазу